Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған Успен ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Успен ауданының әкімі | Н. Дычко |
Успен ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қарашасы № 289/11 қаулысына қосымша |
2021 жылға арналған Успен ауданының ұйымдарында
бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарының квотасы
Р/с | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам | Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан), % | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны, бірлік |
1 | "Галицкое Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 188 | 1 | 2 |
2 | Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Успен аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 187 | 1 | 2 |
3 | "Галицкое" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 234 | 1 | 2 |