Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 4/564 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 желтоқсанда № 1669 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Б. Әзірбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

  Алматы қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 9
желтоқсандағы
№ 4/564
қаулысына қосымша

Алматы қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылғанқаулыларының тізбесі

      1) Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/636 "Алматы қаласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1238 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысы;

      2) Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 2/285 "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы №4/636 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1301 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 шілдеде "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысы;

      3) Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 1/34 "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы №4/636 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1346 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 наурызда "Вечерний Алматы" және 2017 жылғы 1 сәуірде "Алматы ақшамы" газеттерінде жарияланған) қаулысы;

      4) Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 2/286 "Алматы қаласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1300 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 шілдеде "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады