Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі Смирново ауылының Киров көшесінің атауын Алексей Щербаков көшесіне қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық әкімінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 19 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 мамырда № 6302 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Смирново ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2019 жылғы 22 қазандағы Солтүстік Қазақстан облысы ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылының Киров көшесінің атауы Алексей Щербаков көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы
Смирново ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушысы
А.Хамзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады