Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының Достық көшесінің атауын Бәйкен Әшімов көшесіне қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Володар ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 96 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 шілдеде № 6463 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Саумалкөл ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы ономастикалық комиссияның 2018 жылғы 28 тамыздағы қорытындысы негізінде, Володар ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының Достық көшесі Бәйкен Әшімов көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Е. Касымгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады