Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 шілдеде № 6437 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Шал ақын ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 20-34/179 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Астаған ауылында орналасқан "Ертаева" шаруа қожалығының аумағында жылқылар арасында ринопневмания ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Семипол ауылдық округінің
әкімі
Р. Есқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады