Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 361 "Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғаныстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына санаторий-курорттық емделуге жеңілдік беру туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 168 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 қыркүйекте № 4716 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 361 "Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғаныстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына санаторий-курорттық емделуге жеңілдік беру туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2598 болып тіркелген, 2011 жылғы 24 желтоқсанда "Атырау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Т. Әжіғалиеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі М. Досмухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады