Жылыой ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 253 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 қыркүйекте № 4730 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 180 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 15.07.2022 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 529 бабының 6 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 болып тіркелген), "Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13326 болып тіркелген) сәйкес, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жылыой ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері (К айм) бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Ж. Рашевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Жылыой ауданының әкімі Х. Жамалов

  Жылыой ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қыркүйегі № 253 қаулысына қосымша

Жылыой ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері (К айм)

№ р/с

Салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймақ коэффициенті

1

Шоқпартоғай ауылы

1,8

2

Тұрғызба ауылы

1,7

3

Құлсары қаласы – 2, 3, 5 аумақ, Достық ықшам ауданы, Мерей

2,1

4

Құлсары қаласы – Орталық ықшам ауданы, 7 аумақ, Мешіт ықшам ауданы, ПНГС

2,2

5

Құлсары қаласы – 1, 6, 8 аумақтар, Вокзал маңы ықшам ауданы, Әуежай ықшам ауданы, 2, 3, 4, 5 ықшам ауданы, Төлес ықшам ауданы, СМП-615 ықшам ауданы, Мұрагер ықшам ауданы, 2 ескі ықшам ауданы

2,1

6

Ақкиізтоғай ауылы,
Майкөмген ауылы

1,6

7

Қосшағыл ауылы

1,7

8

Өндірістік аймақ

1,95

9

Өндірістік аймақ

1,95

10

Өндірістік аймақ

1,95

11

Өндірістік аймақ

1,95

12

Өндірістік аймақ

1,95

13

Жаңа Қаратон кенті

2,1

14

Құлсары қаласы – 4, 8, 9 аумақ, СМП-224, Береке ықшам ауданы, Автодорожников ықшам ауданы, 1 ықшам ауданы

2,4

15

Құлсары қаласы – 5 аумақ, Кең Жылыой ықшам ауданы, Жадырасын, Болашақ ықшам ауданы, Геологоразведчиков ықшам ауданы

2,2

16

Теңіз кенті

2,35


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады