Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық бірлігін қайта атау туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 170 бірлескен қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 49/524-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментіне 2020 жылғы 25 тамызда № 5758 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 10 тамыздағы қорытындысы негізінде Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Түркістан облысы Арыс қаласы Монтайтас ауылдық округінің Қожатоғай елді мекені –Атамекен елді мекені болып қайта аталсын.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулы мен шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.А. Қалқамановқа жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі У. Шукеев
      Түркістан облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы М. Мейрманов
      Түркістан облыстық
      мәслихатының хатшысы К. Балабиев
      Қ.Қ. Айтмұхаметов
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Ж.Е. Аманбаев
      С.А. Қалқаманов
      М.И. Мырзалиев
      Ұ.Қ. Тәжібаев
      А.А. Абдуллаев
      А.Б. Тасыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады