Түркістан қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 285 "Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс квоталар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 23 қазандағы № 1479 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 30 қазанда № 5867 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27 бабының 1 тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 285 "Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс квоталар белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5445 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 04 наурызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы";

      Көрсетілген қаулының 1, 2, 3 қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Түркістан қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет Департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Түркістан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Мусаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Р. Аюпов

  Түркістан қаласы әкімдігінің
2020 жылғы
" " қыркүйектегі № қаулысы
№ 1 қосымша
  Түркістан қаласы әкімдігінің
2020 жылғы "20" ақпандағы
№ 285 қаулысына
№ 1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрғандар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Түркістан-су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

174

1

2

2

"Ныш-Ер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

123

1

1

3

"Нұр-Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

238

1

2

4

"Түркістан жарық-тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

164

1

2

5

"Ақ-жол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600

1

6

Барлығы:

1299


13

 
  Түркістан қаласы әкімдігінің
2020 жылғы
" " қыркүйектегі № қаулысы
№ 2 қосымша
  Түркістан қаласы әкімдігінің
2020 жылғы "20" ақпандағы
№ 285 қаулысына
№ 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері ( ℅ жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Ақжол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600

1

6

2

"Түркістан-су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

174

1

2

3

"Нұр-Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

238

1

2

4

"Түркістан жарық-тазалық"жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

164

1

2

Барлығы:

1176


12

 
  Түркістан қаласы әкімдігінің
2020 жылғы
" " қыркүйектегі № қаулысы
№ 2 қосымша
  Түркістан қаласы әкімдігінің
2020 жылғы "20" ақпандағы
№ 285 қаулысына
№ 2 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (℅ жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1

Түркістан қаласы әкімдігінің Адами капиталды дамыту бөлімінің "Ататүрік атындағы № 17 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

232

1

2

2

Түркістан қаласы әкімдігінің Адами капиталды дамыту бөлімінің "Н. Некрасов атындағы № 9 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

285

1

3

3

Түркістан қаласы әкімдігінің Адами капиталды дамыту бөлімінің "М.Жұмабаев атындағы № 15 мектеп-гимназия"коммуналдық мемлекеттік мекемесі

217

1

2

Барлығы

734


7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады