ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 тіркелген) Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылға Түркістан қаласындағы салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Түркістан қаласы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Түркістан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Базарқұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Р. Аюпов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түркістан қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
ММ-нің басшысы Н.Төлендиев
Түркістан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы "30" қарашадағы № 1855 "2021 жылға Түркістан қаласындағы салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы" қаулысына қосымша |
Түркістан қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/61-V шешімімен бекітілген "Түркістан қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасына" сәйкес 2021 жылға Түркістан қаласындағы салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
№ | Елді мекен | Аймақ | Аймаққа бөлу коэффиценті |
1 | Түркістан қаласы | 1-аймақ | 2,30 |
2 | 2-аймақ | 1,90 | |
3 | 3-аймақ | 1,75 | |
4 | 4-аймақ | 1,75 | |
5 | 5-аймақ | 1,75 | |
6 | 6-аймақ | 1,75 |