Төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкімінің 2020 жылғы 2 мамырдағы № 7 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 мамырда № 5589 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкімінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 229 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкімінің 04.04.2022 № 229 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссия отырысының 2020 жылғы 01 мамыр № 3 хаттамасына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Мақтаарал ауданы Мырзакент кенті, Жаңажол ауылдық округі Жеңіс, Нұрлыжол, Фирдоуси, Өргебас, Достық, Ақжол, Арайлы елді мекендерінде, Еңбекші ауылдық округі Жаңатұрмыс, Т.Жайлыбаев, Нұрлытаң, Шұғыла, Жантақсай елді мекендерінде жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкімінің 14.05.2020 № 8 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Т.Төребеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкімінің 14.05.2020 № 8 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. "Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Асанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады