Төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 05 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 мамырда № 5620 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № 09 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімінің 18.11.2020 № 09 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссия отырысының 2020 жылғы 14 мамырдағы № 5 хаттамасына сәйкес, Төлеби ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Төлеби ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Л.Серикбаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. "Төлеби ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төлеби ауданының әкім Б. Омарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады