"Түлкібас ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Түлкібас ауданы әкімінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің 2020 жылғы 30 маусымдағы № 10 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 1 шілдеде № 5677 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2-тармағына сәйкес Түлкібас ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түлкібас ауданы әкімінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 4 "Түлкібас ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 тіркелген, 2020 жылы 27 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      шешімінің қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түлкібас ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Байғұт

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Түлкібас аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

       ____________________К.Ахметов

      "____" ___________ 2020 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады