2021 жылға Түлкібас ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 185 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 тамызда № 5766 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 529-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 тіркелген), Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға Түлкібас ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 778 "Түлкібас ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4824 тіркелген, 2018 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Түлкібас ауданы әкімінің экономикалық мәселелер бойынша орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Байғұт

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түлкібас ауданы бойынша

      мемлекеттік кірістер басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________А.Абдуалиев

      " "____________ 2020 жыл

  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 28 тамыздағы
№ 185 қаулысына қосымша

Түлкібас ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті

Елді мекеннің атауы

Аймаққа бөлу коэффициенті

1

Т.Рысқұлов ауылы

2

2

Қараағашты ауылы

1,88

3

Бақыбек ауылы

1,88

4

Састөбе кенті

1,99

5

Қызылту ауылы

1,75

6

Ынтымақ ауылы

1,75

7

Түлкібас кенті

1,99

8

Көктерек ауылы

1,75

9

Иірсу ауылы

1,45

10

Ақбура ауылы

1,45

11

Ақбиік ауылы

1,95

12

Құлан ауылы

1,89

13

Сартүр ауылы

1,80

14

Шақбақ баба ауылы

1,93

15

Разъезд 114

1,50

16

Машат ауылы

1,85

17

Жаңақоғам ауылы

1,75

18

Қызылбастау ауылы

1,55

19

Еңбек ауылы

1,65

20

Еңбекші ауылы

1,65

21

Кершетас ауылы

1,85

22

Келтемашат ауылы

1,85

23

Ақсай ауылы

1,45

24

Даубаба ауылы

1,60

25

Коғалы ауылы

1,50

26

Жиынбай ауылы

1,65

27

Сеславино ауылы

1,65

28

Керейт ауылы

1,85

29

Мақталы ауылы

1,85

30

Қайыршақты ауылы

1,20

31

Балықты ауылы

1,95

32

Ұрбұлақ ауылы

1,85

33

Көкбұлақ ауылы

1,85

34

Абай ауылы

1,85

35

Шарафкент ауылы

1,85

36

Жаскешу ауылы

1,95

37

Пістелі ауылы

1,45

38

Жанұзақ ауылы

1,60

39

Рысқұл ауылы

1,85

40

Тастұмсық ауылы

1,87

41

Амангелді ауылы

1,83

42

Қабанбай ауылы

1,83

43

Жыланды ауылы

1,76

44

Қарабастау ауылы

1,60

45

Азаттық ауылы

1,99

46

Жаңаталап ауылы

1,80

47

Шұқырбұлақ ауылы

1,85

48

Тастыбұлақ ауылы

1,78

49

Майтөбе ауылы

1,90

50

Қожамберді ауылы

1,85

51

Таусағыз ауылы

1,85

52

Көксағыз ауылы

1,86

53

Кемербастау ауылы

1,87

54

Күмісбастау ауылы

1,79

55

Майлыкент ауылы

1,60

56

Разъезд 117

1,40

57

Алғабас ауылы

1,85

58

М.Жарымбетов ауылы

1,85

59

Елтай ауылы

1,87

60

Жабағылы ауылы

1,86

61

Разъезд 115

1,35

62

Абайыл ауылы

1,72


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады