Келтемашат ауылдық округі, Сеславино ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің Келтемашат ауылдық округ әкімінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 8 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 мамырда № 5616 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің Келтемашат ауылдық округ әкімінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің Келтемашат ауылдық округ әкімінің 10.08.2020 № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құтыру ауруы шығуына байланысты Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылдық округінде орналасқан Сеславино ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Келтемашат ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Түлкібас ауданы әкімдігінің
      Келтемашат ауылдық округ әкімі С. Камбарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады