Шардара ауданы бойынша елді мекендердің шегін өзгерту туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 68 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 54-343-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 наурызда № 5480 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5 тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шардара ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, елді мекендердің шекаралары өзгертілсін:

      1) 12,29 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі Ақберді елді мекенінің жалпы ауданы 31,37 гектар;

      2) 7,31 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі Бозай елді мекенінің жалпы ауданы 27,09 гектар;

      3) 73,76 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі Қуанқұдық елді мекенінің жалпы ауданы 105,15 гектар;

      4) 17,67 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жаушықұм ауылдық округі Бағыскөл елді мекенінің жалпы ауданы 17,67 гектар;

      5) 39,60 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі Шардара елді мекенінің жалпы ауданы 560,27 гектар;

      2. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы мен шешімді Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Шардара ауданы әкімінің орынбасары А.Таженовке жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 4-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 17.02.2021 № 2-13-VII бірлескен шешiмiмен және Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 23.02.2021 № 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Аудан әкімі К. Жолдыбай
      Сессия төрағасы З. Талбидин
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Муталиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады