Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 90 "Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiптік кешені саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 82 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 наурызда № 6773 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 90 "Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiптік кешені саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4531 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде және 2016 жылғы 20 мамырда "Дидар", 2016 жылғы 19 мамырда "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларында:

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) инновациялық жобаны іске асыруға зияткерлік меншік құқығын растайтын құжат;";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Қаражаттар шартта көзделген мақсаттық бағытына сәйкес қатаң пайдаланылады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын инновациялық зертханалық жабдықты сатып алуды қоспағанда, негізгі құралдарды, ауылшаруашылық жануарларын, генетикалық материалды, басқа да шығыс материалдарын және өндірістік шығындарды (жанар-жағармай материалдарын, тұқымдық материалды, қосалқы бөлшектерді, басқаларды) сатып алуға, ғимараттар мен құрылыстарды ұстауға байланысты шығындар іс-шараларды іске асыруға қатысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өз қаражаттары есебінен жабылады.".

      2. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарда ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады