ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (ары қарай - Салық кодексі) кодексінің 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 қарашадағы №49/3-VI "Риддер қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7904 нөмірімен тіркелген) сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алынып тасталды-Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 31.08.2022 № 17/2-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Риддер қаласының елді мекендердің жеріне арналған базалық мөлшерлемесі Салық кодексінің 505-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:
1) Риддер қаласының жеріне арналған:
1 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;
2 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;
3 аймақ бойынша – 30 % арттырылсын;
4 аймақ бойынша – 35 % арттырылсын;
5 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;
6 аймақ бойынша – 20 % арттырылсын;
7 және 8 аймақтар бойынша - жер салығының базалық мөлшерлемесі түзетуді қолданбай қалдырылсын;
2) Риддер қаласының Үлбі кентінің, Ульбастрой ауылының, Лениногорский лесхоз ауылының жерлеріне:
1 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;
2 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;
3 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;
4 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;
3) Риддер қаласы Поперечное ауылының жеріне:
1 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;
4) Риддер қаласы Пригородное ауылының жеріне:
1 аймақ бойынша – 20 % арттырылсын;
5) Риддер қаласы Лесное ауылының жеріне:
1 аймақ бойынша – 40 % арттырылсын.
Риддер қаласының Бутаково ауылының, Верхняя Хариузовка ауылының, Коноваловка ауылының, Ливино ауылының жеріне арналған жер салығының базалық мөлшерлемесі түзетуді қолданбай қалдырылсын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда-Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 31.08.2022 № 17/2-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Риддер қаласының әкімшілік бағынысының шекарасындағы елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жеріне арналған Салық кодексінің 506-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:
1) Риддер қаласының жеріне арналған:
3 аймақ бойынша – 20 % арттырылсын;
6 аймақ бойынша – 20 % арттырылсын.
4. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Стребков |
Қалалық мәслихат хатшысы | И. Панченко |
2020 жылғы 30 қарашасы № 49/5-VI шешіміне қосымша |
Риддер қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/6-IV "Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-4-106 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған).
2. Риддер қалалық мәслихатының "Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/6-VI "Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 14 шілдедегі № 36/9-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4087 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 18 қыркүйектегі "Лениногорская правда" газетінде жарияланған).
3. Риддер қалалық мәслихатының "Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/6-VI "Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 12 наурыздағы № 19/15-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5559 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 29 наурыздағы "Лениногорская правда" газетінде жарияланған).