ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бесқарағай ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулыға қосымша бойынша бекітілсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Б. Ж. Баталовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2020 жылғы "___"_________
Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазаны № 281 қаулысына қосымша |
Бесқарағай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффиценті |
1 | Бесқарағай ауылы | 1,88 |
2 | Глуховка ауылы | 1,5 |
3 | Белокаменка ауылы | 1,25 |
4 | Бірлік ауылы | 1,15 |
5 | Стеклянка ауылы | 1,15 |
6 | Старая крепость ауылы | 1,25 |
7 | Жыланды ауылы | 1,25 |
8 | Беген ауылы | 1,5 |
9 | Беген орман шаруашылығы ауылы | 1,25 |
10 | Баскөл ауылы | 1,35 |
11 | Бөкебай ауылы | 1,45 |
12 | Қарағайлы ауылы | 1,53 |
13 | Ерназар ауылы | 1,5 |
14 | Қоянбай ауылы | 1,47 |
15 | Мороз орман шаруашылығы ауылы | 1,1 |
16 | Малая-Владимировка ауылы | 1,72 |
17 | Бозтал ауылы | 1,43 |
18 | Қарабас ауылы | 1,65 |
19 | Лесной ауылы | 1,2 |
20 | Өндріс ауылы | 1,5 |
21 | Кривинка ауылы | 1,33 |
22 | Жетіжар ауылы | 1,35 |
23 | Долон ауылы | 1,6 |
24 | Мостик ауылы | 1,55 |
25 | Бөдене ауылы | 1,55 |
26 | Черемушка ауылы | 1,0 |
27 | Канонерка ауылы | 1,73 |
28 | Қара-Мырза ауылы | 1,45 |