"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 7571 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69–бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35–бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Жетіжар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Жетіжар ауылдық округінің Кривинка ауылында телефон каналдарын пайдалану үшін көлемі 0,0041 га жер учаскелерін алып қоймай, 10 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін, есептік кварталы 05-240-020.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберу;

      3) осы шешімді Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін:

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жетіжар ауылдық округі әкімі Т. Байзаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады