Бородулиха ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 387 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 желтоқсанда № 7913 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 22.02.2023 № 57 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 22.02.2023 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8 - бабының 3 - тармағына, 27 - бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда ережесінің 102 - тармағына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар белгіленсін.

      2. "Бородулиха ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми түрде жариялауға жіберілуін;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бородулиха ауданы әкімі К. Бичуинов

  Әкімдігінің
2020 жылғы 30 қарашасы
№ 387 қаулысына қосымша

Бородулиха ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындардың тізбесі.

    №

Әкімшілік-аумақтық бірлік атауы

Орналасқан жері

1

Бородулиха ауылдық округі

Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі № 94 "Аян" кафесі мен автобус бекетінің арасындағы алаң.

2

Андреевка ауылдық округі

Михайличенково ауылы, Абай Құнанбаев көшесі № 34 "Удача" дүкенінің жанында.

3

Белағаш ауылдық округі

Белағаш ауылы, Орталық көшесі № 78 "Болашақ" дүкенінің жанында; Зенковка ауылы, Дружба көшесі № 3/1 "Тұлпар" дүкенінің жанында.

4

Бақы ауылдық округі

Коростели ауылы Бакинская көшесі № 13; Ауыл станциясы, 1 Май көшесі № 56.

5

Дмитриевка ауылдық округі

Дмитриевка ауылы, Кирова көшесі № 23 "Максим" дүкенінің жанында.

6

Зубаир ауылдық округі

Зубаир ауылы, Ақжол көшесі № 32.

7

Жерновка ауылдық округі

Жерновка ауылы, Кирова көшесі № 3.

8

Жезкент кенті

Жезкент кенті, Молодежная көшесі № 1/1 базардың жанында.

9

Красный Яр ауылдық округі

Красный Яр ауылы, Ленин көшесі № 33-35 арасы; Уба-Форпост ауылы, Ленин көшесі № 26.

10

Құнарлы ауылдық округі

Песчанка ауылы, Достық көшесі № 5 "Елена" дүкенінің жанында; Жарбұлақ ауылы, Мостовая көшесі 3/1 "Көктем" дүкенінің жанында.

11

Новопокровка ауылдық округі

Новопокровка ауылы, Тәуелсіздік көшесі № 58 "Батима" кафесінің жанында.

12

Новошульба ауылдық округі

Новошульба ауылы, Гагарина көшесі № 121 "Мираж" ғимаратының алдында.

13

Новодворовка ауылдық округі

Ивановка ауылы, Молодежная көшесі № 60 "Угловой" дүкенінің жанында.

14

Подборный ауылдық округі

Камышенка ауылы, Мира көшесі № 40.

15

Переменовка ауылдық округі

Переменовка ауылы, Болашақ көшесі № 55 б "Айназ-2" дүкенінің жанында; Андроновка ауылы, Ивановская көшесі № 21/1; Орловка ауылы, Победа көшесі № 4 "Ольга" дүкенінің жанында.

16

Петропавловка ауылдық округі

Петропавловка ауылы, Агиманова көшесі № 100 және 102.

17

Степной ауылдық округі

Шелехова ауылы, Школьная көшесі № 40.

18

Таврия ауылдық округі

Буркотово ауылы, Школьная көшесі № 1 "Венера" дүкенінің жанында; Сахновка ауылы, Молодежная көшесі № 16 "Александра" дүкенінің жанында.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады