Зайсан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 48-1 "2020-2022 жылдарға арналған Зайсан ауданының бюджеті туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 51-2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 наурызда № 6744 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 67-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 67-1 шешімімен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 106, 109-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зайсан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 48-1 "2020-2022 жылдарға арналған Зайсан ауданының бюджеті туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6486 нөмірімен тіркелген және 2020 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандарға бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

      Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін жергілікті өкілді органмен келісу бойынша жергілікті атқарушы орган айқындайды.".

      2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Тлеужанов
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Ыдырышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады