Үржар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 53-665/VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 шілдеде № 7362 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ :

      1. Үржар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп қосымшаға сәйкес танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, қосымшаның 3 тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Каирбаев
      Үржар аудандық мәслихатының хатшысы К. Карашев

  Үржар аудандық мәслихатының
2020 жылғы 24 маусымы
№ 53-655/VI шешіміне қосымша

Үржар аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1. 2016 жылғы 4 наурыздағы № 41-498/V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4457 нөмірімен тіркелген, 2016 жылдың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде 2016 жылдың 7 сәуірінде жарияланған), соның ішінде:

      1) 2019 жылғы 11 қазанындағы № 45-501/V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6224 нөмірімен тіркелген, 2019 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде 2019 жылдың 31 қазанында жарияланған);

      2. 2017 жылғы 24 наурыздағы № 11-115/VI "Үржар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4981 нөмірімен тіркелген, 2017 жылдың 5 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде 2017 жылдың 4 мамырында жарияланған);

      3. 2018 жылғы 19 маусымдағы № 28-287/VI "Үржар ауданында тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-18-159 нөмірімен тіркелген, 2018 жылдың 5 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде 2018 жылдың 12 шілдесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады