Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 24.06.2020 № 53-655/VI шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 546 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үржар ауданында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін, айына:
1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматына - 4 айлық есептік көрсеткіш;
2) біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматына - 6 айлық есептік көрсеткіш;
3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерге - 2 айлық есептік көрсеткіш;
4) ойын жолы үшін - 22 айлық есептік көрсеткіш;
5) карт үшін - 8 айлық есептік көрсеткіш;
6) бильярд үстеліне - 7 айлық есептік көрсеткіш;
7) арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пунктіне - 10 айлық есептік көрсеткіш.
2. Үржар аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 02 тамызындағы № 21-229-IV "Бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-18-102 нөмірімен тіркелген, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінің 2010 жылдың 11 қыркүйегінде жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Тышанбеков |
Үржар аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | К. Карашев |