2021 жылға арналған Шемонаиха ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 280 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қарашада № 7900 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 17847 болып тіркелген) сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға арналған Шемонаиха ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі Г. Акулов
      Келісілді:
"Шемонаиха ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
"_____" _____________ 2020 жыл
Т. Колмыкпаев

  2020 жылғы 27 қарашасы
№ 280 қаулысына
қосымша

2021 жылға арналған Шемонаиха ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

   №  

Елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймаққа бөлу коэффициенті

1

Шемонаиха қаласының орталығы

2,2

2

Шемонаиха қаласының теміржолшылар шағын ауданы

1,9

3

Шемонаиха қаласының "Геологиялық-барлау партиясы" шағын ауданы

1,65

4

Шемонаиха қаласының шағын ауданы

2,2

5

Набережный, Мичурин, Астафьев, Казахстанский, Капорин, Повстанческий көшелерінің, Речной тұйық көшесінің су басу аймағындағы учаскелері

2,0

6

Усть-Таловка кенті

1,9

7

Половинка ауылы

1,45

8

Березовка ауылы

1,55

9

Заречное ауылы

1,2

10

Первомайский кенті

1,5

11

Барашки ауылы

1,25

12

Ново-Ильинка ауылы

1,45

13

Камышинка ауылы

1,75

14

Горкуново ауылы

1,4

15

Кенюхово ауылы

1,4

16

Пруггерово ауылы

1,85

17

Сугатовка ауылы

1,85

18

Рассыпное ауылы

1,85

19

Коневка ауылы

1,6

20

Михайловка ауылы

0,95

21

Рулиха ауылы

1,85

22

Рулиха станциясы

0,9

23

Волчанка ауылы

1,65

24

Волчанка ауылдық округінің Березовка ауылы

1,4

25

Кандыковка ауылы

1,2

26

Крюковка ауылы

1,3

27

Большая речка ауылы

1,3

28

Октябрьское ауылы

1,95

29

Луговое ауылы

1,55

30

Красная Шемонаиха ауылы

1,85

31

Белый Камень ауылы

1,5

32

Медведка ауылы

1,65

33

Выдриха ауылы

1,75

34

Межовка ауылы

1,35

35

Верх-Уба ауылы

1,45

36

Зевакино ауылы

1,55

37

Новая Убинка ауылы

1,25

38

Убинка ауылы

1,05


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады