Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 45 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 33-15 "Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округінің Макар елді мекенін және Саралжын ауылдық округінің Бескөл елді мекенін тарату туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 290 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 40-7 бірлескен қаулысы мен шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 желтоқсанда № 6530 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 45 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 33-15 "Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округінің Макар елді мекенін және Саралжын ауылдық округінің Бескөл елді мекенін тарату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6096 тіркелген, 2020 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бірлескен қаулысы мен шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округінің Қарасай елді мекенін және Саралжын ауылдық округінің Бескөл елді мекенін тарату туралы";

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округінің Қарасай елді мекенін және Саралжын ауылдық округінің Бескөл елді мекені таратылсын.".

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Искалиев
      Мәслихат хатшысы М. Құлшар
      Мәслихат хатшысы М. Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады