Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бөрлі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 мамырдағы №14 "Бөрлі ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5215 тіркелген, 2018 жылы 11 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе бөлігі (кіріспе) келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бөрлі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік - құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Муканова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Сатканов |
Бөрлі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 150 қаулысына қосымша |
Бөрлі ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймақ коэффициенті |
Бөрлі ауданы | ||
Ақсай қаласы | ||
1. | Ақсай қаласы | 2,45 |
2. | Қызылтал ауылы | 2,21 |
3. | Аралтал ауылы | 2,21 |
Ақбұлақ ауылдық округі | ||
4. | Ақбұлақ ауылы | 1,87 |
Ақсу ауылдық округі | ||
5. | Ақсу ауылы | 1,92 |
6. | Жаңақоныс ауылы | 1,55 |
Достық ауылдық округі | ||
7. | Достық ауылы | 1,92 |
Бөрлі ауылдық округі | ||
8. | Бөрлі ауылы | 2,15 |
9. | Масайтөбе ауылы | 1,4 |
Бумакөл ауылдық округі | ||
10. | Бумакөл ауылы | 1,97 |
11. | Облавка ауылы | 1,55 |
12. | Утвинка ауылы | 1,55 |
Кеңтүбек ауылдық округі | ||
13. | Кеңтүбек ауылы | 2,05 |
14. | Бақтыарал ауылы | 1,4 |
Жарсуат ауылдық округі | ||
15. | Жарсуат ауылы | 2,15 |
16. | Димитрово ауылы | 1,55 |
17. | Қарашығанақ ауылы | 1,55 |
Қарағанды ауылдық округі | ||
18. | Қарағанды ауылы | 1,87 |
Қанай ауылдық округі | ||
19. | Қанай ауылы | 1,92 |
20. | Даниялкөл ауылы | 1,4 |
Приурал ауылдық округі | ||
21. | Приуральное ауылы | 1,92 |
Пугачев ауылдық округі | ||
22. | Пугачево ауылы | 1,97 |
23. | Бесағаш ауылы | 1,55 |
24. | Сұлусай разъезді | 1,4 |
Қаракұдық ауылдық округі | ||
25. | Қаракұдық ауылы | 1,87 |
Успен ауылдық округі | ||
26. | Успен ауылы | 1,87 |
27. | Жаңаталап ауылы | 1,92 |
28. | Қаракемір ауылы | 1,4 |