Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнін қосымшасына сәйкес, Жаңақала ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай ұлғайтылсын.
2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекен Жаңақала ауылы болып айқындалсын.
3. Жаңақала аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С.Успанова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Саматов |
Мәслихат хатшысы | З. Сисенғали |
Жаңақала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 шілде № 50-2 шешіміне қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайтылуы
№ р/с | Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары | Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген ауылдағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері, теңге | Базалық мөлшерінің ұлғайтылуы |
1. | Автотұрақтардың (паркингтердің) ашық түрдегі | 1 санаты | 0,48 | он есе |
2. | Автотұрақтардың (паркингтердің) жабық түрдегі | 2 санаты | 0,48 | он есе |