Жәнібек ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 73 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 маусымда № 6274 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 28.01.2021 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жәнібек ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 маусымдағы №108 "Жәнібек ауданы бойынша 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5699 тіркелген, 2019 жылы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Молдағалиевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Сафималиев

  Жәнібек ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 3 маусымдағы № 73
қаулысына 1 - қосымша

Жәнібек ауданы бойынша 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны

1

"Жәнібек аудандық демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

111

1

1

2

"Символ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

80

1

1

  Жәнібек ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 3 маусымдағы № 73
қаулысына 2 - қосымша

Жәнібек ауданы бойынша 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны

1

"Символ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

80

1

1

2

"Жәнібек аудандық демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

111

1

1

  Жәнібек ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 3 маусымдағы № 73
қаулысына 3 - қосымша

Жәнібек ауданы бойынша 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны

1

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Е.Ниеткалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

74

2

1


Об установлении квоты рабочих мест по Жанибекскому району на 2020 год

Постановление акимата Жанибекского района Западно-Казахстанской области от 3 июня 2020 года № 73. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 10 июня 2020 года № 6274. Утратило силу постановлением акимата Жанибекского района Западно-Казахстанской области от 28 января 2021 года № 9

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Жанибекского района Западно-Казахстанской области от 28.01.2021 № 9 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Уголовно-исполнительным кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898), акимат Жанибекского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для организаций, независимо от организационно - правовой формы и формы собственности от списочной численности работников организаций по Жанибекскому району на 2020 год в следующих размерах:

      для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации в размере одного процента, согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в размере одного процента, согласно приложению 2 к настоящему постановлению;

      для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в размере двух процентов, согласно приложению 3 к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Жанибекского района от 3 июня 2019 года №108 "Об установлении квоты рабочих мест по Жанибекскому району на 2019 год" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5699, опубликованное 13 июня 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Руководителю аппарата акима Жанибекского района обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района А.Мулдагалиева.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района А. Сафималиев

  Приложение 1
к постановлению акимата
Жанибекского района
от 3 июня 2020 года № 73

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Жанибекскому району на 2020 год

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты

Количество рабочих мест согласно установленной квоте

1

Государственное коммунальное казенное предприятие "Жанибекский районный центр досуга"

111

1

1

2

Товарищество с ограниченной ответственностью "Символ"

80

1

1

  Приложение 2
к постановлению акимата
Жанибекского района
от 3 июня 2020 года № 73

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Жанибекскому району на 2020 год

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты

Количество рабочих мест согласно установленной квоте

1

Товарищество с ограниченной ответственностью "Символ"

80

1

1

2

Государственное коммунальное казенное предприятие "Жанибекский районный центр досуга"

111

1

1

  Приложение 3
к постановлению акимата
Жанибекского района
от 3 июня 2020 года № 73

Квота рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Жанибекскому району на 2020 год

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты

Количество рабочих мест согласно установленной квоте

1

Коммунальное государственное учреждение "Средняя общеобразовательная школа имени Е.Ниеткалиева"Жанибекского районного отдела образования

74

2

1