Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық округі Колесов ауылының атаусыз көшесіне атау беру және Үлкен Шаған, Колесов, Кіші Шаған, Владимировка ауылдарының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 ақпанда № 6022 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Үлкен Шаған, Колесов, Кіші Шаған, Владимировка ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Көшім ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық округі Колесов ауылының атаусыз көшесіне келесі атау берілсін:

      "№1" көшесі - "Сұңқар" көшесі.

      2. Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық округі Үлкен Шаған, Колесов, Кіші Шаған, Владимировка ауылдарының кейбір көше атаулары:

      1) Үлкен Шаған ауылы бойынша:

      "Участок ЛПДС" көшесі – "Шамшырақ" көшесі;

      "Энергетиков" көшесі – "Тұлпар" көшесі;

      "Интернациональная" көшесі – "Татулық" көшесі;

      "Пляжная" көшесі – "Серуен" көшесі;

      2) Колесов ауылы бойынша:

      "Набережная" көшесі – "Жігер" көшесі;

      3) Кіші Шаған ауылы бойынша:

      "Набережная" көшесі – "Көктерек" көшесі;

      4) Владимировка ауылы бойынша:

      "Набережная" көшесі – "Аққулы" көшесі деп қайта аталсын.

      3. Көшім ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Турсынгалиева А.) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі А. Баянова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады