Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округі Махамбет ауылының кейбір атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 ақпанда № 6024 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Махамбет ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Махамбет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округі Махамбет ауылының кейбір атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      "1У" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі;

      "2У" көшесі – "Болашақ" көшесі;

      "3У" көшесі – "Бәйтерек" көшесі;

      "4У" көшесі – "Абылай хан" көшесі.

      2. Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Какимгалиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Амангалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады