Казталов ауданында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 қарашадағы № 56-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 желтоқсанда № 6504 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнін қосымшасына сәйкес, Казталов ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай ұлғайтылсын.

      2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекендер Казталов, Жалпактал ауылдары болып айқындалсын.

      3. Казталов аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Н.Кажгалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Рамазанов
      Мәслихат хатшысы С. Мулдашев

  Казталов аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
27 қарашадағы №56-4 шешіміне
қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайтылуы

№ р/с

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген ауылдағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері, теңге

Базалық мөлшерінің ұлғайтылуы

1.

Автотұрақтардың (паркингтердің) ашық түрдегі

1 санаты

0,48

он есе

2.

Автотұрақтардың (паркингтердің) жабық түрдегі

2 санаты

0,48

он есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады