Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Сырым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
2. Сырым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 172 "Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5218 тіркелген, 2018 жылы 8 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Саркуловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Турегалиев |
КЕЛІСІЛДІ:
Батыс Қазақстан облысы
бойынша мемлекеттік кірістер
департаментінің Сырым ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы
_________________ А. Гумаров
"___" ____________2020 жыл.
Сырым ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 216 қаулысымен бекітілген |
Салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін
аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Салық салу объектісінің елді мекенде орналасуы | Аймаққа бөлу коэффициенттері |
Сырым ауданы | ||
Жымпиты ауылдық округі | ||
1 | Жымпиты ауылы | 2,3 |
2 | Саралжын ауылы | 1,65 |
3 | Өлеңті ауылы | 2,2 |
Алғабас ауылдық округі | ||
4 | Алғабас ауылы | 2,2 |
5 | Жаңаөңір ауылы | 2,05 |
6 | Сасықкөл ауылы | 1,65 |
Аралтөбе ауылдық округі | ||
7 | Аралтөбе ауылы | 2,2 |
8 | Қызылағаш ауылы | 2,05 |
Бұлан ауылдық округі | ||
9 | Бұлан ауылы | 2,2 |
10 | Жамбыл ауылы | 2,05 |
Бұлдырты ауылдық округі | ||
11 | Бұлдырты ауылы | 2,15 |
12 | Аққұдық ауылы | 1,55 |
13 | Жарқамыс ауылы | 1,25 |
14 | Көгеріс ауылы | 2,1 |
15 | Қарақұдық ауылы | 1,65 |
Елтай ауылдық округі | ||
16 | Тасқұдық ауылы | 2,2 |
17 | Алатау ауылы | 1,35 |
Жетікөл ауылдық округі | ||
18 | Қосарал ауылы | 2,2 |
19 | Ақоба ауылы | 1,25 |
20 | Жетікөл ауылы | 2,05 |
21 | Қарақұдық ауылы | 1,25 |
Жосалы ауылдық округі | ||
22 | Қоңыр ауылы | 2,2 |
23 | Былқылдақ ауылы | 1,25 |
24 | Кеңащы ауылы | 1,25 |
25 | Тамды ауылы | 1,9 |
Қособа ауылдық округі | ||
26 | Қособа ауылы | 2,2 |
27 | Жырақұдық ауылы | 2,2 |
Сарой ауылдық округі | ||
28 | Шағырлой ауылы | 2,2 |
29 | Жаңақоныс ауылы | 1,35 |
30 | Көздіқара ауылы | 2,05 |
31 | Қызылтаң ауылы | 1,25 |
Талдыбұлақ ауылдық округі | ||
32 | Талдыбұлақ ауылы | 2,2 |
33 | Қазақстан ауылы | 2,1 |
Шолақаңқаты ауылдық округі | ||
34 | Тоғанас ауылы | 2,2 |
35 | Аңқаты ауылы | 1,85 |
36 | Қарағанды ауылы | 1,85 |
37 | Құспанкөл ауылы | 1,85 |
38 | Сегізүй ауылы | 1,25 |