"Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 ақпанда № 22252 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаны жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20916 болып тіркелген, 2020 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаны жүргізу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Пилоттық жобаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады:

      1) жоба алдындағы жұмыс;

      2) деңгейлес мониторингті пилоттық енгізу.

      Жоба алдындағы жұмыс кезінде салық төлеушілердің деңгейлес мониторингке кіруі үшін қажетті ішкі бақылау жүйесін және есепке алу ақпараттық жүйелерін зерделеу және дайындау жұмыстары жүргізіледі. Жоба алдындағы жұмыстар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Өзара іс-қимыл туралы келісімнің (бұдан әрі – Өзара іс-қимыл туралы келісім) және осы Қағидалардың ережелері шеңберінде реттеледі.

      Деңгейлес мониторингті пилоттық енгізу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба туралы келісім (бұдан әрі – Пилоттық жоба туралы келісім) және осы Қағидалардың ережелері шеңберінде реттеледі.

      Егер осы Қағидалардың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушілер Өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылған күннен бастап Пилоттық жобаның қатысушысы (бұдан әрі – Пилоттық жобаның қатысушысы) болады.

      Ірі салық төлеушілер тізбесіндегі салық төлеушілер Пилоттық жоба туралы келісім жасалған күннен бастап ірі салық төлеушілердің мониторингіне жатпайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мыналар:

      1) мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, Өзара іс-қимыл туралы келісім жасау туралы өтініш берілген күнге бір мезгілде мынадай:

      Өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу туралы өтініш берілген жылдың алдындағы жыл үшін корпоративтік табыс салығы туралы декларация бойынша салық төлеушінің декларациясына сәйкес салық кезеңінің соңында тіркелген активтердің құндық теңгерімдерінің сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және Өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу туралы өтініш берілетін жылдың соңында қолданыстағы кемінде 325 000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайтын;

      қосылған құн салығын қайтаруды есепке алмағанда, салық төлеуші төлеген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және оның міндеттемелері бойынша әлеуметтік төлемдердің сомасы Өзара іс-қимыл туралы келісімді жасау туралы өтініш берілетін жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін кемінде 1 (бір) миллиард теңгені құрайтын;

      салық төлеушінің бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепті автоматтандыру үшін көзделген бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, бухгалтерлік және салық есебін жүргізуі;

      егер бар болса ірі халықаралық аудиторлық ұйымның аудиторлық қорытындысымен расталған Өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу туралы өтініш берілетін кезеңнің алдындағы қаржы жылы үшін қаржылық есептілігінің болуы;

      ішкі бақылау жүйесінің болуы;

      Өзара іс-қимыл туралы келісімді жасау туралы өтініш берілген күнгі жағдай бойынша, Салық кодексінің 17-тарауына сәйкес қолданылатын, мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесінің бағалауына сәйкес салық төлеушініңтәуекел деңгейі төмен немесе орташа болуы шарттарына сәйкес келетін коммерциялық ұйым болып табылатын салық төлеушілер;

      2) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі салық төлеушілер не олармен үлестес заңды тұлғалар, немесе олармен аффилиирленген заңды тұлғалар, сондай-ақ акцияларының 50 және одан көп пайызы аталған заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалар.

      Бұл ретте деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаны іске асыру мынадай мерзімдерде жүзеге асырылады:

      телекоммуникация саласындағы салық төлеушілер бойынша – 2020 жылғы 1 тамыздан 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін;

      газ тасымалдау саласындағы салық төлеушілер бойынша – 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін;

      электр энергетикасы саласындағы салық төлеушілер, оның ішінде басқарушы (бас) компаниялар бойынша – 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін;

      тау-кен саласының салық төлеушілері бойынша – 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін;

      жүк тасымалы, авиация және мұнай тасымалдау саласындағы, мұнай өндіру және мұнай өңдеу саласындағы салық төлеушілер бойынша – 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін;

      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті органдар мен көрсетілген келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнайгазконденсаты немесе теңіз кен орны, сондай-ақ олардың еншілес немесе байланысты компаниясы қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар арасында жасалған өнімдерді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда) көрсетілген сенімді тұлғалар (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар);

      4) деңгейлес мониторингті пилоттық жобаны іске асыру 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығында жүзеге асырылатын "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген салық төлеушілер.

      Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген салық төлеушілер 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде:

      бухгалтерлік және (немесе) салық есептерін автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, бухгалтерлік және салықтық есептерін жүргізуді;

      егер бар болса, аудиторлық ұйымның аудиторлық қорытындысымен расталған Пилоттық жобаға кіру кезеңінің алдындағы қаржы жылы үшін қаржылық есептілікті ұсынуды;

      егер бар болса, Пилоттық жобаға кіру кезеңінің алдындағы кезең үшін ақпараттық технологиялар саласындағы компания немесе осы қызметтерді көрсету бойынша қажетті тәжірибесі бар аудиторлық (немесе консалтингтік) компания дайындаған ақпараттық жүйелердің диагностикасы туралы есепті ұсынуды қамтамасыз етеді;

      5) инвестициялық басым жобаларды іске асыратын ұйымдар Пилоттық жобаға қатысушылар болып табылады.";

      10 және 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы Қағидалардың 7-тармағы 1), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілердің жоба алдындағы жұмысқа қатысуға өтініші Комитетке ерікті негізде және еркін нысанда жіберіледі.

      Өтініш келу тәртібінде беріледі немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі. Комитет Өтінішті қабылдаған күн оның келіп түскен күні болып табылады.

      Өтінішті қарау келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Комитет Өтінішті қарау нәтижелері бойынша:

      1) салық төлеушіге Комитеттің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған 2 (екі) данасымен қоса бере отырып, салық төлеушімен Өзара іс-қимыл туралы келісім жасасуға келісетіні туралы жазбаша түрде хабарлайды;

      2) осы Қағидалардың 7-тармағы 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, салық төлеуші осы Қағидалардың 7-тармағы 1) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген кезде негізделген себептерді көрсете отырып, өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қоюдан жазбаша бас тартуды жібереді.";

      11. Салық төлеушілердің деңгейлес мониторингке кіруі үшін қажетті ішкі бақылау жүйесін және есептік ақпараттық жүйелерді зерттеу және дайындау бойынша жоба алдындағы жұмыстар Өзара іс-қимыл туралы келісім шеңберінде реттеледі.

      Бұл ретте жоба алдындағы жұмыстарды іске асыру Өзара іс-қимыл туралы келісім жасалған күннен бастап 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімді құрайды. Жоба алдындағы жұмысты іске асыру тараптардың келісімі бойынша, бірақ 6 (алты) айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Салық төлеушілердің, мемлекеттік кірістер органдарының құқықтары мен міндеттері, жоба алдындағы жұмыстардың шеңберінде алынған ақпаратқа қатысты салық құпиясын сақтау және құпиялылық режимін сақтау шарттары да Өзара іс-қимыл туралы келісімде реттеледі.

      Өзара іс-қимыл туралы келісім шеңберінде ішкі бақылау жүйелерін зерделеу және диагностика жасау, ақпараттық жүйелерді зерделеу және диагностика жасау, одан әрі салық төлеуші мен Комитет арасында ақпарат алмасу үшін іс-шараларды, іске асыру мерзімдерін және жауапты тұлғаларды көрсете отырып жол картасы бекітіледі.

      Жоба алдындағы жұмыс қашықтықтан да (оның ішінде салық төлеушінің есептік деректер мен ішкі бақылау жүйесіне қашықтан қол жеткізуді ұсынуы арқылы), сол сияқты Пилоттық жоба қатысушысының орналасқан жеріне және (немесе) оның негізгі активтері орналасқан жерге барып та (қажет болған жағдайда салық төлеушінің ішкі бақылау жүйесін және оның ақпараттық жүйелерін физикалық тексеру) жүргізіледі.

      Жоба алдындағы жұмыс қорытындылары және ішкі бақылау жүйесіне, есептік ақпараттық жүйелерге және деректермен ақпараттық алмасу жүйесіне дұрыстығы және толықтығы мәселелері жөнінде талаптарды әзірлеу бойынша Комитет Пилоттық жобаға қатысушыға ішкі бақылау жүйесін, ақпараттық жүйелерді және деректермен ақпараттық алмасу жүйесіне сәйкес келтіру бойынша еркін нысанда ұсыным ретінде жібере алады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Салық төлеуші Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба туралы келісім жасасу туралы өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоба алдындағы жұмыс аяқталғанға дейін 1 (бір) ай ішінде Комитетке береді.

      Өтініш келу тәртібімен ұсынылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.

      Өтінішке салық төлеуші (заңды тұлғаның басшысы) қол қойған Пилоттық жоба туралы келісімнің 2 (екі) данасы қоса беріледі.

      Комитет Өтінішті қабылдаған күн оның келіп түскен күні оны болып табылады.

      Өтінішті қарау келіп түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Комитет Өтінішті қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жоба алдындағы жұмыстардың нәтижелері бойынша:

      1) салық төлеушіге Комитеттің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған Пилоттық жоба туралы келісімнің екі данасын қоса бере отырып, салық төлеушімен Пилоттық жоба туралы келісім жасасуға келісетіні туралы жазбаша хабарлайды;

      2) бас тарту себептерін көрсете отырып, Пилоттық жоба туралы келісімге қол қоюдан жазбаша бас тартуды жібереді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Пилоттық жоба туралы келісімде және осы Қағидаларда көзделген құжаттарға, оның ішінде сұрау салуларға, хаттар мен ұсынымдарға Комитет басшысы немесе оны алмастыратын адам не ол уәкілеттік берген адам қол қояды және Пилоттық жоба туралы келісімде көрсетілген мекенжайлар бойынша хабарламасы бар тапсырыс хатпен электрондық пошта арқылы, қолма-қол, пошта арқылы не салық төлеушінің кабинеті арқылы тапсырылады.

      Бұл ретте Пилоттық жоба қатысушысының ақпараттарды ұсынуы үшін мерзім 5 (бес) жұмыс күнінен кем болмауы және 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспауы керек.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша Пилоттық жоба қатысушысында Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, мұндай бұзушылықтар туралы мәліметтер Комитеттің бейінді басқармасына хабарлама немесе хабарландыру жібермей жолданады.

      Камералдық бақылау нәтижелері бейінді басқармаға Комитеттің автоматтандырылған камералдық бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінен және қолмен камералдық бақылауды жүзеге асыратын оның аумақтық органдарынан келіп түседі.

      Осы тармақтың ережелері олар бойынша салықтық бақылау шаралары салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын халықаралық шарт негізінде қосылған құн салығын және бюджеттен табыс салығын қайтару бойынша Салық кодексінің 189-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген бюджетке төлемдер бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша Пилоттық жобаны енгізу кезеңінде анықталған бұзушылықтарға қолданылмайды.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Салық төлеуші Пилоттық жобада болған салық кезеңдері үшін салықтық тексерулер Салық кодексінің 145-бабының 6-тармағында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ фиктивтілік белгілері, жалған құжаттар жасау және (немесе) деңгейлес мониторинг үшін пайдаланылатын бухгалтерлік және салықтық ақпараттық жүйелердегі деректерді бұрмалау белгілері болған қаржы-шаруашылық операцияларын белгілеу кезінде жүргізіледі.

      Бұл ретте Салық кодексінің 145-бабы 6-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салықтық тексерулер жылына 1 (бір) реттен артық жүргізілмейді.

      Салықтық бақылау шаралары Пилоттық жоба туралы келісім жасалған күнге дейін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Пилотық жоба туралы келісім жасалған күннен бастап салықтық бақылау шаралары осы Қағдаларда белгілінген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Уәкілетті мемлекеттік органдардың, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша Пилоттық жобаны енгізу кезеңінде жүргізілетін салықтық бақылау шаралары (сұрау салулар, талаптар, мәліметтер) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 23 ақпандағы
№ 138 бұйрығына
1 қосымша
  Деңгейлес мониторинг
жөніндегі пилоттық жобаны
жүргізудің қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба туралы келісім

      Нұр-Сұлтан қаласы                                           20__ жылғы "____"

      ______________________________________________________, бір тараптан,

      (атауы)

      бұдан әрі "Пилоттық жобаның қатысушысы" деп аталатын, ________

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      тұлғасында, ______________________________ негізінде әрекет ететін,

      (құжаттың атауы)

      және екінші тараптан, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер комитеті" Республикалық мемлекеттік мекемесі,

      бұдан әрі "Комитет" деп аталатын, ______________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      тұлғасында, _________________ негізінде әрекет ететін,

      (құжаттың атауы)

      бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының ережелерін назарға ала отырып, осы Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.

1-тарау. Келісімнің мәні

      1. Тараптар Комитеттің деңгейлес мониторинг пилоттық жобасының қатысушысына қатысты деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу туралы уағдаласады.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2. Комитет:

      1) қағаз және электрондық тасымалдағыштағы есепке алу құжаттамасын сұратуға және алуға, сондай-ақ пилоттық жоба шеңберінде деңгейлес мониторинг мәніне жататын мәселелер бойынша автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге) кіруге;

      2) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты, оның ішінде тарихи деректерді қамтитын ақпараттық жүйені қарауға рұқсат алуға;

      3) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінен және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты, оның ішінде тарихи деректерді қамтитын ақпараттық жүйеден мәліметтер алуға;

      4) салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті оның орналасқан жеріне қарамастан тексеруге, Пилоттық жоба қатысушысының мүлкіне, оның ішінде құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігіне түгендеу жүргізуге;

      5) арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу және пилоттық жоба шеңберінде консультациялар алу үшін арнайы білімі мен дағдысы бар маманды, оның ішінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының қызметкерлерін тартуға;

      6) Салық кодексінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқығы бар.

      3. Комитет:

      1) Пилоттық жоба қатысушысының орналасқан жері бойынша пилоттық жобаны өткізу кезеңінде жұмыс режимін сақтауға;

      2) салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша түсіндірмелер мен ұсынымдар беруге;

      3) пилоттық жобаны жүргізу кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, олардың мазмұнын жария етпеуге;

      4) мемлекеттік кірістер органдарының құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттандыруға;

      5) Салық кодексінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      4. Салық төлеуші:

      1) пилоттық жобаны жүргізу барысында салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша түсініктемелер мен ұсынымдар алуға;

      2) Пилоттық жобаны жүргізетін Комитеттің профильді басқармасының қызметкерлерінен қызметтік куәліктер көрсетуді талап етуге;

      3) Пилоттық жобаны жүргізетін Комитеттің профильді басқармасының қызметкерлерінен пилоттық жоба қатысушысының құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты талап етуге;

      4) пилоттық жобаны жүргізу кезінде қатысуға және пилоттық жобаның мәніне қатысты мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

      5) Салық кодексінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

      5. Салық төлеуші:

      1) пилоттық жобаның мәніне қатысты мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

      2) пилоттық жобаны жүргізетін және осындай пилоттық жобаны жүргізуге қатысу үшін тартылатын Комитеттің профильді басқармасы қызметкерлерінің Пилоттық жоба қатысушысының аумағына және (немесе) үй-жайына кіруін қамтамасыз етуге және оларға жұмыс орнын ұсынуға;

      3) пилоттық жобаны жүргізетін Комитеттің профильді басқармасы қызметкерлеріне аудит жүргізуге арналған шартты және аудиттің аудиторлық қорытындысын ұсынуға;

      4) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды және (немесе) тарихи деректерді қосқанда, ақпараттық жүйені автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін қарауға рұқсат беруге;

      5) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінен және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) тарихи деректерді қосқанда салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйеден мәліметтер ұсынуға;

      6) егер мұндай өзгерістер мен толықтырулар салық міндеттемелеріне әсер еткен жағдайда, пилоттық жобада болған кезеңде, оның ішінде мерзімі өткен талап қою кезеңі үшін бухгалтерлік және салық есебі бойынша есепке алу құжаттамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде хабарлауға;

      7) Салық кодексінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      6. Тараптар өзара келісім бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      7. Осы Келісімнен туындайтын кез келген даулар немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

4-тарау. Құпиялылық

      8. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Келісім шеңберінде алынған кез келген ақпаратты екінші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жария етпеуге міндеттенеді.

      9. Тиісті органдар растаған ұрлық, тонау, қарақшылық, ұрлау, ақпараттық дерекқорлардың кибер-шабуылдары түрінде көрінген үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан алынған мәліметтерді абайсыздан тарату құпиялылық туралы талаптарды бұзу болып табылмайды.

5-тарау. Келісімнің қолданылу мерзімі

      10. Осы Келісім оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

      Осы Келісім деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жоба аяқталғанға дейін қолданылады және Пилоттық жоба қатысушысына қатысты оңалту немесе банкроттық, бірігу, қосылу, бөліну және бөлініп шығу жолымен тарату, қайта ұйымдастыру рәсімдері жүргізілген жағдайларда, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылады.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      11. Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған жазбаша нысанда ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

      12. Комитетті қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру осы Келісімнің қолданылуын тоқтатпайды және барлық құқықтар мен міндеттер құқықтық мирасқорларға ауысады.

      13. Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде ұсынылатын ақпарат алмасу, құжаттарды, оның ішінде хабарламаларды, сұрау салуларды, ұсынымдар мен хаттарды жолдау мынадай электрондық пошта мекенжайларын пайдалана отырып жүзеге асырылады:

      Комитет тарапынан ___________________________________________;

      Пилоттық жоба қатысушысы тарапынан __________________________.

      14. Осы Келісімге 4 (төрт) түпнұсқалық данада мемлекеттік және орыс тілдерінде, тең заңды күші бар әрбір Тарап үшін 2 (екі) данадан қол қойылды.

7-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті:
____________________________
(лауазымы)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
___________________________
(қолы)

Қатысушы:
____________________________
(лауазымы)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
____________________________
(қолы)




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады