1. "Мемлекеттік кірістер органдары мобильдік топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16373 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 23 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары мобильдік топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ұтқыр топ өз қызметінде "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірде Заңын (бұдан әрі – Заң), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен бекітілген "Салықтық есептілікті қабылдау" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20955 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары), сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Декларацияларды қабылдауды Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын талаптарын сақтай отырып, Мемлекеттік корпорацияның, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық стендтерінде, жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған бірлескен кестемен бекітілген, нақты күні және уақытында мобильдік топ жүзеге асырады.";
10 және 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Декларацияларды қабылдау бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында көрсетілген құжаттарды жеке тұлғаның ұсынуы негіз болып табылады.
11. Декларацияларды қабылдауды жеке тұлғаның қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен белгіленген мерзімде мобильдік топ жүзеге асырады.
Мобильдік топ жеке тұлғаның қатысуымен декларацияларды қабылдау кезінде:
1) декларацияда көрсетілген деректерді жеке басын куәландыратын құжатпен салыстырады және де Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына жеке тұлғаның мүддесін білдіру кезінде өкілдің өкілеттігінің болуын сәйкес тексереді;
2) Салық кодексінің 209-бабының нормаларына сәйкес декларацияны толтырудың дұрыстығын және толықтығын тексереді;
3) декларацияға қол қойған тұлғаның жеке басын сәйкестендіреді;
4) декларацияны қабылдау туралы белгісі бар талон береді, декларацияның екінші данасына қабылдау туралы белгі қояды;
5) Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында көрсетілген негіздер бойынша декларацияны қабылдаудан бас тартады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Декларацияларды өңдеуге жауапты мемлекеттік кірістер органының қызметкері декларациядағы ақпаратты "Салық есептілігін өңдеу сервистері" ақпараттық жүйесіне енгізеді және Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында белгіленген мерзім ішінде мұрағатқа декларацияны сақтау үшін береді.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі