"Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 62 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 44 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 ақпанда № 22274 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы кодексінің 250-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-2-бабының 5) тармақшасына, "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 62 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16858 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 мамырда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларында:

      4-тарау алып тасталсын;

      10-қосымша алып тасталсын.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады