Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 наурызда № 22329 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Тізбенің 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының тоғызыншы, оныншы, жиырма екінші, жиырма сегізінші, 2-тармағының үшінші, төртінші, сегізінші, 3-тармағының он жетінші, он сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 11 наурыздағы
№ 76 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10627 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы – жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес шартты тұтынушылар не басым шартты тұтынушылар болып табылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясын тұтыну аймағына сәйкес айқындайтын баға;

      2) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф – электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын теңгерімдеуге тіркелген пайда ескерілетін, уәкілетті орган электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін әрбір жеті жыл сайын бекітетін, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өткізілетін электр энергиясына босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;

      3) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф – жұмыс істеп тұрған барлық энергия өндіруші ұйымдар үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифтің (бағаның) ең жоғары шамасы (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін қоспағанда, оны көрсету кезінде жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпаздары, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тарифті пайдаланады);

      5) энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясының босату бағасы – электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымның электр энергиясына арналған шекті тарифінен аспайтын электр энергиясын сату бағасының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақының сомасы;

      6) электр энергиясына арналған шекті тариф – уәкілетті орган әрбір жеті жыл сайын бекітетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобына енгізілген энергия өндіруші ұйым өндіретін электр энергиясы құнының электр энергиясын өндіруге арналған шығындардан және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын пайда нормасынан тұратын ақшалай мәні.

      Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.

      3. Электр энергиясына арналған шекті тариф және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша жылдарға бөле отырып, әрбір жеті жыл сайын бекітіледі және қажет болған кезде түзетіледі.";

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) энергия өндіруші ұйымдар "энергия өндіруші ұйымдардың типі" өлшемшарты бойынша мыналарға бөлінеді:

      құрамына конденсаттық электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;

      құрамына жылуландыру электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;

      құрамына газ-турбиналық электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;

      құрамына бу-газ электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;

      құрамына гидравликалық электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;

      құрамына газпіспекті электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;";

      7, 8, 8-1 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясын оның босату бағасынан аспайтындай етіп өткізеді.

      Энергия өндіруші ұйым теңгерімдеуші электр энергиясына босату бағасын дербес, бірақ электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтен аспайтындай етіп белгілейді.

      8. Электр энергиясына арналған шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті айқындау үшін олардың қолданысының алғашқы жеті жылына электр энергиясына шекті тариф және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф енгізілетін жылдың алдындағы жыл ішінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан электр энергиясын өндіруге жұмсалатын ең жоғары шығындар пайдаланылады.

      Бұл ретте, егер электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын қалыптастыру нәтижелері бойынша бір немесе бірнеше энергия өндіруші ұйымдар олардың электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті енгізген жылдың алдындағы жыл ішінде болған топтан ерекшеліктері бар топтарына енгізілетін болса, онда электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті олардың қолданыстағы бірінші жеті жылына айқындау үшін электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті енгізген жылдың алдындағы жыл ішінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының құрылған топтарына сәйкес келетін энергия өндіруші ұйымдары арасында қалыптасқан электр энергиясын өндіруге ең жоғары шығындар қолданылады.

      Электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары үшін электр энергиясына шекті тарифке осы тариф қолданысының бірінші жеті жылына Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 205 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20700 болып тіркелген) Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес айқындалатын пайда нормасы (бұдан әрі – пайда нормасы) сондай-ақ қосымша енгізіледі.

      8-1. Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін электр энергиясын өндіруге жұмсалған шығындар мыналарды қамтиды:

      материалдық шығындар (отын, отынды тасымалдау, технологиялық қажеттіліктерге арналған су, жанар-жағармай материалдары, қосалқы материалдар);

      өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығындар;

      әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар;

      негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;

      жөндеулер (негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер);

      қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем;

      су ресурстарын пайдалануға төлем;

      салықтар (жер, көлік, мүлік, пайдалы қазбаларды өндіру және басқа да міндетті төлемдер);

      техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер;

      электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді көрсету бойынша қызметтер;

      бөгде ұйымдардың өндірістік сипаттағы көрсетілетін қызметтері.

      Кезең шығыстарына мыналар жатады:

      әкімшілік персоналдардың еңбегіне ақы төлеу;

      міндетті сақтандыру түрлеріне арналған шығыстар, салықтар, алымдар мен төлемдер;

      негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;

      іссапар шығыстары;

      бөгде ұйымдардың көрсетілетін қызметтері (аудиторлық, банктік көрсетілетін қызметтер, байланыс көрсетілетін қызметтер).

      қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеменің 2,5 еселенген мөлшерінен аспайтын есептелген сома шегінде айналым қаражатын ұлттық валютада толықтыру үшін алынатын).

      Инвестициялық жобалар бойынша шекті тарифтің инвестициялық құрамдас бөлігінен басқа, шығындар көзі едәуір қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ Әдістеменің 2-тарауының 1-параграфы қолданысқа енгізілген жылға дейін алынған бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі борышын қайта қаржыландыру және өтеу мақсаттары үшін алынған кредиттер (қарыздар), өзге де ақша болып табылған энергия өндіруші ұйымдарға энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша кезең шығыстарына мыналар кіреді:

      қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген 2,5 еселенген базалық мөлшерлемесін қолдана отырып есептелген сома шегінде ұлттық валютада алынатын);

      қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар (Лондон банкаралық нарығының 4 еседен аспайтын базалық мөлшерлемесін қолдана отырып есептелген сома шегінде шетел валютасында алынатын) енгізіледі.

      Бұл ретте, осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген энергия өндіруші ұйымдар үшін Заңның 5-бабының 70-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін электр энергиясына шекті тарифті есептеу формуласында пайда нормасы электр энергиясына шекті тарифтердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін нөлге теңестіріледі.

      Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындар тікелей электр энергиясын өндіруге жатады.

      9. Электр энергиясына алғашқы жеті жылда қолданылатын шекті тарифті есептеу формуласы:



      ЭШТ – электр энергиясына шекті тариф, киловатт*сағатқа теңгемен (теңге/кВт * сағ);

      ЭӨМШ – электр энергиясын өткізетін, энергия өндіруші ұйымдар тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымдар арасында электр энергиясын өндіруге арналған есепті жылғы максималды шығындар, теңгемен;

      ПН – пайда нормасы, теңгемен;

      ЭК – электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындары электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобында ең жоғары болып табылатын энергия өндіруші ұйымның электр станцияларының шиналарынан есепті жылғы электр энергиясын босату көлемі, киловатт*сағатпен (кВт*сағ);

      Раттест – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) сәйкес электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті енгізу жылының алдындағы жылы энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуаты, мың киловатт (мың кВт).

      Электр энергиясына шекті тарифтің және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтің қолданылуының алғашқы жеті жылында энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуаты Әдістеменің 2-тарауының 1-параграфы қолданысқа енгізілген жылға қабылданады.

      Бұл ретте, генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өтпеген энергия өндіруші ұйымдарға Раттест мәні белгіленген қуатқа теңестіріледі;

      Рберілг – есептік жылы пайдалануға берілген генерациялайтын қондырғылардың белгіленген қуаты, мың киловатт (мың. кВт);

      Ршығарыл – есептік жылы пайдаланудан шығарылған генерациялайтын қондырғылардың белгіленген қуаты, мың киловатт (мың. кВт).";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес электр энергиясына арналған шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифті келесі жылдарға түзету қажет болған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдар 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, электр энергиясын өндіруге арналған негізгі шығындардың болжамды ұлғаюы туралы ақпаратты, алдыңғы жылдағы қаржылық есептілікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларында көзделген, инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, есеп айырысуларды ұсынады.

      Электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті келесі жылдарға түзету қажет болған жағдайда, электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайда, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайда өзгерген кезде энергия өндіруші ұйымдар 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде Әдістемеге сәйкес уәкілетті органға еркін нысанда есеп айырысуларды қоса бере отырып, электр энергиясына шекті тарифті түзетуге өтінім береді.

      Уәкілетті орган түзеткен электр энергиясына арналған шекті тарифтер және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтер Әдістеменің 2-тарауының 1-параграфы қолданысқа енгізілген жылды қоспағанда, электр энергиясына арналған шекті тарифтерге және теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерге түзету жүзеге асырылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ағымдағы жылы электр энергиясын өндіруге арналған шығындар іс жүзінде ұлғайған кезде энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органға электр энергиясына өзгертілген шекті тарифтерді енгізудің болжамды күніне дейін екі ай бұрын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, электр энергиясын өндіруге арналған шығындардың ұлғаюы туралы ақпаратты бір реттен асырмай ұсынады.

      Электр энергиясына өзгертілген шекті тарифтерді қолданысқа енгізу олар бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

      Растайтын құжаттар болмаған жағдайда, уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымды хабардар ете отырып, электр энергиясына шекті тарифтерді, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді түзетуден бас тартады.".

      2. "Жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 170 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20594 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 13 мамырда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифті бекіту қағидаларында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) электр энергиясына арналған шекті тариф – уәкілетті орган әрбір жеті жыл сайын бекітетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобына енгізілген энергия өндіруші ұйым өндіретін электр энергиясы құнының электр энергиясын өндіруге арналған шығындардан және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын пайда нормасынан тұратын ақшалай мәні.";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына арналған шекті тариф алдағы жылдың электр энергиясын өндіруге арналған болжамды шығындар негізінде айқындалады және жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін бекітілген электр энергиясына арналған шекті тарифтердің қолданылу мерзіміне бекітіледі.

      Жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына арналған шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін электр энергиясын өндіруге арналған болжамды шығындар мыналардан тұрады:

      болжамды материалдық шығындар (отын, отынды тасымалдау, технологиялық қажеттіліктерге арналған су, жанар-жағармай материалдары, қосалқы материалдар);

      өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған болжамды шығындар;

      болжамды әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар;

      негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің болжамды амортизациясы;

      болжамды жөндеулер (негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер);

      қоршаған ортаға эмиссиялар үшін болжамды төлем;

      су ресурстарын пайдаланғаны үшін болжамды төлем;

      болжамды салықтар (жер, көлік, мүлік, пайдалы қазбаларды өндіру және басқа да міндетті төлемдер);

      техникалық диспетчерлендіру жөніндегі болжамды көрсетілетін қызметтер;

      электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді көрсету бойынша болжамды қызметтер;

      бөгде ұйымдардың өндірістік сипаттағы болжамды көрсетілетін қызметтері.

      Кезең шығыстарына мыналар:

      әкімшілік персоналдардың еңбек ақысын болжамды төлеу;

      міндетті сақтандыру түрлеріне арналған болжамды шығыстар, салықтар, алымдар мен төлемдер;

      негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің болжамды амортизациясы;

      болжамды іссапар шығыстары;

      бөгде ұйымдардың болжамды көрсетілетін қызметтері (аудиторлық, банктік көрсетілетін қызметтер, байланыс көрсетілетін қызметтер) енгізіледі.

      Бұл ретте, электр энергиясына арналған шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындар тікелей электр энергиясын өндіруге жатады.

      11. Алғашқы жеті жылға жаңадан іске қосылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифті есептеу формуласы:



      ЭШТ – электр энергиясына шекті тариф;

      ЭӨМШ – электр энергиясын өткізетін, энергия өндіруші ұйымдар тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымдар арасында алдағы жеті жылға электр энергиясын өндіруге арналған максималды болжамды шығындар, теңгемен;

      ПН– пайда нормасы, теңгемен;

      БЭК - электр энергиясын өндіруге болжамды шығындары электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобында максималды болып табылатын энергия өндіруші ұйымның электр станцияларының шиналарынан электр энергиясын жіберудің болжамды көлемі, киловатт сағат (кВт∙сағ).

      Рбелг – есепті жылдың басына энергия өндіруші ұйымның белгіленген қуаты, мың киловатт (мың кВт).

      Электр энергиясына шекті тарифтің мөлшерлігі: теңге/кВт∙сағ.".

      3. "Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 205 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20700 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 25 мамырда жарияланған):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайданың, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданың нормаларын айқындау әдістемесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайданың, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданың нормаларын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайданың, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданың нормаларын айқындау әдістемесі";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайданың, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданың нормаларын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 70-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайданың, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданың нормаларын айқындау тетігін анықтайды.

      2. Әдістеме электр энергиясына шекті тарифтерді, сондай-ақ электр энергиясын өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын электр станцияларының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы бекіту кезінде пайда нормасының деңгейін негізді есептеу және есепке алу мүмкіндігі мақсатында қолданылады.

      Бұл ретте энергия өндіруші ұйым инвестицияланған капиталға кірістілік әдісі бойынша нақты алынатын пайданың кемінде 50 (елу) пайызын негізгі активтерді жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға, оның ішінде электр энергиясын өндіруге арналған шығындарда ескерілмейтін тартылған кредиттер бойынша қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға жібереді.";

      3-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) инвестицияланған капиталға кірістілік әдісі (RAB-реттеу) (бұдан әрі - RAB-реттеу) – электр энергетикасы саласын дамытуға инвестицияларды ынталандыруға және шығындарды басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау үшін қолданылатын әдіс.

      RAB-реттеу кезекті реттеу кезеңінің басында қалыптастырылады және бағаланады, ал кезеңнің кейінгі жылдарында жаңа активтерді енгізуді және қолданыстағы активтердің істен шығуын есепке алу жолымен түзетіледі;";

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) электр энергиясына арналған шекті тариф – уәкілетті орган әрбір жеті жыл сайын бекітетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобына енгізілген энергия өндіруші ұйым өндіретін электр энергиясы құнының электр энергиясын өндіруге арналған шығындардан және осы Әдістемеге сәйкес айқындалатын пайда нормасынан тұратын ақшалай мәні.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау";

      2-тараудың 1-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Инвестицияланған капиталға кірістілік әдісі (RAB-реттеу) бойынша электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. RAB-реттеу бойынша электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасы (бұдан әрі – RAB-реттеудің пайда нормасы) электр энергиясына шекті тарифтің құрамдас бөлігі болып табылады және электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобы үшін айқындалады.

      5. RAB-реттеудің пайда нормасы реттеу кезеңінің әрбір жылына реттеу кезеңі басталғанға дейін мынадай формула бойынша айқындалады:



      ПН - RAB-реттеудің пайда нормасы, теңге;

      КRAB - реттелетін активтер базасына кіріс, теңге.";

      12-тармақтың 9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) электр энергиясын өндіру жөніндегі қызметке қатысты активтерге жататын бағдарламалық қамтылымды қоспағанда, материалдық емес активтер;

      10) Қазақстан Республикасының республикалық немесе жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен өткізілген объектілер.";

      29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Капитал кірістілігінің (WACC) орташа өлшемді ставкасының шамасын есептеу осы Әдістемеге қосымшада келтірілген және 11,79% мөлшеріндегі осы шама RAB-реттеудің пайда нормасын айқындаудың есеп айырысуында пайдаланылатын капитал (WACC) кірістілігінің орташа өлшемді ставкасының шамасы ретінде қолданылады.

      30. Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасының деңгейі капиталдың орташа өлшемді кірістілігінің салық ставкасынан кейінгі номиналды негізінде айқындалатын шығындар базасы мен жалпы рентабельділік негізінде есептеледі.";

      көрсетілген Әдістемеге қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Электр энергиясына арналған
шекті тарифтерді бекіту кезінде
ескерілетін тіркелген пайданың,
сондай-ақ теңгерімдеуші электр
энергиясына арналған шекті
тарифтерді бекіту кезінде
ескерілетін теңгерімдеуге
тіркелген пайданың нормаларын
айқындау әдістемесіне қосымша".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады