БҰЙЫРАМЫН:
1. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы (пилоттық жоба) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 1084 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19445 болып тіркелген, 2019 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерінде:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (пилоттық жоба) (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (ары қарай – Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жолымен салық төлеушілерге жәрдемдесу, сондай-ақ пилоттық жобаны іске асыру тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.";
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) салық төлеуші тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған ЭШФ қайтарып алу жолымен салық заңнамасын бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды өздігінен жоюға;";
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ай сайын келесі айдың 5 күнінен кешіктірмей Комитеттің http://kgd.gov.kz ресми сайтында орналастыруға салық төлеушілердің мынадай:
ЭШФ жазып беруге шектеу жасалған;
шектеу шеңберінде ЭШФ жазып беруі қайтарып алынған тізбелерін орналастыруға.
Бұл ретте осы тізбелер өсу қорытындысымен орналастыру жүргізілген айдың бірінші күніне өзекті болып табылады.";
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) егер де, көрсетілген хабарламадағы бұзушылықтармен келіскен жағдайда–салық төлеуші тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған жазып берілген ЭШФ қайтарып алған жағдайда;";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Хабарлама Салық кодексінің 96-бабы 4-тармағымен көзделген тәртіппен мемлекеттік кірістер органдарының шешім шығаруымен орындалмаған деп танылған жағдайда, осы Қағидалардың 3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген пилоттық жобаға қатысушыларының банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізілмейді.";
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) салық төлеуші жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған жазып берілген ЭШФ (олар болған кезде) көрсете отырып, салық төлеушінің атына хабарлама. Бұл ретте осындай ЭШФ күні 2019 жылғы бірінші қаңтардан бұрын жазылмайды;";
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Хабарлама орындалған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары осындай хабарлама орындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде бұл туралы пилоттық жобаға қатысушыларды ЭШФ АЖ-да бір мезгілде хабардар ете отырып, ЭШФ АЖ-ға кіруге шектеуді қолдануды жояды.
16. ЭШФ жазып беру шектелген жағдайда Салық кодексінің 413-бабында көзделген оны жазып беру мерзімдері мұндай шектеу алып тасталғанға дейін тоқтатыла тұрады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |