БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19784 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. ТІЖ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 176-бабында көзделген мынадай мерзімдерде ресімделеді:
1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту кезінде – тауарларды өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту басталғаннан кеш емес;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде:
ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан – кедендік тазарту жүргізілген тауарларды өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту басталғаннан кеш емес;
ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейінгі;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде – тауарларды өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп жөнелту басталғаннан кеш емес мерзімде;
4) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ЕАЭО мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде автомобиль өткізу пунктінде туындайды.";
2) "Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21631 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2020 жылғы 18 қарашада жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдерінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында:
акцизделетін өнімдер, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейін;
виртуалды қойма арқылы ЭШФ жазып беруге жататын тауарлар бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 1 қарашаға дейін;
ДСҰ алып қою тізбесінің тауарлары бойынша 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 1 ақпанға дейін іске асырылады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. ТІЖ мынадай мерзімдерде:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды өткізу, тиеп-жөнелту кезінде – тауарларды өткізу, тиеп-жөнелту басталғаннан кеш емес;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде:
ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан, – кедендік тазарту жүргізілген тауарларды өткізу, іске асыру басталғаннан кеш емес;
ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;
3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде – тауарларды өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кеш емес;
4) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ЕАЭО мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде автомобиль өткізу пунктінде;
5) әуе көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде – әуе кемесі келген (ұшып келген) күннен кейінгі келесі 1 (бір) жұмыс күнінен кеш емес;
6) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу кезінде – тауарларды өткізу басталғаннан кеш емес мерзімдерде туындайды.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу кезінде:
1) тауарларды бөлшек саудада өткізу субъектісі ТІЖ ресімдеуді тек ерікті негізде, оның ішінде виртуалды қоймадағы қалдықтарды өзектілендіру үшін, бір айдағы өткізілуін көрсете отырып, өткізу айынан кейінгі айдың 10-ы (он) күнінен кешіктірмей;
2) акцизделетіндерді қоспағанда, тауарларды кез келген көлік түрімен жеткізуді жүзеге асыру арқылы тауарларды аталған жеткізуге арналған тасымалдау құжаты қалыптастырылған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) егер осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, акцизделетіндерді қоспағанда, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көтерме саудада өткізу арқылы тауарларды – тауар өткізілген күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) түпкі тұтынушы болып табылатын жеке тұлғаларға бөлшек саудадағы тауарларды (акцизделетіндерден басқа) – бір күн ішіндегі өткізілуін көрсете отырып, сату күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей;
5) тауарларды (акцизделетіндерден басқа) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға бөлшек саудада – өткізу күнінен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. ТІЖ алушы ТІЖ растау немесе бас тарту ТІЖ ЭШФ АЖ-да тіркеген күннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылатын, көліктің кез келген түрі арқылы тауарды жеткізуді (тасымалдауды) қоспағанда, ТІЖ ЭШФ АЖ-да тіркеген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ЭШФ АЖ арқылы ТІЖ-ны растайды немесе бас тартады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Алушының ТІЖ растауы мынадай жағдайларда:
1) тауарларды экспортқа өткізу кезінде;
2) халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде;
3) осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген, ТІЖ ресімдеудің ерікті тәртібін қодануды қоспағанда, бөлшек саудасубъектісі болып табылатын, акцизделетін тауарларды өткізуді, шектері ЕАЭО кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі – АЭА) аумағына тауарларды өткізуді қоспағанда, бөлшек саудада тауарларды өткізуді жүзеге асыратын алушыға тауарларды өткізу кезінде;
4) осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген, ТІЖ ресімдеудің ерікті тәртібін қодануды қоспағанда, дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаға тауарларды өткізу кезінде;
5) аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тіркелген алушылардың атына ТІЖ ресімдеу кезінде талап етілмейді.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Толық емес және (немесе) анық емес деректерді көрсете отырып ресімделген ТІЖ мынадай мерзімдерде:
1) акцизделетін тауарлар бойынша – егер алушы ТІЖ растамаған немесе бас тартпаған жағдайда, ТІЖ ресімделген күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) қалған тауарлар бойынша – егер алушы ТІЖ растамаған немесе бас тартпаған жағдайда, ТІЖ ресімделген күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жоюға немесе жеткізуші (әкелу кезінде – алушы) қайтарып алуға жатады.";
мынадай мазмұндағы 30-1, 30-2 және 30-3-тармақтармен толықтырылсын:
"30-1. ТІЖ ресімдеу жөніндегі талап қолданылатын тауарлар бойынша ЭШФ-ны жазып беру мынадай тәсілдермен:
1) "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат" деген 32-жолда ТІЖ тіркеу нөмірін көрсете отырып, ТІЖ негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте ТІЖ және ЭШФ-да көрсетілетін мәліметтер бір текті болуы тиіс;
2) "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат" деген 32-жолда осындай ЭШФ жазып берілгенге дейін виртуалды қоймада болған тауарлардың мөлшерінен (көлемінен) аспайтын тауарлардың мөлшерін (көлемін) көрсете отырып, "NON SNT" көрсете отырып, тауарларға арналған электрондық жүкқұжатқа байланыстырусыз жүзеге асырылады.
Шот-фактураны жазып беру кезінде:
1) мәміле бойынша шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
2) ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген тауарларды өткізген, іске асырған кезде шығарылған жерінің дерек көзі ретінде, ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан тауарларды әкелу кезінде ресімделген, онда мемлекеттік кірістер органының белгілері болған кезде ТІЖ нөмірі көрсетіледі.
30-2. Техникалық іркілістер кезінде, оның ішінде ерікті тәртіпті қолдану кезінде ТІЖ растауды не растаудан бас тартуды ресімдеу, ТІЖ-ға байланыста ЭШФ жазып беру мерзімдері техникалық қателерді жою және ЭШФ АЖ жұмыс істеу мүмкіндігін қалпына келтіру мен техникалық қателерді жою және ЭШФ АЖ жұмыс істеу мүмкіндігін қалпына келтіру кезеңінен кейін 3 (үш) жұмыс күні кезеңін құрайтын кезеңге тоқтатыла тұрады.
30-3. ТІЖ алушы бас тартқан жағдайда ТІЖ жеткізуші белгіленген мерзімнен кеш ресімдеген, тіркелген ЭШФ-ның "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат" деген 32-жолда көрсетілген нөмірі мен күні, сондай-ақ оның негізінде ЭШФ жазып беру ресімделген ТІЖ-да бас тартылған ТІЖ нөмірін көрсете отырып, ТІЖ бас тартылған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі
№ | Тауардың атауы | Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеудің басталған күні |
1. | Өндірілуі мен айналымы "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін биоотын | 2021 жылғы 1 шілде |
2. | Өндірілуі мен айналымы "Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін этил спирті мен алкоголь өнімі | 2021 жылғы 1 шілде |
3. | Өндірілуі мен айналымы "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері | 2021 жылғы 1 шілде |
4. | Өндірілуі мен айналымы "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін темекі өнімдері | 2021 жылғы 1 шілде |
5. | Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және атауы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы оларға қатысты тауарлардың тізбесіне еңгізілген тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес бекітілген Еуразиялық экономикалық одағының Бірыңғай кедендік тарифінің баж мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылады (осы тізбесінің 9-тармағында көрсетілгеннен басқа) | 2022 жылғы 1 ақпан |
6. | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар | 2021 жылғы 1 шілде |
7. | Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар | 2021 жылғы 1 шілде |
8. | Халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таңбалауға жататын тауарлар | 2022 жылғы 1 ақпан |
9. | Виртуалды қойма арқылы жазып беруге жататын тауарлар бойынша электрондық шот-фактуралар | 2021 жылғы 1 қараша |