Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2024 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 351-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2024 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің қоса беріліп отырған нысаны бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2024 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 273 бұйрығымен бекітілген |
|
Нысан | |
Кімге: "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "БЖЗҚ" АҚ) (атауы) |
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстау туралы ӨТІНІШ
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2024 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тегі | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Аты | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Әкесінің аты (ол болған кезде) | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Жеке сәйкестендіру нөмірі | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Резиденттігі: | резидент | бейрезидент | ||||||||||||||||||||||||||||||
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемі кезінде жеке табыс салығын (бұдан әрі – ЖТС) ұстауды және аударуды жүзеге асыруды сұраймын (керегін белгілеу): | ||||||||||||||||||||||||||||||||
зейнет жасына жеткен кезде "БЖЗҚ" АҚ белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес ай сайын он алты жылдан аспайтын мерзімге тең үлестермен | біржолғы зейнетақы төлеу кезінде толық көлемде | |||||||||||||||||||||||||||||||
Артық ұсталған ЖТС есептеу, ұстау және (немесе) қайтару мәселесі бойынша "БЖЗҚ" | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Байланыс деректері: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
ұялы нөмірі: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
электрондық мекенжайы: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
№ | ||||||||||||||||||||||||||||||||
күні | ||||||||||||||||||||||||||||||||
(күн, ай, жыл) | ||||||||||||||||||||||||||||||||
жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылды |