"Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 154 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 сәуірде № 22496 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы" 2015 жылғы 27 шілдедегі бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 11808 болып тіркелген, 2015 жылы 17 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгертулер енгізілсін:

      аталған бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоса берілген Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесі бекітілсін.";

      Аталған бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесінде:

      Тізбенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесі";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жүзу құралдары:

      1) құтқару қайығы (көліктік тіркемесі бар);

      2) тасымалдауға арналған тіркемесі бар сүңгуірлік бот;

      3) тасымалдауға арналған тіркемесі бар құтқару катері;

      4) ескекті қайық;

      5) үрлемелі қайық;

      6) құтқару салы;

      7) аспалы қайық моторы;

      8) ауа жастығындағы кеме.";

      5-тармақтың 22-тармақшасы алынып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Байланыс, ақпараттандыру және есептеу техникасының жабдығы

      1) бейнеқабырға;

      2) жергілікті есептеу желісі (құрылымданған кабельдік желі);

      3) жұмыс станциясы (жүйелік блок, монитор, пернетақта, тінтуір, акустикалық жүйе, үздіксіз қуаттандырғыш көзі, желілік сүзгі);

      4) перифериялық құрылғы (сканер, принтер, көп функционалды құрылғы);

      5) қорғалған корпустағы тасымалды компьютер;

      6) электрондық құжат айналымының сервері жиынтықта;

      7) бейнемен сүйемелдеуді және ілеспе аударманы қамтамасыз ететін конференц жүйе;

      8) бейнеконференция байланысының абоненттік терминалы;

      9) бейнебақылау жүйесі;

      10) цифрлық коммутатор;

      11) позициялаудың ғаламдық жүйесін қабылдағыш;

      12) 1 000 Вт дейінгі қысқы толқынды стационарлы радиостанция (деректер жіберу функциясы бар);

      13) 1 000 Вт дейінгі қысқа толқынды радиостанция (мобильді);

      14) 1 000 Вт дейінгі тасымалды қысқа толқынды радиостанция (алып жүретін);

      15) ультра қысқа толқынды диапазондағы репитер;

      16) радиоұзартқыш;

      17) ультрақысқа толқынды транкингтік/конвенциалды радиостанция (мобильді, стационарлы, алып жүретін);

      18) автоматты телефон станциясы;

      19) құлақтандыру жүйесі;

      20) өтімділігі жоғары автомобиль негізіндегі электрмен қуаттандырғыш станция;

      21) телефонмен және радио сөйлесулерді жазу, үлкен көлемдегі сөйлесу мұрағатын сақтау жүйесі;

      22) автомобильдік бейнетіркегіш;

      23) жарық-сигналды дауыс зорайтқыш қондырғы;

      24) навигациялық аспап;

      25) топтық зарядтық құрылғылар;

      26) серверлік үй-жайлардың ауасын баптау жүйесі;

      27) ультра қысқа диапозон радиостанциялары (алып жүретін, мобильді);

      28) ультра қысқа және қысқа толқынды радистанцияларды өлшеу, баптау және жөндеу жинағы;

      29) планшетті компьютер.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Тылдық қамтамасыз ету департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады