"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 1520 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 55 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 7 сәуірдегі № 273 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 7 сәуірдегі № 38 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 сәуірде № 22521 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 1520 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 55 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17723 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 қарашада электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында (бұдан әрі - Өлшемшарттары):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъекті – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы"коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары (бұдан әрі – тіркеуші орган);

      2) болмашы бұзушылықтар –жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген келесі талаптарды бұзу:

      жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты қағаз жүзінде өсу қорытындысымен тоқсан сайын келесі есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне ұсынбау;

      қызметінен босатылған лауазымды тұлғаның "ЖМТ МДК" АЖ-де жұмыс жасау үшін пайдаланылатын логинін бұғаттау үшін өтінім жолдамау.

      3) елеулі бұзушылықтар –жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген келесі талаптарды бұзу:

      көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол бермеу;

      жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде негізсіз тоқтата тұруға жол бермеу;

      құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс;

      көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес үдерістерін сақтау;

      бір және одан астам расталған шағымның немесе арыздың болуы;

      лауазымды тұлғалардың "ЖМТ МДК" АЖ-де жұмыс жасау үшін басқа лауазымды тұлғаның жеке логинін пайдалануы.

      4) өрескел бұзушылықтар - жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу кезінде көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделерiн елеулi бұзуға әкеп соғуы мүмкін заңдылықты бұзу, атап айтқанда:

      құқықтық қатынастардың субъектiлерi мен объектiлерi, жылжымайтын мүлiкке және өзге де тiркеу объектiлерiне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрi не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негiздерi заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу;

      құқықты немесе өзге де мемлекеттiк тiркеу объектiсiн мемлекеттiк тiркеудi болғызбайтын ауыртпалықтар болған кезде мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу;

      мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап тіркеу жүргізу;

      терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген өтініш берушіге құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу;

      жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу;

      жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден негізсіз бас тартуына жол бермеу;

      мемлекеттік тіркеу жүргізу мерзімдерін сақтау;

      "ЖМТ МДК" АЖ-не мәліметтерді сенімсіз енгізу(әрі қарай –ЖМТ МДК);

      тіркеу істерінің дұрыс жүргізілуі және сақталуы.

      5) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      6) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;";

      Өлшемшарттарында қосымшада 11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

11

құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс

Елеулі

      осы бұйрықпен бекітілген тексеру парағында 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

7

құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс





      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Әділет министрі __________М. Бекетаев

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Бас Прокуратурасының

      Құқықтық статистика

      және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады