"Еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 23 бірлескен бұйрығына және қаулысына өзгерту енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 312 және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 53 бірлескен бұйрығы мен қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 22525 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 23 бірлескен бұйрығына және қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16569 тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 26 наурызда жарияланған) мынадай өзгерту енгізілсін:

      аталған бірлескен бұйрық және қаулымен бекітілген Еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидалары осы бірлескен бұйрығының және қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрық және қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық және қаулыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бірлескен бұйрық және қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық және қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі __________Е. ЖамаубаевҚазақстан
      Республикасының Қаржы нарығын
      реттеу және дамыту Агенттігінің
      Төрағасы __________М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2021 жылғы 8 сәуірдегі
№ 53 мен
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 7 сәуірдегі
№ 312 бірлескен бұйрығы
мен қаулысына қосымша
Бірлескен
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 6 ақпандағы
№ 130 бұйрығымен
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 23 қаулысымен
бекітілген

Еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Салық кодексі) 22-бабының 8-тармағына және 26-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың шеңберінде пайдаланылатын ұғымдар "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну тәртібі

      3. Мемлекеттік кірістер органдары салықтық тексеру барысында Салық кодексінің 250-бабының 5-тармағына сәйкес корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) бойынша сомаларды айқындау үшін тексерілетін салық төлеушіге қатысты еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны алу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органымен (бұдан әрі – уәкілетті орган) өзара іс-қимыл жасайды.

      4. Уәкілетті органға мемлекеттік кірістер органдары жіберген сұрау салуда мынадай мәліметтер:

      1) Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының деректемелері (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН));

      2) тексерілетін салық кезеңі;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының бастапқы бухгалтерлік құжаттарда және КТС бойынша декларацияларда көрсеткен есепті салық кезеңінің соңындағы және өткен жылдың есепті салық кезеңінің соңындағы еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтерінің сомалары қамтылады.

      5. Уәкілетті орган мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша осындай сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Салық кодексіне сәйкес мыналарды:

      Осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны;

      Осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша болмаған залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны;

      Осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны;

      Осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсынады.

      6. Уәкілетті органның қорытындысында сақтандыру резервтерінің мөлшерлері сомаларының сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы себептері көрсетіле отырып, еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерлерінің сомалары бойынша мәліметтер қамтылады, оның нәтижелері мемлекеттік кірістер органдарының салықтық тексеруі барысында қолданылады.

      Уәкілетті органның қорытындысы басшы орынбасарының қолы қойылған ілеспе хатпен мемлекеттік кірістер органдарына жіберіледі.

      7. Осы қағидаларға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша уәкілетті орган ұсынған ақпаратты және мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдары қандай да бір үшінші тарапқа жария етпейді. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары мен қызметкерлері осы қағидаларға сәйкес алынған ақпаратты және мәліметтерді салықтық тексерулерді жүзеге асыру мақсатында ғана пайдаланады.

3-тарау. Қорытындыны толтыру жөніндегі түсіндірме

      8. Еңбекпен табылмаған сыйлықақылар бойынша сақтандыру резервтері (бұдан әрі – ЕТСР) мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды Осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төмендегідей толтырылады:

      1) 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) 2-бағанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының БСН көрсетіледі;

      3) 3-бағанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының атауы көрсетіледі;

      4) 4-бағанда жылдарға қатысты тексерілетін салық кезеңі көрсетіледі (КТС бойынша салық кезеңі – 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл);

      5) 5-бағанда тексерілетін салық төлеушінің деректері бойынша есепті кезеңнің соңындағы ЕТСР сомасы көрсетіледі;

      6) 6-бағанда тексерілетін салық төлеушінің деректері бойынша өткен жылғы есепті кезеңнің соңындағы ЕТСР сомасы көрсетіледі;

      7) 7-бағанда КТС бойынша шегерімге жатқызылған салық төлеушінің деректері бойынша салық кезеңі үшін ЕТСР бойынша айырма сомасы көрсетіледі;

      8) 8-бағанда уәкілетті органның деректері бойынша есепті кезеңнің соңындағы ЕТСР сомасы көрсетіледі;

      9) 9-бағанда уәкілетті органның деректері бойынша өткен жылғы есепті кезеңнің соңындағы ЕТСР сомасы көрсетіледі;

      10) 10-бағанда уәкілетті органның деректері бойынша салық кезеңі үшін ЕТСР бойынша айырма сомасы көрсетіледі;

      11) 11-бағанда салық төлеушінің деректерімен сәйкессіздік болған жағдайда, себептерін көрсете отырып, ЕТСР сомалары бойынша уәкілетті органның қорытындысы көрсетіледі.

      9. Болмаған залалдар бойынша сақтандыру резервтері (бұдан әрі – БЗР) мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төмендегідей толтырылады:

      1) 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) 2-бағанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының БСН көрсетіледі;

      3) 3-бағанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының атауы көрсетіледі;

      4) 4-бағанда жылдарға қатысты тексерілетін салық кезеңі көрсетіледі (КТС бойынша салық кезеңі – 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл);

      5) 5-бағанда тексерілетін салық төлеушінің деректері бойынша есепті кезеңнің соңындағы БЗР сомасы көрсетіледі;

      6) 6-бағанда тексерілетін салық төлеушінің деректері бойынша өткен жылғы есепті кезеңнің соңындағы БЗР сомасы көрсетіледі;

      7) 7-бағанда КТС бойынша шегерімге жатқызылған салық төлеушінің деректері бойынша салық кезеңі үшін БЗР бойынша айырма сомасы көрсетіледі;

      8) 8-бағанда есепті кезеңнің соңындағы уәкілетті органның деректері бойынша БЗР сомасы көрсетіледі;

      9) 9-бағанда уәкілетті органның деректері бойынша өткен жылғы есепті кезеңнің соңындағы БЗР сомасы көрсетіледі;

      10) 10-бағанда уәкілетті органның деректері бойынша салық кезеңі үшін БЗР бойынша айырма сомасы көрсетіледі;

      11) 11-бағанда салық төлеушінің деректерімен сәйкессіздік болған жағдайда, себептерін көрсете отырып, БЗР сомалары бойынша уәкілетті органның қорытындысы көрсетіледі.

      10. Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері (бұдан әрі – МРЗР) мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төмендегідей толтырылады:

      1) 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) 2-бағанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының БСН көрсетіледі;

      3) 3-қорытынды нысанының 3-бағанында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының атауы көрсетіледі;

      4) 4-бағанда жылдар бойынша тексерілетін салық кезеңі көрсетіледі (КТС бойынша салық кезеңі – 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл);

      5) 5-бағанда тексерілетін салық төлеушінің деректері бойынша есепті салық кезеңінің соңындағы МРЗР сомасы көрсетіледі;

      6) 6-бағанда тексерілетін салық төлеушінің деректері бойынша алдыңғы жылдың есепті кезеңінің соңындағы МРЗР сомасы көрсетіледі;

      7) 7-бағанда салық төлеушінің деректері бойынша салық кезеңіндегі МРЗР бойынша айырманың КТС бойынша шегерімге жатқызылған сомасы көрсетіледі;

      8) 8-бағанда уәкілетті органның деректері бойынша есепті кезеңнің соңындағы МРЗР сомасы көрсетіледі;

      9) 9-бағанда уәкілетті органның деректері бойынша алдыңғы жылдың есепті кезеңінің соңындағы МРЗР сомасы көрсетіледі;

      10) 10-бағанда уәкілетті органның деректері бойынша салық кезеңіндегі МРЗР бойынша айырманың сомасы көрсетіледі;

      11) 11-бағанда салық төлеушінің деректерімен сәйкес келмеген жағдайда себептерін көрсете отырып, МРЗР сомалары бойынша уәкілетті органның қорытындысы көрсетіледі.

      11. Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері (бұдан әрі – БМЗР) мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төмендегідей толтырылады:

      1) 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) 2-бағанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының БСН көрсетіледі;

      3) 3-бағанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының атауы көрсетіледі;

      4) 4-бағанда жылдар бойынша тексерілетін салық кезеңі көрсетіледі (КТС бойынша салық кезеңі – 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл);

      5) 5-бағанда тексерілетін салық төлеушінің деректері бойынша есепті кезеңінің соңындағы БМЗР сомасы көрсетіледі;

      6) 6-бағанда тексерілетін салық төлеушінің деректері бойынша алдыңғы жылдың есепті кезеңінің соңындағы БМЗР сомасы көрсетіледі;

      7) 7-бағанда салық төлеушінің деректері бойынша салық кезеңіндегі БМЗР бойынша айырманың КТС бойынша шегерімге жатқызылған сомасы көрсетіледі;

      8) 8-бағанда уәкілетті органның деректері бойынша есепті кезеңнің соңындағы БМЗР сомасы көрсетіледі;

      9) 9-бағанда уәкілетті органның деректері бойынша алдыңғы жылдың есепті кезеңінің соңындағы БМЗР сомасы көрсетіледі;

      10) 10-бағанда уәкілетті органның деректері бойынша салық кезеңіндегі БМЗР бойынша айырманың сомасы көрсетіледі;

      11) 11-бағанда салық төлеушінің деректерімен сәйкес келмеген жағдайда себептерін көрсете отырып, БМЗР сомалары бойынша уәкілетті органның қорытындысы көрсетіледі.

  Еңбекпен табылмаған
сыйлықақылар, болмаған
залалдар, мәлімделген, бірақ
реттелмеген залалдар, болған,
бірақ мәлімделмеген залалдар
бойынша сақтандыру резервтері
мөлшерінің Қазақстан
Республикасының сақтандыру
және сақтандыру қызметі
туралы заңнамасында
белгіленген талаптарға
сәйкестігі туралы қорытындыны
ұсыну қағидаларына
  1-қосымша
  нысан

Еңбекпен табылмаған сыйлықақылар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды

Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының деректемелері

Кезең

ЕТСР

БСН

Атауы

Салық төлеушінің деректері бойынша есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Салық төлеушінің деректері бойынша алдыңғы жылдың есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Салық төлеушінің деректері алдыңғы салық кезеңі үшін ЕТСР бойынша айырма сомасы (5-баған – 6-баған)

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

ЕТСР

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының деректері бойынша есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының деректері бойынша алдыңғы жылдың есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының деректері бойынша салық кезеңі үшін ЕТСР бойынша айырма сомасы (8-баған – 9-баған)

Салық төлеуші мен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органы деректерінің сәйкестігі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органы қорытындысы (сәйкес келмеген жағдайда, сәйкес келмеу себебін көрсету)

8

9

10

11

      _______________________________________________________________________

      (қорытынды жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Ескерту:

      БСН – бизнес–сәйкестендіру нөмірі;

      ЕТСР – еңбекпен табылмаған сыйлықақылар бойынша резервтері.

  Еңбекпен табылмаған
сыйлықақылар, болмаған
залалдар, мәлімделген, бірақ
реттелмеген залалдар, болған,
бірақ мәлімделмеген залалдар
бойынша сақтандыру резервтері
мөлшерінің Қазақстан
Республикасының сақтандыру
және сақтандыру қызметі
туралы заңнамасында
белгіленген талаптарға
сәйкестігі туралы қорытындыны
ұсыну қағидаларына
  2-қосымша
  нысан

Болмаған залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды

Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының деректемелері

Кезең

БЗР

БСН

Атауы

Салық төлеушінің деректері бойынша есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Салық төлеушінің деректері бойынша алдыңғы жылдың есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Салық төлеушінің деректері алдыңғы салық кезеңі үшін БЗР бойынша айырма сомасы (5-баған – 6-баған)

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

БЗР

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының деректері бойынша есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының деректері бойынша алдыңғы жылдың есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының деректері бойынша салық кезеңі үшін БЗР бойынша айырма сомасы (8-баған – 9-баған)

Салық төлеуші мен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органы деректерінің сәйкестігі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органы қорытындысы (сәйкес келмеген жағдайда, сәйкес келмеу себебін көрсету)

8

9

10

11

      _________________________________________________________________________

      (қорытынды жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Ескерту:

      БСН – бизнес–сәйкестендіру нөмірі;

      БЗР – болмаған залалдар бойынша резервтері.

  Еңбекпен табылмаған
сыйлықақылар, болмаған
залалдар, мәлімделген, бірақ
реттелмеген залалдар, болған,
бірақ мәлімделмеген залалдар
бойынша сақтандыру резервтері
мөлшерінің Қазақстан
Республикасының сақтандыру
және сақтандыру қызметі
туралы заңнамасында
белгіленген талаптарға
сәйкестігі туралы қорытындыны
ұсыну қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды

Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының деректемелері

Кезең

МРЗР

БСН

Атауы

Салық төлеушінің деректері бойынша есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Салық төлеушінің деректері бойынша алдыңғы жылдың есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Салық төлеушінің деректері алдыңғы салық кезеңі үшін МРЗР бойынша айырма сомасы (5-баған – 6-баған)

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

МРЗР

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының деректері бойынша есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының деректері бойынша алдыңғы жылдың есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының деректері бойынша салық кезеңі үшін МРЗР бойынша айырма сомасы (8-баған – 9-баған)

Салық төлеуші мен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органы деректерінің сәйкестігі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органы қорытындысы (сәйкес келмеген жағдайда, сәйкес келмеу себебін көрсету)

8

9

10

11

      ________________________________________________________________________

      (қорытынды жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Ескерту:

      БСН – бизнес–сәйкестендіру нөмірі;

      МРЗР – мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша резервтері.

  Еңбекпен табылмаған
сыйлықақылар, болмаған
залалдар, мәлімделген, бірақ
реттелмеген залалдар, болған,
бірақ мәлімделмеген залалдар
бойынша сақтандыру резервтері
мөлшерінің Қазақстан
Республикасының сақтандыру
және сақтандыру қызметі
туралы заңнамасында
белгіленген талаптарға
сәйкестігі туралы қорытындыны
ұсыну қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды

Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының деректемелері

Кезең

БМЗР

БСН

Атауы

Салық төлеушінің деректері бойынша есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Салық төлеушінің деректері бойынша алдыңғы жылдың есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Салық төлеушінің деректері алдыңғы салық кезеңі үшін БМЗР бойынша айырма сомасы (5-баған – 6-баған)

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

БМЗР

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының деректері бойынша есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының деректері бойынша алдыңғы жылдың есепті салық кезеңінің соңына (___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының деректері бойынша салық кезеңі үшін БМЗР бойынша айырма сомасы (8-баған – 9-баған)

Салық төлеуші мен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органы деректерінің сәйкестігі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органы қорытындысы (сәйкес келмеген жағдайда, сәйкес келмеу себебін көрсету)

8

9

10

11

      ________________________________________________________________________

      (қорытынды жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Ескерту:

      БСН – бизнес– әйкестендіру нөмірі;

      БМЗР – болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша резервтері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады