"Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 426 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 мамырда № 22691 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16691 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы алынып тасталсын;

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаларда көзделген тиісті құжаттармен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті табыс еткен кезде қосылған құн салығынан босатылады.

      3. Ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталарының (мәдени-тарихи құндылықты білдіретін банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты кезінде тауарға ілеспе құжаттар ұсынылады.";

      10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ғарыш объектілерінің, жербеті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдығының импорты кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) тауарға ілеспе құжаттар;

      2) ғарыш қызметінің мақсаттары үшін ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдықтарын әкелу туралы растамасы.

      11. Кез келген нысандағы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың импорты кезінде мынадай шарттар жиынтығы сақталады:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 399-бабының 1-тармақтың 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) тіркелуі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытындының (рұқсат беру құжаты) болуы;

      2) Салық кодексінің 399-бабының 1-тармақтың 10) тармақшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітетін тауарлар тізбесінде болуы;

      3) мынадай құжаттардың болуы:

      фармацевтикалық қызметке немесе медициналық қызметке лицензияның және (немесе) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген тәртіппен медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудада өткізуге берілген қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның қабылданғаны туралы талонның (бұдан әрі – хабарламаның қабылданғаны туралы талон) көшірмелері;

      толық фирмалық атауы, тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары (фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа құжаттар) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының нақты тауар субпозициясына біржола жатқызуға мүмкіндік беретін құжат ұсынылады.

      Бұл ретте:

      Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық техника үшін – Мемлекеттік тізілімнің электрондық дерекқорында мәліметтердің немесе дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік орган беретін Мемлекеттік тізілімнен үзіндінің болуы немесе немесе дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, медициналық техникаға тіркеу куәлігінің көшірмесін ұсыну;

      Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық техника үшін – "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 251-бабының 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайларда дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік органның әкелу туралы қорытындысын (рұқсат құжатын) болуы;

      Қазақстан Республикасының аумағына мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде импортталатын тауарлар үшін мынадай құжаттар ұсыну:

      Заңға сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензияның және (немесе) хабарламаның қабылданғаны туралы талонның немесе медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған электрондық құжат түріндегі талон көшірмесі;

      толық фирмалық атауы, тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары (фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа құжаттар) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының нақты тауар субпозициясына біржола жатқызуға мүмкіндік беретін құжат ұсынылады;

      тапсырыс беруші мен импортты жүзеге асыратын жеткізуші арасында жасалған шарт.

      12. Ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдардың және ветеринариялық техниканың, мүгедектерге берілетін арнайы қозғалыс құралдарының, сурдотифлотехниканың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы зарттардың импорты кезінде мынадай шарттар жиынтығы сақталады:

      1) Салық кодексінің 399-бабының 1-тармақтың 11) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітетін тауарлар тізбесінде болуы;

      2) мынадай құжаттардың болуы:

      ветеринария саласындағы лицензияланатын қызмет түріне арналған лицензияның немесе ветеринария саласындағы қызметті растайтын құжаттың көшірмесі;

      толық фирмалық атауы, тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары (фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа құжаттар) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының нақты тауар субпозициясына біржола жатқызуға мүмкіндік беретін құжат ұсынылады.

      Бұл ретте:

      ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) импортталатын дәрілік заттар үшін – ветеринариялық препараттың Қазақстан Республикасында немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну (ветеринариялық препараттардың үлгілері тіркеу сынағын жүргізу үшін әкелінетін жағдайларды қоспағанда);

      Қазақстан Республикасының аумағына мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде импортталатын тауарлар үшін мынадай құжаттар ұсыну:

      ветеринария саласындағы лицензияланатын қызмет түріне лицензияның немесе ветеринария саласындағы қызметті растайтын құжаттың көшірмесі;

      толық фирмалық атауы, тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары (фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа құжаттар) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының нақты тауар субпозициясына біржола жатқызуға мүмкіндік беретін құжат ұсынылады;

      тапсырыс беруші мен импортты жүзеге асыратын жеткізуші арасында жасалған шарт;

      кез келген нысандағы импортталатын дәрілік заттарды өндіруге арналған материалдар, жабдықтар мен жинақтаушылар, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника үшін мынадай құжаттар ұсыну:

      фармацевтикалық қызметке лицензияның көшірмесі;

      толық фирмалық атауы, тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары (фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа құжаттар) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының нақты тауар субпозициясына біржола жатқызуға мүмкіндік беретін құжат ұсынылады;

      импортталатын мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдар, арнаулы жүріп-тұру құралдар үшін мынадай құжаттар ұсыну:

      фармацевтикалық қызметке лицензияның көшірмесі немесе медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған хабарламаның қабылданғаны туралы талон немесе заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің) көшірмесі;

      толық фирмалық атауы, тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары (фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа құжаттар) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының нақты тауар субпозициясына біржола жатқызуға мүмкіндік беретін құжат ұсынылады.

      13. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, екінші деңгейдегі банк немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы – заңды тұлға импорттайтын инвестициялық алтынның импорты кезінде тауарға ілеспе құжаттар ұсынылады.

      14. Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттардың импорты кезінде тауарға ілеспе құжаттар ұсынылады.

      15. Салық кодексінің 456-бабының 2-тармағына сәйкес арнайы инвестициялық келісімшарттар жасасу жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде заңды тұлға еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізаттың және (немесе) материалдардың, сондай-ақ олардың құрамдастарының импорты кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) көлік құралдарын өндірушілерге қатысты – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім немесе көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім;

      2) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге қатысты – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім;

      3) құрамдастарды өндірушілерге қатысты – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамсында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады