"Салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға қатысты салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушiлер санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 445 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 мамырда № 22741 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға қатысты салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушілер санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16295 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 157-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      осы бұйрықпен бекітілген Салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері, сондай-ақ оларға қатысты салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушілер санаттарында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері, сондай-ақ оларға қатысты салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушілер санаттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 157-бабын іске асыру мақсатында әзірленді.

      2. Осы қағидалардың ережелері:

      1) Салық кодексінің 142-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, оның ішінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомаларының дұрыстығын растау мәселесі бойынша және мыналардың:

      қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша қосылған құн салығының декларациясындағы салық төлеуші талабының;

      Салық кодексінің 432-бабының 1 немесе 2-тармақтарын қолдануға байланысты ұсынылатын қосылған құн салығының асып кетуінің дұрыстығын растау үшін салық төлеушінің салық өтінішінің негізінде салық төлеушіге қатысты жүргізілетін тақырыптық тексерулерді;

      2) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдануға байланысты, сондай-ақ бейрезиденттің осындай салық өтінішін қайта қарау туралы жүгінуіне байланысты бейрезиденттің бюджеттен табыс салығын қайтаруға салық өтінішінің негізінде тексерулерді қоспағанда, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелуі, ұсталуы, аударылуы, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың және өсімпұлдардың есептелуі және төленуі бойынша сомаларды есептеуге, шығындарды азайтуға әкеп соқтыратын салықтық тексерулерге қолданылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мынадай:

      1) осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімде, оның өткен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша қарсылықты ұсынбаған;

      2) жазбаша қарсылықты кері қайтарып алуды мемлекеттік кірістер органы алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша қарсылықты кері қайтарып алған;

      3) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген салықтық зерттеу актісі жасалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде салықтық зерттеу нәтижелері бойынша салық төлеуші орналасқан жерінде болмаған жағдайларда, салықтық тексеру Салық кодексінің 18-тарауында белгіленген тәртіппен аяқталуға жатады.

      Бұл ретте осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, салықтық тексеру аяқталғанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) Салық кодексінің 146-бабында белгіленген тәртіппен салықтық тесеруді жаңарту туралы хабарлама табыс етіледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушінің жазбаша қарсылығын қарау қорытындысы бойынша салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы жазбаша қарсылық бойынша қабылданған шешімді, соның ішінде осы Қағиданың 14-тармағында қарастырылған Комитеттің жауабын ескере отырып, салықтық тексеру актісін жасайды.

      Салықтық тексеру Салық кодексінің 18-тарауында белгіленген тәртіппен аяқталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады