Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкері немесе Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жұмыскері шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және және шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке әкеп соқпаған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2021 жылғы 26 шiлдедегi № 11-1-4/302 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 шiлдеде № 23728 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкері немесе Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жұмыскері шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және және шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке әкеп соқпаған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы
Ш. Нурышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________________

      2021 жылғы "__" __________

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
2021 жылғы 26 шілдедегі
№ 11-1-4/302 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкері немесе Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жұмыскері шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және және шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке әкеп соқпаған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкері немесе Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жұмыскері шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және және шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке әкеп соқпаған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 27-14) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкері немесе Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жұмыскері (бұдан әрі – дипломатиялық қызмет персоналы) шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және және шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке әкеп соқпаған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы (бұдан әрі – біржолғы өтемақы) төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Егер дипломатиялық қызмет персоналының қаза табуы, ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты емес мән-жайларға байланысты болғаны белгіленген тәртіппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.

2-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналы шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жағдайда біржолғы өтемақы алу үшін қажетті құжаттарды беру тәртібі

      3. Дипломатиялық қызмет персоналы шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жағдайда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі (бұдан әрі – шетелдегі мекеме) дипломатиялық қызмет персоналының қаза табуына әкеп соққан мән – жайларды көрсете отырып, осы факт туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Персоналды басқару қызметі не (бұдан әрі – Министрлік) дереу жібереді.

      4. Егер болу мемлекетінің заңнамасында өзге мерзімдер көзделмесе, дипломатиялық қызмет персоналы қаза тапқаннан кейін 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей шетелдегі мекеме Министрліктің Персоналды басқару қызметі не мынадай құжаттарды жібереді:

      1) дипломатиялық қызмет персоналының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі;

      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаның нысанына сәйкес дипломатиялық қызмет персоналының шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза табуы (қайтыс болуы) туралы акт;

      3) медициналық мекеме берген қайтыс болу туралы медициналық анықтаманың немесе болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес қайтыс болу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмелері.

      5. Осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, шетел тілінде жасалған құжат қазақ немесе орыс тілдеріне аударылады, консулдық лауазымды адамның қолымен куәландырылады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрмен (бұдан әрі – елтаңбалық мөр) бекітіледі.

      6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттар толық көлемде жолданбаған жағдайда, Министрліктің Персоналды басқару қызметі мерзімі жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы шетелдегі мекемеге хабарлайды және оларды ұсынудың 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімді белгілейді.

      7. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалатын дипломатиялық қызмет персоналының жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстарының бірі дипломатиялық қызмет персоналы қайтыс болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей Министрліктің Персоналды басқару қызметі не осы Қағидаларға 2-қосымшаның нысанына сәйкес біржолғы өтемақы төлеуге өтініш береді.

3-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналы шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттың салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған жағдайда біржолғы өтемақы алу үшін қажетті құжаттарды беру тәртібі

      8. Дипломатиялық қызмет персоналы шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алған кезде шетелдегі мекеме дипломатиялық қызмет персоналының жарақат алуына әкеп соққан мән-жайларды көрсете отырып, осы факт туралы ақпаратты, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаның нысанына сәйкес дипломатиялық қызмет персоналының шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алғаны туралы актіні Министрліктің Персоналды басқару қызметі не дереу жібереді.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көзделген актінің көшірмесін шетелдегі мекеме шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алған дипломатиялық қызмет персоналына ұсынады.

      9. Шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттың салдарынан бір жыл ішінде дипломатиялық қызмет персоналы қайтыс болған жағдайда "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалатын дипломатиялық қызмет персоналының жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстарының бірі, Министрліктің Персоналды басқару қызметі және шетелдегі мекеме осы Қағидалардың 2-тарауында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады.

      10. Дипломатиялық қызмет персоналы шекарада қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттың салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған жағдайда, ол шетелдегі мекемеде жұмысын тоқтатқаннан кейін, дипломатиялық қызмет қайтыс болған персоналының жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстарының бірі "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалатын, дипломатиялық қызмет персоналы қайтыс болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей Министрліктің Персоналды басқару қызметі не мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаның нысанына сәйкес біржолғы өтемақы төлеуге өтініш;

      2) дипломатиялық қызмет персоналының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі;

      3) дипломатиялық қызмет персоналының шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алу фактісі бойынша болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес берілген медициналық қорытынды;

      4) шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттың салдарынан дипломатиялық қызмет персоналының бір жыл ішінде қайтыс болу фактісі бойынша медициналық қорытынды;

      5) осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алған дипломатиялық қызмет персоналына шетелдік мекеме ұсынған актінің көшірмесін ұсынады.

      11. Осы Қағидалардың 10-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, шет тілінде жасалған құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылады, консулдық лауазымды адамның қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

4-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналы шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген және және шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке әкеп соқпаған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында оған біржолғы өтемақы алуға қажетті құжаттарды беру тәртібі

      12. Шетелдегі мекеме дипломатиялық қызмет персоналы шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) мән-жайларын көрсете отырып, осы факт туралы ақпаратты, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дипломатиялық қызмет персоналының шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) туралы актіні Министрліктің Персоналды басқару қызметі не дереу жібереді.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көзделген актінің көшірмесін шетелдегі мекеме шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) дипломатиялық қызмет персоналына ұсынады.

      13. Дипломатиялық қызмет персоналы шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан туындаған немесе мүгедектікке әкеп соқпаған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан кейін мүгедектік белгіленген күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей Министрліктің Персоналды басқару қызметі не мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаның нысанына сәйкес біржолғы өтемақы төлеуге өтініш;

      2) дипломатиялық қызмет персоналына мүгедектік белгіленгенін растайтын медициналық қорытынды немесе болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес берілген дипломатиялық қызмет персоналының шетмелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алу фактісі бойынша медициналық қорытынды немесе куәландыру болып табылады;

      3) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алған дипломатиялық қызмет персоналына шетелдегі мекеме ұсынған актінің көшірмесін ұсынады.

      14. Осы Қағидалардың 13-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, шет тілінде жасалған құжат қазақ немесе орыс тілдеріне аударылады, консулдық лауазымды адамның қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

5-тарау. Біржолғы өтемақы төлеу тәртібі

      15. Министрліктің Персоналды басқару қызметі осы Қағидалардың 7, 10 және 13-тармақтарында көзделген құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылған құжаттардың толықтығын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      16. Құжаттарды толық көлемде алмаған жағдайда, Министрліктің Персоналды басқару қызметі осы Қағидалардың 7, 10 және 13 тармақтарына сәйкес Министрліктің Персоналды басқару қызметіне құжаттарды берген тұлғаны (бұдан әрі-өтініш беруші) жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді және оларды ұсынудың 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімін белгілейді.

      17. Министрліктің Персоналды басқару қызметі құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде біржолғы өтемақы төлеу туралы бұйрықтың (бұдан әрі – бұйрықтың жобасы) немесе біржолғы өтемақы төлеуден дәлелді бас тарту туралы хаттың жобасын әзірлейді, оны Министрліктің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің (бұдан әрі – Министр) немесе оның міндетін атқаратын адамның қарауына енгізеді.

      18. Министр немесе оның міндетін атқарушы адам Министрліктің Персоналды басқару қызметі бұйрықтың немесе біржолғы өтемақы төлеуден дәлелді бас тарту туралы хаттың жобасын ұсынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде біржолғы өтемақы төлеу немесе төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      19. Біржолғы өтемақы төлеуден дәлелді бас тарту осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген жағдайда ұсынылады.

      20. Министрліктің Персоналды басқару қызметі 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні Министрдің немесе оның міндетін атқарушы адамның қабылдаған шешімі туралы хабардар етеді.

      21. Біржолғы өтемақы Министрдің немесе оның міндетін атқарушы адамның біржолғы өтемақы төлеу туралы бұйрығы қабылданған күннен бастап 1 (бір) айдан кешіктірілмей осы Қағидалардың 7-тармағында, 10-тармағының 1) тармақшасында және 13-тармағының 1) тармақшасында көзделген өтініштерде көрсетілген банк шотына аудару арқылы төленеді.

      22. Біржолғы өтемақы төлеу Заңның 25-бабының 9, 12 және 13-тармақтарында белгіленген мөлшерлерде республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
дипломатиялық қызметінің
қызметкері немесе
Қазақстан Республикасы
дипломатиялық қызметінің
жұмыскері шетелде қызметтік
міндеттерін орындау кезінде
қаза тапқан не шетелде
қызметтік міндеттерін орындау
кезінде алған жарақаты
салдарынан бір жыл ішінде
қайтыс болған, оған шетелде
қызметтік міндеттерін орындау
кезінде ауруы, мертігуі
(жаралануы, жарақаттануы,
контузия алуы) салдарынан
болған мүгедектік белгіленген
жағдайда және және шетелде
қызметтік міндеттерін орындау
кезінде мүгедектікке әкеп
соқпаған мертігуі (жаралануы,
жарақаттануы, контузия алуы)
жағдайында біржолғы өтемақы
төлеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемесінің басшысы
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(болған кезде)
____________________________
Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемесі
басшысының қолы
202___ жылғы "__" _________

Шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде дипломатиялық қызмет персоналының қаза табуы (қайтыс болуы) туралы акт

      1. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы және мекен-

      жайы:______________________________________________________________

      2. Дипломатиялық қызмет персоналының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      лауазымы:________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қызмет персоналының жасы:

      ____________________________________________________________________

      4. Оқиғаның уақыты мен күні: __________________________________________

      5. Оқиға орны: _______________________________________________________

      6. Оқиғаның себебі: __________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      7. Оқиғаға әкеп соққан мән-жайлар: _____________________________________

      ____________________________________________________________________

      8. Оқиға куәгерлері (болған жағдайда):

      _____________________________________________ __________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)             (қолы)

      _____________________________________________ __________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)             (қолы)

      _____________________________________________ __________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)             (қолы)

      Дипломатиялық қызмет персоналының шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза табуы (қайтыс болуы) туралы осы Акт дипломатиялық қызмет персоналының қаза табуы (қайтыс болуы) оның шетелдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде болғанын растайды

      ________________________________________________________________.

      (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауын көрсету)

  Қазақстан Республикасы
дипломатиялық қызметінің
қызметкері немесе
Қазақстан Республикасы
дипломатиялық қызметінің
жұмыскері шетелде қызметтік
міндеттерін орындау кезінде
қаза тапқан не шетелде
қызметтік міндеттерін орындау
кезінде алған жарақаты
салдарынан бір жыл ішінде
қайтыс болған, оған шетелде
қызметтік міндеттерін орындау
кезінде ауруы, мертігуі
(жаралануы, жарақаттануы,
контузия алуы) салдарынан
болған мүгедектік белгіленген
жағдайда және және шетелде
қызметтік міндеттерін орындау
кезінде мүгедектікке әкеп
соқпаған мертігуі (жаралануы,
жарақаттануы, контузия алуы)
жағдайында біржолғы өтемақы
төлеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Кімге:
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Персоналды басқару қызметі
Кімнен:
___________________________
Өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты
(болған жағдайда)
мекенжайы бойынша тұратын:
____________________________
____________________________
өтініш берушінің жеке
сәйкестендіру номері және жеке
басын куәландыратын
құжаттың деректемелері:
___________________________
____________________________

Біржолғы өтемақы төлеуге өтініш

      Сізден _____________________________________________________________

      өтініш беруші Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналы

      болып табылатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының

      дипломатиялық қызмет персоналына қатысты тегін, атын, әкесінің атын (бар болса),

      туыстық дәрежесін көрсету) оқиғасына байланысты біржолғы өтемақы

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

                  (біржолғы өтемақы төленетін оқиғаның сипатын көрсету)

      және келесі банктік деректемелерге аударуды сұраймын:

      __________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________.

      (алушының Жеке шотының немесе карта - шотының банктік деректемелерін көрсету)

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1.__________________________________

      2.__________________________________

      3.__________________________________

      20___жылғы "___"_____________

      _______________________

      Тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда) өтініш берушінің

      _______________________

      (өтініш берушінің қолы)

      Құжаттар қабылданды:

      20___жылғы "___"_____________

      ________________________

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      Персоналды басқару қызметінің лауазымды адамының

      тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      _______________________

      (Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      Персоналды басқару қызметінің

      лауазымды адамының қолы)

  Қазақстан Республикасы
дипломатиялық қызметінің
қызметкері немесе
Қазақстан Республикасы
дипломатиялық қызметінің
жұмыскері шетелде қызметтік
міндеттерін орындау кезінде
қаза тапқан не шетелде
қызметтік міндеттерін орындау
кезінде алған жарақаты
салдарынан бір жыл ішінде
қайтыс болған, оған шетелде
қызметтік міндеттерін орындау
кезінде ауруы, мертігуі
(жаралануы, жарақаттануы,
контузия алуы) салдарынан
болған мүгедектік белгіленген
жағдайда және және шетелде
қызметтік міндеттерін орындау
кезінде мүгедектікке әкеп
соқпаған мертігуі (жаралануы,
жарақаттануы, контузия алуы)
жағдайында біржолғы өтемақы
төлеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемесінің басшысы
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(болған кезде)
____________________________
Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемесі
басшысының қолы
202___ жылғы "__" _________

Шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде дипломатиялық қызмет персоналының жарақат алуы туралы акт

      1. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы және мекен-

      жайы:____________________________________________________________

      2. Жарақат алған дипломатиялық қызмет персоналының тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса), лауазымы:________________________________________________

      3. Жарақат алған дипломатиялық қызмет персоналының жасы:

      ________________________________________________________________

      4. Оқиғаның уақыты мен күні: ______________________________________

      5. Оқиға орны: ___________________________________________________

      6. Оқиғаның себебі: _______________________________________________

      ________________________________________________________________

      7. Оқиғаға әкеп соққан мән-жайлар: _________________________________

      ________________________________________________________________

      8. Оқиға куәгерлері (болған жағдайда):

      ____________________________________________ __________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)             (қолы)

      ____________________________________________ __________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)             (қолы)

      ____________________________________________ __________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)             (қолы)

      9.Жарақат алған сәтте жарақат алған дипломатиялық қызмет персоналының физикалық

      жай-күйі:

      ___________________________________________________________________.

      Дипломатиялық қызмет персоналының шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алғаны туралы осы Акт дипломатиялық қызмет персоналының жарақат алуы оның шетелдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде болғанын растайды

      ____________________________________________________________________.

      (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауын көрсету)

  Қазақстан Республикасы
дипломатиялық қызметінің
қызметкері немесе
Қазақстан Республикасы
дипломатиялық қызметінің
жұмыскері шетелде қызметтік
міндеттерін орындау кезінде
қаза тапқан не шетелде
қызметтік міндеттерін орындау
кезінде алған жарақаты
салдарынан бір жыл ішінде
қайтыс болған, оған шетелде
қызметтік міндеттерін орындау
кезінде ауруы, мертігуі
(жаралануы, жарақаттануы,
контузия алуы) салдарынан
болған мүгедектік белгіленген
жағдайда және және шетелде
қызметтік міндеттерін орындау
кезінде мүгедектікке әкеп
соқпаған мертігуі (жаралануы,
жарақаттануы, контузия алуы)
жағдайында біржолғы өтемақы
төлеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемесінің басшысы
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(болған кезде)
____________________________
Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемесі
басшысының қолы
202___ жылғы "__" _________

Шетелде дипломатиялық қызмет персоналының қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) туралы акт

      1. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы және мекен- жайы:

      ______________________________________________________________

      2. Мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) дипломатиялық

      қызмет персоналының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы):

      _______________________________________________________________

      3. Мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған дипломатиялық қызмет

      персоналының жасы):__________________________________________

      _______________________________________________________________

      4. Оқиғаның уақыты мен күні: _____________________________________

      5. Оқиға орны: __________________________________________________

      6. Оқиғаның себебі: ______________________________________________

      _______________________________________________________________

      7. Оқиғаға әкеп соққан мән-жайлар: ________________________________

      _______________________________________________________________

      8. Оқиға куәгерлері (болған жағдайда):

      ____________________________________________ __________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)             (қолы)

      ____________________________________________ __________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)             (қолы)

      ____________________________________________ __________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы) ( қолы)

      9. Мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) кезде мертіккен

      (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) дипломатиялық қызмет персоналының

      физикалық жай-күйі):

      _______________________________________________________________

      10. Мертігу түрі:

      _______________________________________________________________.

      (жарақат, контузия)

      Дипломатиялық қызмет персоналының шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертіккені (жараланғаны, жарақаттанғаны, контузия алғаны) туралы осы Акт дипломатиялық қызмет персоналының мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) оның шетелдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде болғанын растайды

      ________________________________________________________________.

      (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауын көрсету)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады