"Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 28 шілдедегі № 269 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 шілдеде № 23784 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 174 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.05.2023 № 174 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 139 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13533 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. МӘМ-де зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалануға арналған комиссия құрылады.

      Комиссия тақ саннан тұрады, бірақ 7 адамнан кем емес. Комиссияның құрамына МӘМ-нің басшысы немесе оның орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) (бұдан әрі – уәкілетті орган) және аталған өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері (келісім бойынша), медициналық бөлімшенің меңгерушісі, бухгалтер, диеталық тамақтану жөніндегі мейірбике, МӘМ-нің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы кіреді.

      Комиссияның төрағасы комиссия мүшелерінің қатарынан сайланады.

      Комиссия отырысы оның үштен екі құрамы болған кезде заңды болып саналады.

      МӘМ-нің дауыс беруге қатыспайтын қызметкері комиссияның хатшысы болып тағайындалады.

      Комиссия отырысы айына 1 реттен кем емес өтеді және мыналарды:

      адамдардың және қамқорлықтағылардың – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін санитариялық гигиена заттарына, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге (бұдан әрі – санитариялық гигиена заттары, дәрілік заттар мен медициналық қызметтер), киім, ішкиім, аяқ киім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар мен қатты инвентарьға (бұдан әрі – киім, аяқ киім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар мен қатты инвентарь);

      қамқорлықтағылардың – қосымша тамаққа, күнделікті қажетті заттарға (бұдан әрі – жеке қажеттіліктер) қажеттілігін айқындайды.

      Комиссияның шешімі, егер оны кемінде құрамының үштен екісі қолдаса қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша бір жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

      Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізілген жағдайда комиссия мүшелері комиссия отырысына онлайн режимде қатыса алады. Бұл жағдайда, олардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалануға қатысты ұстанымдары (жеке қажеттіліктер, киім, аяқкиім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар, қатты инвентарь сатып алу) комиссия отырысы өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде МӘМ-ге мемлекеттік органдардың құжат айналымы жүйесінің бірыңғай жүйесі арқылы немесе жұмыс электрондық поштасына жазбаша түрде жіберіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Адамдардың және қарқорлықтағылардың ҚБШ-ға түскен зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылары осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар, қатты инвентарьды және санитариялық гигиена заттарды, дәрілік заттар мен медициналық қызметтер сатып алуға пайдаланылады.

      Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтарын, техникалық қосалқы құралдары мен қатты инвентарьды және санитариялық гигиена заттарын, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді сатып алу "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар, қатты инвентарьды сатып алуды жүзеге асыру үшін жауапты маман комиссия шешімінің көшірмесін және құжаттың көшірмесін (шот-фактуралар немесе тауарды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) қоса береді (тіркейді).

      МӘМ-нің жеке банктік шотындағы немесе ҚБШ зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану туралы комиссияның шешімі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.

      Адамдардың, қамқорлықтағылардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын пайдалану тиісті журналда белгіленеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген киім, аяқ киім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар, қатты инвентарьды сатып алуға және (немесе) ҚБШ-дағы қаражат есебінен қамтамасыз етуге келмейтін олардың құнына қаражат жетпеген кезде жергілікті атқарушы органдар оларды сатып алуға қосымша шығысты қарастырады.";

      1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Шапкенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 28 шілдедегі
№ 269 бұйрығына
1-қосымша
  Медициналық-әлеуметтік
мекемелердің (ұйымдардың)
жасына байланысты, еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдері мен
мүгедектігі бойынша,
асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша берілетін
мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақыларды пайдалану
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Комиссияның зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды қамқорлықтағылардың жеке қажеттіліктеріне пайдалануы туралы ШЕШІМІ

      20__ жылғы___________ № ___________

      Қамқорлықтағылардың қажеттіліктерін ескере отырып, комиссия былай деп ШЕШТІ:

      Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар мыналарға жұмсалсын:

Қамқорлықтағылардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қамқорлықтағылардың қажеттілігі

Өлшем бірлігі

Пайдалану мақсаттары

Қолдау тапты/қолдау таппады


























      Комиссия мүшелерінің айрықша ой-пікірлері

      ____________________________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің басшысы/басшы орынбасары

      ______ ______________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Уәкілетті органның өкілі* ______ __________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Үкіметтік емес ұйымның өкілі* ____________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің медицина бөлімшесінің меңгерушісі*

      ________ ______________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің диеталық тамақтану жөніндегі мейіргері*

      ________ ______________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы*

      ________ ______________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің бухгалтері*

      ________ ______________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      * Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізілген жағдайда комиссия мүшелері комиссия отырысына онлайн режимде қатыса алады. Бұл жағдайда, олардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалануға қатысты ұстанымдары (жеке қажеттіліктер, киім, аяқкиім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар, қатты инвентарь сатып алу) комиссия отырысы өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде МӘМ-ге мемлекеттік органдардың құжат айналымы жүйесінің бірыңғай жүйесі арқылы немесе жұмыс электрондық поштасына жазбаша түрде жіберіледі.

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 28 шілдедегі
№ 269 бұйрығына
2-қосымша
  Медициналық-әлеуметтік
мекемелердің (ұйымдардың)
жасына байланысты, еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдері мен
мүгедектігі бойынша,
асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша берілетін
мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақыларды пайдалану
қағидаларына
2-қосымша

Киім, ішкиім, аяқ киім және төсек жабдықтарының тізбесі

      1. Киім:

      1) пальто, күрте;

      2) плащ, ветровка;

      3) жүн маталардан тігілген костюм;

      4) мақта маталардан тігілген костюм;

      5) спорттық костюм;

      6) шалбар, джинсы, шорты;

      7) көйлек, сарафан, халат;

      8) жүн маталардан тігілген юбка, мақта маталардан тігілген юбка;

      9) мақта маталардан тігілген блузка;

      10) свитер, жакет, жемпір, кофта, трикотаж жаймадан тігілген жилет;

      11) трико;

      12) футболка;

      13) мақта маталардан тігілген кеудеге киетін жейде.

      2. Ішкиім:

      1) трусы, панталон;

      2) түнде киетін жейде, пижама;

      3) майка;

      4) мақта маталардан және эластикалық трикотаж жаймадан тігілген туалет бұйымдары (бюстгальтер);

      5) кальсондар;

      6) гамаштар.

      3. Орамал-шарф бұйымдары мен бас киімдер:

      1) шарф;

      2) шапка, берет;

      3) панама, фуражка, кепкалар;

      4) әйелдердің бас орамалы;

      5) тақия;

      6) қолғаптар, биялайлар;

      7) жүн орамал (жартылай жүн);

      8) тоқыма шапка.

      4. Носки-шұлық бұйымдары:

      1) колготки;

      2) шұлық, носки;

      3) гольфы.

      5. Аяқ киім:

      1) қысқы етік, киізден тігілген аяқ киім;

      2) пима;

      3) маусымдық етіктер;

      4) қысқа етік;

      5) бәтеңке, туфли;

      6) қысқа бәтеңке;

      7) аяқ киім немесе сандалилер;

      8) спорттық аяқ киім;

      9) бөлмеде киетін тәпішке;

      10) сланцы.

      6. Төсек жабдықтары:

      1) ақ жайма;

      2) көрпе тысы;

      3) жастық тысы;

      4) матрац (оның ішінде басылып қалмайтын матрац);

      5) жастық;

      6) көрпе;

      7) жамылғы;

      8) вафельді сүлгі;

      9) түкті сүлгілер.

      7. Техникалық қосалқы құралдар:

      1) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;

      2) корсет;

      3) бандаждар, емдік белбеулер;

      4) есту аппараттары;

      5) бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар;

      6) серуендеуге арналған кресло-арбалар;

      7) сіңіргіш жаймалар (жаялықтар).

      8. Қатты инвентарь:

      1) керует;

      2) көп функциялы керует;

      3) үстел;

      4) орындық;

      5) шкаф;

      6) керует жанындағы үстелше.

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 28 шілдедегі
№ 269 бұйрығына
3-қосымша
  Медициналық-әлеуметтік
мекемелердің (ұйымдардың)
жасына байланысты, еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдері мен
мүгедектігі бойынша,
асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша берілетін
мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақыларды пайдалану
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

МӘМ-нің жеке банктік шотындағы немесе ҚБШ зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалану туралы комиссияның ШЕШІМІ

      20__ жылғы___________ № ___________

      Адамдардың және қамқорлықтағылардың қажеттіліктерін ескере отырып, комиссия былай деп ШЕШТІ:

      Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар мыналарға жұмсалсын:

Адамдардың және қамқорлықтағылардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Адамдардың және қамқорлықтағылардың қажеттілігі

Өлшем бірлігі

Пайдалану мақсаттары

Қолдау тапты/қолдау таппады































      Комиссия мүшелерінің айрықша ой-пікірлері

      _____________________________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің басшысы/басшы орынбасары

      ________ _____________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Уәкілетті органның өкілі* ______ ____________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Үкіметтік емес ұйымның өкілі* ______________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің медицина бөлімшесінің меңгерушісі*

      _________ ____________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің диеталық тамақтану жөніндегі мейіргері*

      _________ ____________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы*

      _________ ____________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің бухгалтері*

      _________ ____________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      * Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізілген жағдайда комиссия мүшелері комиссия отырысына онлайн режимде қатыса алады. Бұл жағдайда, олардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалануға қатысты ұстанымдары (жеке қажеттіліктер, киім, аяқкиім және төсек жабдықтары, техникалық қосалқы құралдар, қатты инвентарь сатып алу) комиссия отырысы өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде МӘМ-ге мемлекеттік органдардың құжат айналымы жүйесінің бірыңғай жүйесі арқылы немесе жұмыс электрондық поштасына жазбаша түрде жіберіледі.

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 28 шілдедегі
№ 269 бұйрығына
4-қосымша
  Медициналық-әлеуметтік
мекемелердің (ұйымдардың)
жасына байланысты, еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдері мен
мүгедектігі бойынша,
асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша берілетін
мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақыларды пайдалану
қағидаларына
4-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы ЕСЕП

      Ұсынылады: облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары, Алматы қаласының әлеуметік әл-ауқат басқармаcы

      Әкімшілік деректер нысаны интернет – ресурста орналыстырылған: www.enbek.gov.kz

      Есепті кезең 20___ жылғы ________

      Индекс: 1-АЗТМӘЖП

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: медициналық-әлеуметтік мекеме басшылары

      Ұсыну мерзімі: ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін

      теңге

Р/с №

Есепті кезеңнің басына ҚБШ-дағы ақшалай қаражаттың қалдығы

Есепті кезеңге түсімдердің сомасы

Есепті кезеңге жүргізілген шығыстардың сомасы

Есепті кезеңнің аяғына ҚБШ-дағы ақшалай қаражаттың қалдығы

1

2

3

4

5






      Медициналық-әлеуметтік мекеменің басшысы

      _________ ______________________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің бухгалтері

      _________ ______________________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің атауы __________________________

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің мекенжайы _____________________

      М.О. 20___ жылғы "__" ________

      Ескертпе: "Адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

"Адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (индекс 1-АЗТМӘЖП, кезеңділігі ай сайын)

      1. "Адамдардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) медициналық-әлеуметтік мекемелер облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларына, Алматы қаласының әлеуметік әл-ауқат басқармаcына ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ұсынады.

      2. Нысанға медициналық-әлеуметтік мекеме басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      3. Нысанның 1-бағанында жолдардың реттік нөмірлері көрсетіледі.

      4. Нысанның 2-бағанында есепті кезеңнің басына ҚБШ-дағы ақшалай қаражаттың қалдығы көрсетіледі.

      5. Нысанның 3-бағанында есепті кезеңге түсімдердің сомасы көрсетіледі.

      6. Нысанның 4-бағанында есепті кезеңге жүргізілген шығыстардың сомасы көрсетіледі.

      7. Нысанның 5-бағанында есепті кезеңнің аяғына ҚБШ-дағы ақшалай қаражаттың қалдығы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 28 шілдедегі
№ 269 бұйрығына
5-қосымша
  Медициналық-әлеуметтік
мекемелердің (ұйымдардың)
жасына байланысты, еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдері мен
мүгедектігі бойынша,
асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша берілетін
мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақыларды пайдалану
қағидаларына
5-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Қамқорлықтағылардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы ЕСЕП

      Ұсынылады: облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары, Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармаcы

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналыстырылған: www.enbek.gov.kz

      Есепті кезең 20___ жылғы ________

      Индекс: 2-ҚЗТМӘЖП

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: медициналық-әлеуметтік мекеме басшылары

      Ұсыну мерзімі: ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін

      теңге

Р/с №

Қамқорлықтағының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Есепті кезеңнің басына қамқорлықтағының банк шотындағы ақшалай қаражаттың қалдығы

Есепті кезеңге түсімдердің сомасы

Есепті кезеңге жүргізілген шығыстар сомасы

Есепті кезеңнің аяғына қамқорлық тағының банк шотындағы ақшалай қаражаттың қалдығы

Барлығы

оның ішінде

қолма-қол ақшаны пайдалана отырып

қолма- қол ақшасыз

1

2

3

4

5

6

7

8










ЖИЫНЫ:







      Медициналық-әлеуметтік мекеменің басшысы

      ________ _________________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің бухгалтері

      ________ _________________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің атауы __________________________

      Медициналық-әлеуметтік мекеменің мекенжайы _____________________

      М.О. 20___ жылғы "__" ________

      Ескертпе: "Қамқорлықтағылардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

"Қамқорлықтағылардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (индекс 2-ҚЗТМӘЖП, кезеңділігі ай сайын)

      1. "Қамқорлықтағылардың алынған зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) медициналық-әлеуметтік мекемелер облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларына, Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармаcына ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ұсынады.

      2. Нысанға медициналық-әлеуметтік мекеме басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      3. Нысанның 1-бағанында жолдардың реттік нөмірлері көрсетіледі.

      4. Нысанның 2-бағанында қамқорлықтағының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      5. Нысанның 3-бағанында есепті кезеңнің басына қамқорлықтағының банк шотындағы ақшалай қаражаттың қалдығы көрсетіледі.

      6. Нысанның 4-бағанында есепті кезеңге түсімдердің сомасы көрсетіледі.

      7. Нысанның 5-бағанында есепті кезеңге жүргізілген шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі.

      8. Нысанның 6-бағанында 5-бағаннан пайдаланылған қолма-қол ақша сомасы көрсетіледі.

      9. Нысанның 7-бағанында 5-бағаннан пайдаланылған қолма-қол ақшасыз сомасы көрсетіледі.

      10. Нысанның 8-бағанында есепті кезеңнің аяғына қамқорлықтағының банк шотындағы ақшалай қаражаттың қалдығы көрсетіледі.

      11. Арифметикалық-логикалық бақылау: 5-баған 6-7-бағандардың қосындысына тең.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады