"Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 24 тамыздағы № 303 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 тамызда № 24134 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17315 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру – мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жоспарлау процесі;

      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;

      3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру тиімділігін талдау;

      4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі кызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оның ішінде орталық атқарушы және жергілікті атқарушы орган;

      5) мүдделер қақтығысы – тәуелсіз сарапшылардың немесе сарапшылар кеңесі мүшелерінің жеке мүдделілігі объективті шешім қабылдауға әсер етуі мүмкін жағдай;

      6) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру үш кезеңде іске асырылады:

      1) бірінші кезең – ақпаратты жинау және жағдайды талдау. Жағдайды талдау үшін:

      халықтың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бағалау деректері;

      халықтың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бағалауды мемлекеттік органдар кемінде 2 жылда бір реттен сиретпей жүргізеді;

      іске асырылған жобаларды бағалау нәтижелері;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары;

      әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуын тексеру, мониторингтеу және бағалау нәтижелері;

      ресми статистикалық деректер;

      стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы туралы есептер;

      әлеуметтік зерттеулер нәтижелері;

      үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары;

      бұқаралық ақпарат құралдарының контент-талдау нәтижелері;

      тәуелсіз сарапшылардың қорытындысы;

      "Ашық диалог" интернет-порталында сауалнамалар мен интернет-конференциялар ақпарат дереккөздері болып табылады;

      Мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарының тізбесін дайындау мақсатында бір немесе бірнеше ақпарат көздерінен алынған ақпаратты өз құзыреті шегінде пайдаланады, белгілі бір қызмет саласындағы жағдайға талдау жүргізеді;

      2) екінші кезең – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жоспарлау. Мемлекеттік органдар талдау негізінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын қалыптастырады және осы Қағидаларға 1-қосымшаға cәйкес нысан бойынша белгілі бір кезеңге жоспарланатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпаратты үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен жария талқылау үшін өз интернет-ресурсында орналастырады.

      Мемлекеттік органның интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жария талқылау мерзімі оларды орналастырған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кем болмауы тиіс.

      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жария талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен ескертулер және (немесе) ұсыныстар қаралмайды немесе келесі қаржы жылында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру кезінде ескерілуі мүмкін.

      Мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары бойынша ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды жария талқылау аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды және негіздемелерін көрсете отырып, олардың қабылдануы не қабылданбауы туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік органдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға cәйкес нысан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жария талқылаудың аяқталуы туралы есепті қалыптастырады және өзінің интернет ресурсында жариялайды.

      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары талқыланғаннан кейін мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік стандарттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес техникалық ерекшеліктердің жобасын әзірлейді;

      3) үшінші кезең – бюджеттік өтінімге енгізу. Техникалық ерекшеліктер әзірленгеннен кейін мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары мен қаржыландыру көлемін бюджеттік өтінімге енгізеді.

      Бюджет бекітілгеннен кейін мемлекеттік органдар жыл сайын 25 қаңтарға дейін белгілі бір кезеңге көпшілік талқылаудан кейін іске асыруға жоспарлаған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзінің интернет-ресурсында жариялау үшін уәкілетті органға жібереді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін мемлекеттік органдар әлеуметтік жобаның іске асырылу мерзіміне байланысты қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде 2 рет (1 шілдеге дейін және 1 желтоқсанға дейін) мынадай:

      1) жоспарды орындау процесі (бұрын техникалық ерекшелікте көрсетілген орындалған жұмыстың және (немесе) көрсетілген қызметтің орындалған іс-шаралар тізбесіне сәйкестігі);

      2) Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17314 болып тіркелген) 8-тармағына сәйкес әлеуметтік жобаны іске асыру нәтижесінде нысаналы аудиторияның қанағаттану деңгейі;

      3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде халықтың атаулы топтарын қамту;

      4) оқыту, консультативтік, ақпараттық және әдістемелік, зерттеу-талдамалық қызметтерге, азаматтық (ресурстық) орталықтың іс-шараларын және жұмысын ұйымдастыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастырылған жағдайда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарына сәйкестігі көрсеткіштері бойынша жүргізеді.

      Әлеуметтік жобаларға мониторинг жүргізу кезінде мынадай екі және (немесе) одан да астам құрал пайдаланылады:

      индикаторлар мен күтілетін нәтижелерді талдау – жоспарланған нәтижелерді нақты деректермен салыстыру арқылы жобаның іске асырылу барысын қадағалау;

      "Құпия сатып алушы" әдісі – жобаны іске асыру кезінде көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен сапасын қадағалау;

      сауалнама жүргізу– жобаны іске асыруға қатысты бенефициарларды айқындау және оларды бағалау/қанағаттану/қабылдау серпінін қадағалау;

      сұхбат жүргізу – зерттелетін тақырыпқа қатысты деректерді алу мақсатында респонденттермен (жобаға қатысушы/бенефициар) вербалды өзара іс-қимылға негізделген бастапқы ақпаратты жинау;

      бақылау – жиынтығында едәуір элементтерді жоспарлы тіркеу немесе зерделенетін құбылысқа қатысты факторларды тікелей тіркеу (іс-шараларға бару, сөз сөйлеу стенограммасын жазу) арқылы жобаны іске асыру туралы ақпарат жинау. Бақылау басқа есептілікте қамтылмаған деректерді алу мақсатында жүргізіледі;

      құжаттаманы зерделеу – жобаның іске асырылуы туралы нақты және жан-жақты ақпарат алу және жоба бойынша ақпарат беруші ұсынатын ақпараттың дұрыстығын белгілеу мақсатында ұсынылатын ақпаратты, есептерді, растайтын құжаттарды, оның ішінде қаржылық құжаттарды талдау;

      әлеуметтік желілердің мониторингі – жоба бойынша әлеуметтік желілерде ескертпелерді немесе жарияланымдарды іздеу, сондай-ақ халық арасында ақпараттың таралуын зерделеу мақсатында, сондай-ақ жобаға қатысушылардың және (немесе) бенефициарлардың кері байланысын жинау үшін жиналған деректерді одан әрі өңдеу және талдау.

      Әлеуметтік жобаның сомасы 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспаған жағдайларда, мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мониторингін өздігінен жүргізеді.

      Әлеуметтік жобаның сомасы 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткішке тең немесе асатын жағдайларда, мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мониторингін өздігінен жүргізеді және (немесе) өтеусіз негізде үкіметтік емес ұйымдар мен олардың өкілдері қатарынан тəуелсіз сарапшыларды тартады.

      Тәуелсіз сарапшылар мемлекеттік органға осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы хабарлама береді.

      Тәуелсіз сарапшылар мониторингті жүзеге асыру кезінде үкіметтік емес ұйымдардан жобаның техникалық ерекшелігінің талаптарына және шарттық талаптарына сәйкес ақпарат пен құжаттарды сұратады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік органдар уәкілетті органға жыл сайын 5 шілдеге және 5 желтоқсанға қарай осы Қағидаларға 4-қосымшаға cәйкес нысан бойынша белгілі бір мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың мониторингі жөніндегі есепті ұсынады. Есеп қазақ және орыс тілдерінде Excel форматында беріледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік органдар осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес интернет-ресурста орналастыру үшін мемлекеттік органдардың есеп нысаны бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың іске асырылу қорытындылары туралы есепті өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылған барлық әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелерін бағалау жүргізіледі. Іске асырылу мерзімі бір жылдан асатын әлеуметтік жобалар жобаларды іске асыру қорытындысы бойынша бағаланады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау мынадай өлшемшарттар бойынша 1-ден 5-ке дейін балмен есептеледі:

      1) әлеуметтік жобалардың орындалу нәтижелері (іс-шаралардың мазмұны мен мерзімдерінің көрсетілетін қызметтерді орындау кестесіне сәйкестігі, әдістерді, рәсімдерді сақтау, қойылған мақсаттарға қандай шамада қол жеткізілгені);

      2) әлеуметтік маңызы бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге әлеуметтік жобалардың оң әсері (нысаналы аудиторияның мүдделілік және мұқтаждықтарын қанағаттандыру деңгейі, әлеуметтік жобалар шеңберінде халықтың атаулы топтарын қамту, әлеуметтік міндеттерді шешудің нақты нәтижелері);

      3) әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама шеңберінде басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы. Аталған өлшемшарт шеңберінде әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның тұрақтылығы бағаланады;

      4) әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелері бойынша ұзақ мерзімді оң әлеуметтік әсердің ықтималдығы. Аталған өлшемшарт шеңберінде әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша нысаналы топтың көрсетілген қыметтерді (өнімді, нәтижені) алу процесіне қанағаттану деңгейі бағаланады.

      Сарапшылар кеңесінің мүшелері осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір жобаға бағалау жүргізеді.";

      24-тармақта өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтін 25-тармақпен толықтырылсын, қазақ тіліндегі 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Мемлекеттік органдар уәкілетті органға жыл сайын есепті кезеңнен кейiнгi жылдың 5 ақпанынан кешiктiрмей осы Қағидаларға 8-қосымшаға cәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша өткен кезеңге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобаларының нәтижелерін бағалау қорытындысы туралы есепті ұсынады.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      8-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 5-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрдің міндетін атқарушы
С. Егізбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрдің міндетін атқарушы
2021 жылғы 24 тамыздағы
№ 303 Бұйрыққа
1-қосымша
  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру, іске
асыру мониторингі және осы
тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Авторын көрсете отырып, ескертулер және (немесе) ұсыныстар (қысқаша мазмұны)

Ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың қабылданбауы бойынша негіздемесі бар мемлекеттік органның қорытындысы

1




2




3




  Бұйрыққа
2-қосымша
  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру, іске
асыру мониторингі және осы
тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
4-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/qogam 20__ жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар мониторингі жөніндегі есеп

      Есепті кезең: 20__жылғы __ жартыжылдық

      Индекс: МӘТІАМ-1

      Мерзімділігі: жылына екі рет

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын мемлекеттік органдар

      Ұсыну мерзімі: 5 шілдеге (қоса алғанда) дейін және 5 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы

Әлеуметтік жобаның атауы

Жоспарланған сома (мың теңге)

Шарттың сомасы (мың теңге)

Өнім берушінің атауы

Әлеумет тік жобаны іске асыру процесі және нәтижелері

Оң әлеуметтік әсері

1

2

3

4

5

6

7

8

1-бағыт. Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу

1








2








Жиынында








2-бағыт. Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау

1








2








Жиынында








3-бағыт. Қоршаған ортаны қорғау

1








2








Жиынында








4-бағыт. Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

1








2








Жиынында








5-бағыт. Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу

1








2








Жиынында








6-бағыт. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарын қолдау

1








2








Жиынында








7-бағыт. Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету

1








2








Жиынында








8-бағыт. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу

1








2








Жиынында








9-бағыт. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау

1








2








Жиынында








10-бағыт. Мәдениет пен өнерді дамыту

1








2








Жиынында








11-бағыт. Тарихи-мәдени мұраны қорғау

1








2








Жиынында








12-бағыт. Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту

1








2








Жиынында








13-бағыт. Өздерінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу

1








2








Жиынында








14-бағыт. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу

1








2








Жиынында








15-бағыт. Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу

1








2








Жиынында








16-бағыт. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету

1








2








Жиынында








17-бағыт. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша

1








2








Жиынында








  "20___ жылға мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс
шеңберінде іске асырылатын
және (немесе) іске асырылған
әлеуметтік жобалар және
(немесе) әлеуметтік
бағдарламалар мониторингі
бойынша есеп" әкімшілік
деректерін жинауға арналған
нысанға
қосымша

"Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар мониторингі жөніндегі есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар мониторингі жөніндегі есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) жылына екі рет 5 шілдеге (қоса алғанда) дейін және 5 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне беріледі.

      2. Аталған Нысанды енгізудің негізгі міндеті мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар мониторингін жүзеге асыру болып табылады.

      3. Нысанға бірінші басшы қол қояды, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін орындайтын адам қол қояды.

2. Нысанды толтыру жөнінде түсіндірме

      4. Нысанның 1-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың бағыттары бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы көрсетіледі.

      5. Нысанның 2-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның атауы көрсетіледі.

      6. Нысанның 3-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың жоспарланған сомасы көрсетіледі.

      7. Нысанның 4-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың шартты сомасы көрсетіледі.

      8. Нысанның 5-бағанында өнім берушінің атауы көрсетіледі.

      9. Нысанның 6-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру процесі мен нәтижелері көрсетіледі.

      10. Нысанның 7-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың оң әсері көрсетіледі.

  Бұйрыққа
3-қосымша
  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру, іске
асыру мониторингі және осы
тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
8-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/qogam 20__ жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары нәтижелерін бағалау қорытындысы туралы есеп

      Есепті кезең: 20__жыл

      Индекс: МӘТНБ-1

      Мерзімділігі: жылына бір рет

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын мемлекеттік органдар

      Ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейiнгi жылдың 5 ақпанынан кешiктiрмей

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы

Өлшемшарттар атауы

Әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды бағалау жөніндегі ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың саны.

Әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды бағалау бойынша қабылданбаған ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың саны.

Әлеуметтік жобаларды орындау нәтижелері

Оң әлеуметтік әсер

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама шеңберінде басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы.

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелері бойынша ұзақ мерзімді оң әлеуметтік әсердің ықтималдығы.

1

2

3

4

5

6

7

8

1

2

3

4

5

6

7

8

1-бағыт. Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу

1








2








Жиынында








2-бағыт. Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау

1








2








Жиынында








3-бағыт. Қоршаған ортаны қорғау

1








2








Жиынында








4-бағыт. Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

1








2








Жиынында








5-бағыт. Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу

1








2








Жиынында








6-бағыт. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарын қолдау

1








2








Жиынында








7-бағыт. Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету

1








2








Жиынында








8-бағыт. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу

1








2








Жиынында








9-бағыт. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау

1








2








Жиынында








10-бағыт. Мәдениет пен өнерді дамыту

1








2








Жиынында








11-бағыт. Тарихи-мәдени мұраны қорғау

1








2








Жиынында








12-бағыт. Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту

1








2








Жиынында








13-бағыт. Өздерінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу

1








2








Жиынында








14-бағыт. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу

1








2








Жиынында








15-бағыт. Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу

1








2








Барлығы








16-бағыт. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету

1








2








Жиынында








17-бағыт. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша

1








2








Жиынында








  "20__ жылға мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыстың
әлеуметтік жобалары және
әлеуметтік бағдарламалары
нәтижелерін бағалау
қорытындысы туралы есеп"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

"20__ жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары нәтижелерін бағалау қорытындысы туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары нәтижелерін бағалау жөніндегі есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) жыл сайын есепті кезеңнен кейiнгi жылдың 5 ақпанынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне беріледі.

      2. Аталған Нысанды енгізудің негізгі міндеті мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру болып табылады.

      3. Нысанға бірінші басшы қол қояды, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін орындайтын адам қояды.

2. Нысанды толтыру жөнінде түсіндірме

      4. Нысанның 1-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың бағытттары бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы көрсетіледі.

      5. Нысанның 2, 3, 4, 5-бағандарында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар өлшемшарттарының атауы көрсетіледі:

      1) 2-бағанда жобаны орындау нәтижесінің балы көрсетіледі;

      2) 3-бағанда жоспарға сәйкес жобаның оң әлеуметтік әсерінің балы көрсетіледі;

      3) 4-бағанда әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды жалғастыру ықтималдығы балы көрсетіледі;

      4) 5-бағанда ұзақ мерзімді оң әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың ықтималдығы балы көрсетіледі.

      6. Нысанның 6-бағанында әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды бағалау жөніндегі ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың саны көрсетіледі.

      7. Нысанның 7-бағанында әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды бағалау бойынша қабылданбаған ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың саны көрсетіледі.

  Бұйрыққа
4-қосымша
  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру, іске
асыру мониторингі және осы
тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
3-1-қосымша
  Нысан
  Кімге:
  _________________________
_________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Кімнен:
_________________________
_________________________
(сарапшының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда)

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы (керегінің астын сызыңыз) хабарламa

      Мен ____________________________________________________

      (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйымдармен мүдделер қақтығысының болмауы туралы хабарлаймын, тәуелсіз сарапшы ретінде өзімнің қызметімді жүзеге асыру кезінде әділдік және объективтілік қағидаттарын мүлтіксіз сақтауға міндеттенемін.

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органдармен және әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен мүдделі қақтығыстың болуы туралы (керегін белгілеңіз) хабарлаймын.

      Сіз үкіметтік емес ұйымның мүшесі (қатысушысы), құрылтайшысы (керегінің астын сызыңыз) болып табыласыз ба? (егер солай болса, онда үкіметтік емес ұйымның атауын көрсетіңіз):

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сіз басқару органының мүшесі, үкіметтік емес ұйымның басшысы болып табыласыз ба (егер солай болса, онда басқару органын, үкіметтік емес ұйымның атауын және атқаратын лауазымыңызды көрсетіңіз):

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сіз соңғы үш жыл ішінде үкіметтік емес ұйымнан қызмет көрсеткеніңіз немесе тура қаржылық қолдау көрсеткеніңіз үшін төлем алдыңыз ба? (егер солай болса, нақты қандай қызметтер екенін және үкіметтік емес ұйымның атауын көрсетіңіз):

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сізде үкіметтік емес ұйымның жұмыскерлерімен жақын туыстық байланыстарыңыз бар ма? (егер солай болса, жұмыскердің тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), ол жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымның атауын, туыстық деңгейін көрсетіңіз):

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сізде өзге де әлеуетті мүдделер қақтығысы бар ма? (егер бар болса, қандай екенін көрсетіңіз):

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Мен мүдделер қақтығысына қатысты саясатты түсінетінімді растаймын және аталған хабарламаны толтыру кезіндегі ақпараттың дұрыстығына жауапты боламын.

      20___жылғы "____" _____________             Қолы _________________

  Бұйрыққа
5-қосымша
  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру, іске
асыру мониторингі және осы
тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
4-1-қосымша
  Интернет-ресурста орналастыру
үшін мемлекеттік органдардың
есеп нысаны

Әлеуметтік жобаның атауы

Өнім берушінің атауы

Шарт сомасы (мың теңге)

Мақсаттары мен міндеттері

Жобаны іске асыру кезеңі

Әлеуметтік жобаны орындау процесі және өткізілген іс-шаралар

Нәтижелері (қойылған мақсаттарға қандай деңгейде қол жеткізуге болады)

Жобаның бағалау (орташа бағасы)









  Бұйрыққа
6-қосымша
  Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру, іске
асыру мониторингі және осы
тапсырыстың нәтижелерін
бағалау қағидаларына
5-1-қосымша
  Әлеуметтік жобаларды бағалау
нысаны

Өңір


Кеңес отырысын өткізу күні


Жобаның атауы


ЖОБАНЫ БАҒАЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Сарапшылардың Т.А.Ә. (үлгі: Ахметов А.А.)

Әлеуметтік жобаларды орындау процесі және нәтижелері

Коммент.

Әлеуметтік жобалардың оң әсері

Коммент.

Жалғастыру ықтималдығы

Коммент.

Ұзақ мерзімді әсердің ықтималдығы

Коммент.

Балл сомасы

Ең жоғары баҒадан %

Медиана





































Жиынында

0


0


0


0


0

0

0

Орташа бағасы

0


0


0


0


0

0

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады