Ескерту. Күші жойылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 07.02.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19980 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
2, 7 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басшы | Н. Айдапкелов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Басшысының | |
2021 жылғы 26 тамыздағы | |
№ 15 бұйрығына | |
1-қосымша | |
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрлігінің | |
Статистика комитеті төрағасының | |
2020 жылғы 30 қаңтардағы | |
№ 12 бұйрығына | |
2-қосымша |
"Денсаулық сақтау ұйымының қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есеп" (индексі Әлеуметтік қаржы (денсаулық сақтау), кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы "Денсаулық сақтау ұйымының қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есеп" (индексі Әлеуметтік қаржы (денсаулық сақтау), кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Денсаулық сақтау ұйымының қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есеп" (индексі Әлеуметтік қаржы (денсаулық сақтау), кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) активтер – дара кәсiпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн ресурстар;
2) әлеуметтiк аударымдар – әлеуметтік аударымдарды төлеушілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлейтін ақша;
3) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
4) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
5) негізгі құралдар – бұл тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруде немесе жеткізуде пайдалану үшін, басқа адамдарға жалға беру, құнын өсіру немесе әкімшілік мақсаттар үшін субъект ұстап қалатын, бір кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалану ұйғарылған материалдық активтер;
6) салықтар – қайтарымсыз және өтеусіз сипатқа ие, белгілі бір мөлшерлерде жүргізілетін, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі)" (бұдан әрі – Салық кодексі) көзделген жағдайларды есепке алмағанда, мемлекет біржақты тәртіпте заңнамада белгілеген бюджетке міндетті ақшалай төлемдер;
7) табыстар – есептi кезең iшiнде активтердiң түсiмi немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, ол капиталға қатысушы адамдардың жарнасына байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады;
8) шығыстар – есептi кезең iшiнде активтердiң шығуы немесе азаюы немесе мiндеттемелердiң пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы адамдарға бөлуге байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.
3. Статистикалық нысанды өзінің орналасқан жері бойынша заңды тұлғаның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, оларға заңды тұлға статистикалық нысанды тапсыру бойынша өкілеттігін берген жағдайда тапсырады. Егер құрылымдық және оқшауланған бөлімшелердің мұндай өкілеттіктері болмаса статистикалық нысанды олардың орналасқан жерін көрсете отырып, өзінің құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері бөлінісінде заңды тұлға ұсынады.
4. 2-бөлімнің 1-жолында ұйымдардың бухгалтерлік есебінің әдіснамасы бойынша есептелінетін қаржы қаражатының түсуі ескерілетін ағымдағы табыстар көрсетіледі.
2-бөлімнің 1.1-жолы бойынша республикалық және жергілікті бюджеттен, ӘМСҚ –дан қайтарылмайтын біржақты төлемдер, ерікті жарналар мен қайыр көрсету түсімдері (оның ішінде шетелден) ретінде түсіндірілетін ағымдағы трансферттер көрсетіледі.
2-бөлімнің 1.1.4-жолында жарыстарда, конкурстарда, көрмелерде, байқауларға қатысу және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, ойлап табу қызметін дамыту, білім деңгейін көтеру және спорттық шеберлікті арттыру үшін мүліктік немесе қаржылық (әлеуметтіктен басқа) қолдау түрінде өтеусіз негізінде ерікті жарналар мен қайырымдылықтан түскен түсімдер (демеушілік көмек) көрсетіледі.
2-бөлімнің 1.2-жолында ұйымның негізгі қызмет түрі бойынша халыққа және кәсіпорындарға көрсетілген қызметтердің құны кәсіпорындармен (ұйымдармен) жасалған шарттарға сәйкес немесе қосылған құн салығынсыз (бұдан әрі – ҚҚС) халық қаражаты есебінен көрсетіледі. Қызметтің негізгі түріне субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түріне қосылған құн салығынан асатын қызмет түрі жатады.
1.2.1-жолда емдік көмек бойынша көрсетілген қызметтердің құны көрсетіледі.
Емдік көмек ұсыну тәртіптері бойынша келесі жекелеген санаттарға жіктеледі:
1) стационарлық емдік көмек дегеніміз ауруханаға жатқызылғаннан кейін медициналық мекемеде бір түн бойы болуын білдіреді;
2) күндізгі емдік көмек дегеніміз науқастың сол күні ауруханадан шығуын талап етеді;
3) амбулаториялық емдік көмек көрсетілетін қызметті ұсыну орны бойынша ажыратуға болады: үй күтімі науқастың тұрғылықты жері бойынша ұсынылады, амбулаториялық қызметтер медициналық қызметтерді жеткізушінің ғимаратында ұсынылады.
1.2.2-жолда оңалту көмегі бойынша көрсетілген қызметтердің құны көрсетіледі. Оңалту қызметтеріне қалыпты физикалық (протезбен дене құрылысын толықтыру), сенсорлық (протезбен естуді қайта қалпына келтіруді толықтыру), интеллектуалдық (инсульттан кейін ақыл-естің қабілеттерін қайта қалпына келтіру), психологиялық (протезді қалай қолдану керек туралы оқытумен депрессия мен стресті төмендету) және әлеуметтік-функционалдық деңгейлерге (инсульттан кейін жұту және сөйлеу сияқты базалық қызметтердің бақылауын қайта құру) қол жеткізу, қайта қалпына келтіру және (немесе) сақтауды қамтиды, бұлардың әрқайсысы аурудың, мазасыздықтың немесе жарақаттың салдары болып табылады. Негізгі мақсаты әлеуметтік сала, бос уақыт немесе жұмыс болып табылатын оңалту қызметтері қосылмайды.
1.2.3-жолда ұзақ мерзімді көмекке (медициналық) көрсетілген қызметтердің құны көрсетіледі. Ұзақ мерзімді көмек медициналық қызметтер және жеке күтім қызметтері қатарынан тұрады, олар ауруды және азапты жеңілдету мақсатында және ұзақ мерзімді дербессіздігі бар науқастардың денсаулық жағдайының нашарлануына жол бермеу мақсатында көрсетіледі. Бұл санатқа стационарлардың, диспансерлердің (наркологиялық, психоневрологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық), республикалық орталықтардың, хоспистердің қызметтері кіреді.
1.2.4-жолда көрсетілген қосалқы, лабораториялық қызметтер, медициналық технологияларды қолданумен диагностика, пациенттерді тасымалдау сияқты қызметтердің құны көрсетіледі.
Лабораториялық қызметтер мынадай салаларды қамтиды: патологиялық анатомия (гистопатология, цитопатология), клиникалық микробиология (бактериология, вирусология, иммунология и микология), клиникалық биохимия (энзимология, токсикология и эндокринология), гематология (қанның ұйығыштығын талдау), цитология (жатыр мойнынан жағынды немесе Папаниколау жағындысы), генетика (цитогенетика).
Диагностикалық қызметтерге рентген және диагностикаға арналған иондандырушы сәулелену және пациенттерді бақылау сияқты медициналық визуалдандыру технологиясын (контрасттық рентгенография, ультрадыбыстық диагностика, компьютерлік аксиалдық томография, ядролық медицина, ядролық-магниттік томография, ядролық сканерлеу, позитрондық-эмиссиондық томография, магнитті-резонансты томография) қолданатын қызметтер кіреді.
Пациенттерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтер пациентті медициналық мекемелер арасында одан әрі тасымалдаумен диагностикалық медициналық визуализациялау немесе оңалту үшін ауруханаға дейін жедел жеткізуге бағытталған.
1.2.5-жолда профилактикалық қызметке көрсетілген қызметтердің құны көрсетіледі, ол аурулардың ерте сатыда өршуін алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған.
1.2.6-жолда жоғарыда аталған санаттардың біреуіне де кірмеген көрсетілген медициналық қызметтердің құны көрсетіледі.
2-бөлімнің 1.4-жолы бойынша меншіктен алынған табыс (пайыздардан, акциялар бойынша дивидендтерден, ренталардан түсетін табыстар, басқа да кәсіпорындардан түскен пайда) есепке алынады.
2-бөлімнің 1.5-жолы бойынша статистикалық нысанның жоғарыда аталған жолдарында көрсетілмеген қосалқы қызмет пен жалдау қызметтерінен алынған денсаулық сақтау ұйымының басқа ағымдағы табысы (капиталды активтерді сатудан түскен таза табыс, жалдау төлемі) көрсетіледі.
2-бөлімнің 2-жолы бойынша күрделі шығындарға алынған трансферттер көрсетіледі, онда активтерге меншік құқығын қайтарымсыз беру (қолда бар ақша мен материалдық айналымдардан басқа) немесе бір интитуционалдық бірліктен басқаға негізгі құралдарды сатып алуға негізгі құралдар ескертіледі.
2-бөлімнің 3-жолында қайтарымсыз алынған активтерге (соның ішінде дәрілік, медициналық шығыс материалдары) жататын басқа да табыстар, басқа дереккөздердің (қарыз қаражаты) немесе ұйымдардың өз қаражаты есебінен негізгі қаражатты алуға активтердің шығуынан табыстар көрсетіледі.
2-бөлімнің 4-жолы бойынша негізгі және қосалқы қызметі бойынша өндірілген өнімнің (тауарлар және қызмет көрсету) қалыптастыратын шығындар сияқты қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты субъекті шығыстарының барлық түрлері ескерілетін ұйымдардың ағымдағы шығыстары көрсетіледі.
2-бөлімнің 4.1-жолы бойынша жұмыс күшін ұстауға жұмсалған шығындарының жалпы сомасы ҚЖҚ, әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар, оқу мен біліктілікті арттыруға шығындар және іссапар шығыстарынан қалыптастырылады.
2-бөлімнің 4.1.1-жолы бойынша қызметкерлердің жалақы қоры – Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес салықтар мен басқа да ұстап қалуларды (жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары) ескере отырып, олардың қаржыландыру көзіне және оларды нақты төлеу мерзіміне қарамастан қызметкерлердің еңбекақысын төлеу үшін ұйымның есептелген ақшалай жиынтық қаражаттары, сондай-ақ ақшалай бірлікке аударылған заттай нысандағы қаражаттар (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер), үстеме ақылар, қосымша ақылар, сыйақылар мен ынталандырушы жəне өтемдік сипаттағы өзге де төлемдер)2-бөлімнің 4.2-жолы бойынша ұйым жанында және жұмыс істейтін және оның балансында тұрған асханалар мен буфеттер үшін алынған тамақ өнімдеріне шығыстар көрсетіледі.
2-бөлімнің 4.3-жолы бойынша дәрілік заттар мен таңу материалдарына шығыстар көрсетіледі.
2-бөлімнің 4.4-жолы бойынша технологиялық мақсаттарға, энергияның барлық түрлерін өндіруге, ғимараттарды жылытуға, көлік кәсіпорындары орындаған өндіріске қызмет көрсету бойынша көлік жұмыстарына жұмсалатын, шеттен сатып алынған және де кәсіпорынның өзімен өндірілген отынның (ағаш, көмір, шымтезек, бензин, керосин, мазут, қарамай, автол, тосол, нигрол, литол, антифриз, тежегіш сұйықтығы және басқа жанар-жағар май материалдары) барлық отын түрлерінің шығыстары көрсетіледі.
2-бөлімнің 4.5-жолы бойынша негізгі құралдар болып табылмайтын, ағымдағы шаруашылық мақсаттарға арналған тауарлар мен материалдарға шығыстар (кеңсе тауарлары және басқалары) көрсетіледі.
2-бөлімнің 4.2, 4.3, 4.4, 4.5 және 4.6-жолдары бойынша ұйымның есепті кезеңде жүргізген материалдық шығындарының жалпы сомасы ҚҚС–ты (қайтарылатын қалдықтар құнын шегергенде) қоса көрсетіледі.
2-бөлімнің 4.7-жолы бойынша негізгі құралдарды жалдау, үй-жайды, техникалық жабдығын және машиналарды жалға алғаны үшін шығыстар көрсетіледі.
2-бөлімнің 4.8-жолы бойынша оқыту және біліктілікті арттыру, байланыс қызметтері, коммуналдық қызметтер, консультациялық, ақпараттық және аудиторлық ұйымдардың қызметтері, сот, төрелік сот, нотариалдық қызметтер, маркетингтік қызметтер, жылжымайтын мүлік объектілерін ұстау (ғимараттарды және имараттардың ағымдағы жөндеуі), машиналар мен жабдықтардың (көлік құралдарын қоса) ағымдағы жөндеуі және басқа да ұқсас қызметтерді алуға байланысты сатып алынған қызметтер бойынша шығыстар және басқа да ұқсас шығыстар көрсетіледі.
2-бөлімнің 4.8.3-жолы бойынша электр мен жылу энергиясына, сумен жабдықтауға жəне кəрізге жұмсалатын шығыстары ескерілетін коммуналдық қызметтер көрсетіледі.
2-бөлімнің 4.8.6-жолы бойынша тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндірісі мен айналымы саласында зерттеумен және болжамдаумен, тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндірісі мен айналымының үздік экономикалық шарттарын жасау үшін өндірісті бағдарлау және шаралар жүйесін әзірлеу үшін жағдайды талдаумен және болжаумен байланысты маркетингтік қызметтер көрсетіледі.
4.8.9-жолы бойынша бөгде ұйымдардың қызметтері (дезинфекция станцияларының, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер, кәдеге жарату, өрт дабылы, бағдарламалық қамтамасыз етуге қызмет көрсету бойынша, көлік қызметтері, қоқыс және қар шығару) қызметтері көрсетіледі.
2-бөлімнің 4.9-жолы бойынша меншіктен төленген табыс (пайыздар, дивиденд төлемдері және осы ұйымға тиесілі акциялар бойынша дивидендтер) ескеріледі.
2-бөлімнің 4.10-жолы бойынша активті пайдалы пайдалану мерзімі ішінде болатын сатып алынған активтің бағасын шығындарға немесе өнімнің өзіндік құнына біртіндеп көшу процесінен тұратын, есепті кезең үшін амортизациялық аударымдар (негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге) көрсетіледі. Бұл жолда есепті кезеңде төленген осы ұйымға меншік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығында тиесілі, негізгі құралдардың барлық түрлері бойынша амортизациялық аударымдардың сомасы, сондай-ақ жалға берілген құралдар көрсетіледі.
2-бөлімнің 4.11-жолы бойынша жол жүруге және брондауға кеткен шығыстарды растайтын құжаттардың (оның құнын төлеу фактісін растайтын құжат болған жағдайда электрондық билетті қоса алғанда) негізінде брондауға кеткен шығыстарға төлемді қоса алғанда іссапар орнына және кері жол жүруге кеткен нақты жұмсалған шығыстар, қызметкерге іссапарда болған уақытына төленетін шығыстар мен күнделікті өмірге қажетті жәрдемақыны растайтын құжаттардың негізінде брондау құнына ақы төлеу шығыстары белгілі бір мөлшерде тұрғын үй жалдау үшін жұмсалған шығыстарды қоса алғанда көрсетіледі.
4.12.1-жолда Салық кодексіне сәйкес айқындалған салықтар көрсетіледі.
4.12.1.6-жолы бойынша акциздер, жарнаманы орналастыруға салық және белгіленген салықтар (мысалы, бильярд үстелдерін, ойын автоматтарын қолданғаны үшін) жататын өзге де салықтар көрсетіледі.
4.12.2.4-жолда қоршаған ортаға эмиссия, мемлекеттік баж, өсім, айыппұлдар, таза кіріс бойынша нормативтік аударымдар, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары жататын өзге де аударымдар көрсетіледі.
4.12.3-жолы бойынша ол өндірістік емес сипаттағы қалыпты қызмет процесіне қарамастан туындайтын қызметтердің түрлерімен байланысты өзге де шығыстар, банктік қарыз бойынша кредиттер, өмірді, меншікті сақтандыру, активтердің істен шығуы және құнсыздануы, бағамдық айырма, резерв жасау және өтелмейтін талаптарды жою, операциялық жалдау бойынша шығыстар, еңбек демалысы бойынша резервтер көрсетіледі.
2-бөлімнің 4.13-жолында таратудың, сатудың, айырбастаудың, ақысыз берудің нәтижесінде қалдық құны бойынша ұйымның балансынан есептен шығарылған негізгі құралдардың шығуының шығыстары көрсетіледі.
2-бөлімнің 5-жолы бойынша жұмыс істеп тұрған субъектілердің негізгі құралдар объектілерінің бастапқы құнының өсуіне жататын күрделі жөндеуге жұмсалған шығыстар көрсетіледі. Бұл ретте келесі күрделі салымдардың нəтижесінде негізгі құралдар объектілерінің бастапқы құнын ұлғайту оның бастапқы бағаланған нормативтік көрсеткіштерін арттыратын объектінің жағдайы жақсарған жағдайда ғана жүргізіледі: қызмет ету мерзімі, өндірістік қуаты. Объектінің техникалық жағдайын сақтау жəне қолдау мақсатында жүргізілетін, бастапқы құнын өсірмейтін негізгі құралдарды жөндеу мен пайдалануға беруге жұмсалған шығындар күрделі шығыстарға енгізілмейді және олар өндірілген кезеңнің шығыстары ретінде танылады.
5. 3-бөлім ұйымның пайдалары мен залалдары туралы деректер негізінде толтырылады.
3-бөлімнің 3-жолы бойынша табыстар мен шығыстары арасындағы айырмасы ескерілетін салық салынғанға дейінгі (залал) пайда көрсетіледі.
3-бөлімнің 4-жолы бойынша салық салынғанға дейінгі пайдаға (залал) корпоративті табыс арасындағы айырма ескерілетін кезеңге қорытынды пайда (залал) көрсетіледі.
6. 4-бөлімде ұйымның бухгалтерлік балансының көрсеткіштері Қазақстан Республикасының қаржылық есептілігінің Ұлттық жəне халықаралық стандарттарына сəйкес толтырылады.
4-бөлімді респонденттер салық заңнамасына сәйкес шағын бизнес субъектiлерi үшін арнайы салық режимі қолданылған жағдайда, егер салық кезеңіне шекті табысы тиісті қаржы жылына жыл сайын республикалық бюджетпен бекітілетін белгіленген көрсеткіштен аспаса толтырмайды.
4-бөлімнің 2.1-жолы бойынша айналым активтерді пайдалану арқылы немесе жаңа қысқа мерзімді міндеттемелерді құру арқылы өтеуді болжамдалатын, кәсіпорындардың қарыздары қоса қысқа мерзімді міндеттемелер көрсетіледі.
4-бөлімнің 2.2-жолы бойынша кәсіпорындар бір операциялық айналым ішінде өтеуді болжамдамайтын барлық қарыздарды қоса ұзақ мерзімді міндеттемелер көрсетіледі.
7. Осы статистикалық нысанды ұсыну электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электрондық түрде толтыру Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында (https://cabinet.stat.gov.kz/) орналастырылған "Респонденттің кабинеті" арқылы он-лайн режимде жүзеге асырылады.
8. Есепті кезеңде қызметі болмаған кезде респондент тиісті жылға арналған бекітілген Респонденттердің жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген осы есепті кезең үшін статистикалық нысандарды ұсынудың ең ерте мерзімдерінің аяқталу күнінен кешіктірмей Қызметінің болмағандығы туралы хабарламаны Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген) Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларымен белгіленген тәртіпте ұсынады.
9. Ескерту: Х - бұл позиция толтыруға жатпайды.
10. Арифметикалық-логикалық бақылау.
1) 2-бөлім:
1-жол = 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5-жолдар қосындысына;
1.1-жол = 1.1.1, 1.1.2, 1.1.3, 1.1.4-жолдар қосындысына;
1.1.4.1-жол ≤ 1.1.4-жолдан;
1.2-жол = 1.2.1, 1.2.2, 1.2.3, 1.2.4, 1.2.5,1.2.6-жолдар қосындысына;
1.2.1-жол = 1.2.1.1 + 1.2.1.2 + 1.2.1.3;
1.2.4-жол = 1.2.4.1 + 1.2.4.2 + 1.2.4.3;
1.4-жол = строка 1.4.1 + строка 1.4.2;
2-жол = 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.5-жолдар қосындысына;
4-жол = 4.1-жол + 4.2-жол + 4.3-жол + 4.4-жол+ 4.5-жол + 4.6-жол + + 4.7-жол + 4.8-жол + 4.9-жол + 4.10-жол + 4.12-жол + 4.13-жол – 4.12.1.1-жол – - 4.12.1.4-жол - 4.12.2.1-жол – 4.12.2.2-жол – 4.12.2.3-жол – 4.8.1-жол;
4.1-жол = 4.1.1-жол + 4.12.2.1-жол + 4.12.2.2-жол + 4.12.2.3-жол + + 4.8.1-жол + 4.11-жол;
4.8-жол = 4.8.1, 4.8.2, 4.8.3, 4.8.4, 4.8.5, 4.8.6, 4.8.7, 4.8.8, 4.8.9-жолдар қосындысына;
4.9-жол = 4.9.1-жол+ 4.9.2-жол;
4.12-жол = 4.12.1, 4.12.2, 4.12.3-жолдар қосындысына ;
4.12.1-жол = 4.12.1.1, 4.12.1.2, 4.12.1.3, 4.12.1.4, 4.12.1.5, 4.12.1.6-жолдар қосындысына;
4.12.2-жол = 4.12.2.1, 4.12.2.2, 4.12.2.3, 4.12.2.4-жолдар қосындысына;
2) 3-бөлім:
3-жол = 1-жол – 2-жол (жол беріледі);
3) 4-бөлім:
1-жол = 1.1, 1.2-жолдар қосындысына;
2-жол = 2.1, 2.2, 2.3-жолдар қосындысына;
1-жол = 2-жол;
4) Бөлімдер арасындағы бақылау:
3-бөлімнің 1-жол = 2-бөлімнің 1, 2, 3-жолдар қосындысына;
3-бөлімнің 2-жол = 2-бөлімнің 4, 5, 6-жолдар қосындысына;
3-бөлімнің 4-жол = 3-бөлімнің 3-жолы – 2-бөлімнің 4.12.1.1-жолы.
Басшысының | |
2021 жылғы 26 тамыздағы | |
№ 15 бұйрығына | |
2-қосымша |
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Приложение 7 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Индексі | 7-ТПЗ |
жылдық |
есепті кезең |
жыл | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
БСН коды | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1. |
Занды тұлғаның деректемелері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1.1 |
Заңды тұлғаның (бөлімшенің) нақты орналасқан орнын көрсетіңіз (оның тіркелген жеріне қарамастан) - облыс, қала, аудан, елді мекен | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1.2 |
Əкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сəйкес аумақ коды (ƏАОЖ) (статистикалық нысанды қағаз жеткізгіште ұсынған кезде аумақтық статистика органының тиісті қызметкерлері толтырады) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1.3 | Респонденттің (бөлімшенің) экономикалық қызметінің нақты жүзеге асырылатын негізгі түрлерінің коды мен атауын Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес көрсетіңіз | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Укажите согласно Общему классификатору видов экономической деятельности (ОКЭД) наименование и код фактически осуществляемого основного вида экономической деятельности респондента (подразделения) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2. |
Өндірістік жарақат оқиғасының (кәсіптік аурудың, уланудың) коды | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2.1 |
жазатайым оқиға актісінің № | 2.2 |
жазатайым оқиғаның күні | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
нөмірі |
күні |
айы |
жылы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3. |
Зардап шегушінің жынысы: |
ер |
әйел | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4. |
Жасы (жарақат алған сәтіндегі толық жасының санын көрсету керек) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5. |
Осы статистикалық нысанға 1-қосымшаға сәйкес Жұмыстардың үлкейтілген топтарының, шағын топтарының, құрамалы және базалық топтарының тізбесіне сәйкес зардап шегушінің кәсібі мәртебесінің кодын көрсетіңіз | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
6. |
Сіздің жұмысыңыз ауысымды болып табыла ма, соны көрсетіңіз | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Иә |
7-сұрақ |
Жоқ |
8-сұрақ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7. |
Жазатайым оқиға болған ауысымды көрсетіңіз | 1 | 2 | 3 | 4 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
8. |
Зардап шегушінің жазатайым оқиға сәтіндегі денсаулық жағдайын (сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес) белгілеңіз: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Иә |
Жоқ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
8.1. |
алкогольден масаю | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
8.2. |
есірткіден масаю | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
8.3. |
психиканың бұзылуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
9. |
Осы статистикалық нысанға 2-қосымшаға сәйкес Жарақат түрлерінің тізбесіне сәйкес жарақат түрінің кодын көрсетіңіз | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
10. |
Осы статистикалық нысанға 3-қосымшаға сәйкес Дененің зақымданған мүшелерінің тізбесіне сәйкес жарақаттанған дене мүшелерінің кодын көрсетіңіз | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
11. |
Кәсіптік ауру түрінің тиісті кодын белгілеңіз | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
12. |
Осы статистикалық нысанға 4-қосымшаға сәйкес Жазатайым оқиғаға әкеп соққан оқиға түрлерінің тізбесіне сәйкес оқиға түрінің кодын көрсетіңіз | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
13. |
Осы статистикалық нысанға 5-қосымшаға сәйкес Жазатайым оқиға себептерінің тізбесіне сәйкес жазатайым оқиға себебінің кодын көрсетіңіз | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
14. |
Осы статистикалық нысанға 6-қосымшаға сәйкес зардап шегуші жарақатының ауыртпалық дәрежесінің кодын көрсетіңіз | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
15. |
Еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан күнтізбелік адам-күндерінің саны | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
16. |
Еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жұмыс адам-күндерінің саны | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
17. |
Жазатайым оқиғаның материалдық зардаптары: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
17.1. |
Еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парағы бойынша төленді, мың теңге | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
17.2. |
Басқа жұмысқа ауыстырғанда бұрынғы табысқа дейінгі қосымша төлемдердің сомасы, мың теңге | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
17.3. |
Біржолғы жәрдемақылар төленді, мың теңге | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
18. |
Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақытты көрсетіңіз, сағатпен (қажеттiсiн қоршаңыз) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 сағатқа дейiн | 1 – 2 | 2 – 4 | 4 – 8 | 8 – 40 |
40 сағаттан артық |
АтауыНаименование ________________________________________________
Мекенжайы Адрес __________________________________________________
Телефоны (респонденттің) ___________________________________________
Телефон (респондента) стационарлық ұялыстационарный мобильный
Электрондық пошта мекенжайы (респонденттің)Адрес электронной почты (респондента) _________________________________________
ОрындаушыИсполнитель __________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны (орындаушының)фамилия, имя и отчество (при его наличии подпись, телефон (исполнителя)
Бас бухгалтер немесе оның міндетін атқарушы тұлға Главный бухгалтер или лицо, исполняющий его обязанности _____________________________________ ____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолыфамилия, имя и отчество
(при его наличии) подпись
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности _____________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолыфамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Жұмыстардың үлкейтілген топтарының, шағын топтарының, құрамалы және базалық топтарының тізбесі*
Коды | Атауы |
1 | Басшылар және мемлекеттік қызметшілер |
2 | Кәсіби мамандар |
3 | Техник мамандар және басқа да кәсіби көмекші персонал |
4 | Әкімшілендіру саласындағы қызметшілер |
5 | Көрсетілетін қызметтер және сауда-саттық саласының қызметкерлері |
6 | Фермерлер және ауыл мен орман шаруашылығының, балық шаруашылығының және балық аулау жұмысшылары |
7 | Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары |
71 | Құрылысшы-монтажшылар, құрылысшы-әрлеушілер, сылақшылар және электриктерден басқа, тектес қызметтердің жұмысшылары |
72 | Металл өңдеу, жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі және электриктерден басқа, тектес қызметтердің жұмысшылары |
73 | Қолөнершілер, дәл (жоғары дәлдіктегі) құрал-саймандар, полиграфия және картография жөніндегі жұмысшылар |
74 | Электрика, электроника және телекоммуникациялар жөніндегі жұмысшылар |
75 | Ауыл, орман және балық шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу және олардан өнім шығару жөніндегі жұмысшылар және тектес қызметтердің жұмысшылары |
8 | Өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылары және жүргізушілері |
81 | Өндірістік стационалық жабдық операторлары |
82 | Бұйымдарды құрастырушылар мен сынаушылар |
83 | Қозғалмалы жабдықтардың жүргізушілері мен операторлары |
9 | Біліктілігі жоқ жұмысшылар |
91 | Тазалаушылар және үй қызметшісі |
92 | Ауыл және орман шаруашылығы, балық өсіру және балық аулау шаруашылығының біліктілігі жоқ жұмысшылары |
93 | Өнеркәсіп, құрылыс және тасымалдаудың біліктілігі жоқ жұмысшылары |
94 | Тез дайындалатын тағам дайындаушылар және тазалаушылардан басқа, қоғамдық тамақтану орындарының біліктілігі жоқ жұмысшылары |
х | Басқа топтарға кірмейтін жұмыскерлер |
х1000 | Құқық қорғау органдарының қызметшілері |
х2000 | Арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері |
х3000 | Әскери қызметшілер |
х4000 | Кәсібінің деректерін толық ұсынбайтын жұмыскерлер |
х5000 | Кәсіптерін ұсынбайтын жұмыскерлер |
Ескертпе: |
"Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік | |
аурулар туралы есеп" | |
(индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) | |
статистикалық нысанына | |
2-қосымша |
Жарақат түрлерінің тізбесі*
Коды | Сипаттама |
T0001 | Сыртқы жарақат (тырналу, су көпіршігі (термиялық емес), соғып алу, сыртқы бөтен денеден жарақаттану, (үлкен ашық жараларсыз), жәндіктердің шағып алуы (улы емес) ** |
T01 | Дененің бірнеше бөліктеріне жайылған ашық жарақат (соның ішінде кесілген, жұлынған, басқа денеге қадалған жарақат, шағып алу, қауып алу) |
S0001 | Жабық сынықтар** |
S0002 | Ашық сынықтар** |
S0009 | Басқа сынықтар (шығып кетумен, ығысумен) ** |
T143 | Дененің анықталмаған бөлігінің қаптамалы-байламалық аппаратының шығуы, созылуы және оған артық күш тусуі |
T058 | Әртүрлі комбинацияларда дененің басқа мүшелерін қамтитын травматикалық отау |
T0002 | Шайқалудан болған жарақаттар және ішкі ағзалардың жарақаттары (соның ішінде жарылыс толқынынан, қанталаудан, шайқалудан, мылжаланған, шабылғаннан болған жарақаттар, қанды ісік жарақаты, тесілген жарылған және ішкі ағзалардың тесілуі) ** |
T0003 | Күйіктер (термиялық) (электр қыздырғыш приборлардан, электр тогынан, жалыннан, үйкелуден, ыстық ауадан және ыстық газдан, ыстық заттардан, найзағайдан, радиациядан болған) ** |
T0004 | Химиялық күйіктер** |
T0005 | Ыстық сұйықтықтан және будан болған күйіктер** |
T0006 | Үсу** |
T0007 | Жіті улану (кері әсерлер, инъекцияға тез реакция, улы, іріп-шіріген және каустикалық заттарды жұту, сору немесе дем алу; улы сұйықтықтармен байланыстағы удың әсерін қосқанда) ** |
A0001 | Инфекциялар, соның ішінде жұқпалы ішек аурулары, кейбір зооноздар, паразиттік аурулар, вирустық жұқпалар, микоздар) ** |
J0001 | Радиацияның күшті әсері** |
T67 | Жоғары температура мен жарық ықпалының әсерлері |
T68 | Гипотермия |
T70 | Атмосфера қысымы мен су қысымының әсері |
T71 | Тұншығу |
T74 | Қатыгез қарау синдромы |
T750 | Найзағайдан зақымдану |
T751 | Суға бату және батудан өлмеу |
T752 | Дірілдің әсері (бірден естімей қалуды қоса алғанда) |
T754 | Электр тогының әсері (электр тогымен өлімші болып зақымдану, электр тогынан болған шок) |
T0098 | Бірқатар басқа да жарақаттар** |
T0099 | Анықталмаған жарақат түрі** |
Ескертпе: |
"Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік | |
аурулар туралы есеп" | |
(индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) | |
статистикалық нысанына | |
3-қосымша |
Дененің зақымданған мүшелерінің тізбесі
Коды | Атауы |
A1 | Бастың шаш бөлігі, бас сүйек, ми, бас сүйек нервтері және қан тамырлары |
А2 | Құлақ (құлақтар) |
АЗ | Көз (көздер) |
А4 | Тіс, тістер |
А5 | Беттің басқа да белгіленген мүшелері |
А6 | Бас, бастың көптеген зақымдары |
А7 | Бас, бастың басқа бөлімдерде көрсетілмеген басқа да белгіленген мүшелері |
А8 | Бас, анықталмаған бөлігі |
B1 | Мойынның артқы бөлігі және бұғананың үстіңгі жағы |
В8 | Мойын, оның басқа бөлімдерде көрсетілмеген басқа да анықталған мүшелері |
В9 | Мойын, анықталмаған бөлігі |
C1 | Омыртқа және омыртқалар |
С8 | Арқа, оның басқа бөлімдерде көрсетілмеген басқа да анықталған мүшелері |
С9 | Арқа, анықталмаған бөлігі |
D1 | Кеуде клеткасы (қабырға, соның ішінде төс және омыртқаның кеуде бөлігі) |
D2 | Кеуде клеткасының басқа бөліктері, соның ішінде ішкі ағзалар |
D3 | Жамбас пен іштің төменгі бөлігі, соның ішінде ішкі ағзалар |
D4 | Сыртқы жыныс мүшелері |
D7 | Дене, оның көптеген бөліктерін зақымдау |
D8 | Дене, оның басқа бөлімдерде көрсетілмеген басқа да анықталған мүшелері |
D9 | Дене және анықталмаған ішкі ағзалар |
E1 | Иық және иықтың жігі |
Е2 | Қол, соның ішінде шынтақ |
ЕЗ | Білезік |
Е4 | Қолдың басы |
Е5 | Қол басының үлкен саусағы |
Е6 | Басқа саусақ (басқа саусақтар) |
Е7 | Қолдар, оның көптеген бөліктерін зақымдау |
Е8 | Қолдар, оның басқа бөлімдерде көрсетілмеген басқа да анықталған мүшелері |
Е9 | Қолдар, анықталмаған |
F1 | Сан және ұршық буыны |
F2 | Тобық, соның ішінде тізе |
F3 | Тобық буыны |
F4 | Табан |
F5 | Табан башпайы (табан башпайлары) |
F6 | Аяқтар, оның көптеген бөліктерін зақымдау |
F7 | Аяқтар, оның басқа бөлімдерде көрсетілмеген басқа да анықталған мүшелері |
F8 | Аяқтар, анықталмаған |
G1 | Жалпы әсері (мысалы, улану немесе жұқпалардан) |
G8 | Дененің көптеген бөліктерін зақымдау |
Y | Басқа да зақымданған дене мүшелері |
Z | Анықталмаған зақымданған дене мүшесі |
"Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік | |
аурулар туралы есеп" | |
(индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) | |
статистикалық нысанына | |
4-қосымша |
Жазатайым оқиғаға әкеп соққан оқиға түрлерінің тізбесі*
Коды | Атауы |
1 | Ұйымның көлігінде болған жол-көлік оқиғасы |
2 | Қоғамдық көлікте болған жол-көлік оқиғасы |
3 | Жеке меншік көлікте болған жол-көлік оқиғасы |
4 | Теміржол көлік оқиғасы |
5 | Әуежол көлік оқиғасы |
6 | Сужол көлік оқиғасы |
7 | Зардап шегушінің құлауы |
8 | Зардап шегушінің биіктен құлауы |
9 | Заттардың, материалдардың, жердің және құлауы, қирауы, опырылуы |
10 | Қозғалып жүрген, ұшып жүрген, айналмалы заттар мен бөлшектердің әсері |
11 | Электр тоғымен зақымдану |
12 | Шектен тыс температуралардың әсері (өрт) |
13 | Зиянды және қауіпті өндірістік факторлар мен заттардың әсері |
14 | Иондаушы сәулелердің әсері |
15 | Шамадан тыс жүктемелер |
16 | Жануарлармен және жәндіктермен жанасу нәтижесіндегі зақымдану |
17 | Суға бату |
18 | Кісі өлтіру немесе денесіне зақым келтіру |
19 | Сұрапыл зілзала кезінде зақымдану |
20 | Кәсіби ауыру және улану |
99 | Оқиғалардың басқа түрі |
Ескертпе: |
"Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік | |
аурулар туралы есеп" | |
(индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) | |
статистикалық нысанына | |
5-қосымша |
Жазатайым оқиға себептерінің тізбесі*
Коды | Атауы |
1 | Жұмыс аймағындағы ауаның шамадан тыс тозаңдануы мен газдануы |
2 | Шудың жоғары деңгейі |
3 | Тербелістің жоғары деңгейі |
4 | Иондаушы сәулелердің жоғары деңгейі |
5 | Жұқпалы ауру көздерімен қарым-қатынас (аурудың атауы көрсетіледі) |
6 | Шамадан артық жүктің адам организміне әсері |
7 | Машиналар, тетіктер және жабдықтардың құрылысындағы кемшіліктер |
8 | Ақаулы машиналарды, тетіктерді және жабдықтарды пайдалану |
9 | Технологиялық процестердің бұзылуы |
10 | Көлік құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының бұзылуы |
11 | Автожол қозғалысы ережелерінің бұзылуы |
12 | Теміржол қозғалысы ережелерінің бұзылуы |
13 | Әуежол қозғалысы ережелерінің бұзылуы |
14 | Сужол қозғалысы ережелерінің бұзылуы |
15 | Авариялар |
16 | Жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы |
17 | Ғимараттардың, құрылыстардың техникалық қанағаттанғысыз жай-күйі, аумақтардың ұсталуы, жұмыс орындарының ұйымдастырылуындағы кемшіліктер |
18 | Еңбек қауіпсіздігі тәсілдерін оқытудағы кемшіліктер |
19 | Жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеуі немесе қолданбауы |
20 | Ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеуі |
21 | Еңбек және өндіріс тәртіптерін бұзу |
22 | Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу |
23 | Белгіленген еңбек режимін бұзу |
24 | Зардап шегушінің өрескел абайсыздығы |
99 | Өзге де |
Ескертпе: |
"Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік | |
аурулар туралы есеп" | |
(индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) | |
статистикалық нысанына | |
6-қосымша |
Зардап шегушінің жарақат ауыртпалығының дәрежесі*
Коды | Атауы |
1 | Жеңіл жарақат |
2 | Орташа жарақат |
3 | Ауыр жарақат |
4 | Қайтыс (қаза) болды |
Ескертпе: |
Басшысының | |
2021 жылғы 26 тамыздағы | |
№ 15 бұйрығына | |
3-қосымша | |
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика | |
министрлігінің Статистика | |
комитеті төрағасының | |
2020 жылғы 30 қаңтардағы | |
№ 12 бұйрығына | |
8-қосымша |
"Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп" (индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы "Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп" (индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп" (индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.
2. Осы нұсқаулықта Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға – өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің не қабылдаушы тараптың тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскердің, жіберуші тарап жұмыскерінің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан олардың еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге, жіберуші тараптың жұмыскеріне әсер етуі;
2) кәсіптік ауру – жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;
3) өндірістік жарақат – жұмыскердің еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттіліктен айырылуына әкеп соққан денсаулығының зақымдануы.
3. Статистикалық нысан Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу" 20-тарауының "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау" 4-бөліміне және "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығына сәйкес толтырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12655 болып тіркелген).
Өлімге әкеліп соқтырған өндірістік жарақат осы жарақаттың себебі болған өндірістегі жазатайым оқиға күнінен бастап бір жыл ішінде өлімге әкеліп соқтырған өндірістік жарақат ретінде өлшенеді.
Статистикалық нысанға өндірісте жұмысшылармен, қызметшілермен, олар бойынша Еңбек кодексіне сәйкес жазатайым оқиға тіркелген барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда тәжірибеден өтуі немесе жұмыстарды орындауы кезінде оқушылармен және студенттермен болған жазатайым оқиғалар туралы деректер кіреді.
Есепке алуға жұмыс берушілермен еңбек қатынастарында болған қызметкерлермен еңбек міндеттемелерін орындау үдерісінде жазатайым оқиға немесе денсаулыққа өзге де кері әсер ету нәтижесінде болған, ағымдағы жылы тексеріс жүргізілген барлық жарақаттар, кәсіби сырқаттар, уланулар және денсаулыққа өзге де кері әсер етулер жатады.
Тергеп-тексеру барысында алкогольден немесе есірткіден масаю жағдайында өз денсаулығына қасақана зиян келтірген деп белгіленген, жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсеріне қатысты емес зардап шегушінің денсаулығының кенеттен нашарлауы нәтижесіндегі еңбек қызметімен байланысты емес жарақаттар және қызметкер денсаулығының өзге де зақымданулары өндірістік (кәсіптік) ауру болып ресімделмейді.
4. 1-сұрақта заңды тұлғаның (бөлімшенің) (оның тіркелген жеріне қарамастан) нақты орналасқан орны – облыс, қала, аудан, елді мекен, сондай-ақ Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес заңды тұлғаның (бөлімшенің) экономикалық қызметінің нақты жүзеге асырылатын негізгі түрінің коды мен атауы көрсетіледі.
2.1-сұрақта жазатайым оқиға (кәсіптік ауру, улану) актісінің нөмірі қойылады;
2.2-сұрақта жазатайым оқиғаның (кәсіптік аурудың, уланудың) күні көрсетіледі.
3-сұрақта зардап шегушінің жынысы, 4-сұрақта жарақат алу сәтіндегі зардап шегушінің жасы (толық жасының саны) көрсетіледі.
5-сұрақта осы статистикалық нысанға 1-қосымшада көрсетілген Қызметтердің ұлттық жіктеуішінен зардап шегушінің мәртебесі келтіріледі.
6-сұрақта Еңбек кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс ауысымды болған-болмағаны жайлы көрсетіледі. "Жоқ" жауабын көрсеткен жағдайда 7-сұрақ толтырылмайды.
7-сұрақта Еңбек Кодексінің 71-бабының 5-тармағына сәйкес (бөлім ауысымдық жұмыс кезінде толтырылады) жазатайым оқиға болған ауысым көрсетіледі.
8-сұрақта сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша жазатайым оқиға сәтіндегі науқастың денсаулық жағдайы толтырылады.
9-сұрақта жарақат түрінің коды көрсетіледі. Осы жіктелім осы статистикалық нысанға 2-қосымшада келтірілген Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктеуішіне (бұдан әрі – АХЖ-10) негізделген. (жарақат түрі – жабық сынық – коды – S0001). Көптеген жарақат болған жағдайда 5 кодқа дейін толтыру көзделген.
10-сұрақта осы статистикалық нысанға 3-қосымшада келтірілген АХЖ-10 негізінде зардап шеккен дене мүшесінің коды (дененің бірнеше бөлігі зардап шеккен жағдайда 5 кодқа дейін толтыру көзделген) көрсетіледі.
11-сұрақта кәсіптік ауру түрінің коды көрсетіледі. Өндірістегі ауыр кәсіптік ауру мен улану жағдайы "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығына сәйкес аталған нысан бойынша жүргізілген материалдар негізінде Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актімен ресімделеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12655 болып тіркелген) (бірнеше кәсіби ауру болған жағдайда 5 кодқа дейін толтыру көзделген).
12-сұрақта осы статистикалық нысанға 4-қосымшада көрсетілген оқиғалар түрлері тізбесінің коды көрсетіледі (оқиға түрі – электр тогымен зақымдану – коды 11).
13-сұрақта осы статистикалық нысанға 5-қосымшада келтірілген жазатайым оқиға себептері тізбесінің коды көрсетіледі (жазатайым оқиғаның себебі - еңбектің қауіпсіздігі тәсілдеріне оқытудағы кемшіліктер – коды 18).
14-сұрақта осы статистикалық нысанға 6-қосымшада көрсетілген зардап шегуші жарақатының ауыртпалық дәрежесінің коды көрсетіледі (ауыртпалық деңгейі – орташа – коды 2). Адам өліміне әкелген жағдайларды қоспағанда кәсіптік аурулардан зардап шеккендер бойынша бұл сұрақ толтырылмайды.
15 және 16-сұрақтарда көрсетілген жоғалған уақыт еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалтуға әкеп соғатын өндірістік жарақаттың әрбір жағдайы бойынша жеке өлшенеді.
Осы жарақаттың жұмыс күндеріндегі де ауыртпалығын бағалау үшін ол зардап шеккен адамның уақытша еңбекке жарамсыз болған күнтізбелік күндерінің саны ретінде өлшенеді.
Жоғалған уақыт жазатайым оқиға болған күннен кейінгі бірінші күннен бастап жұмыс орнына оралған күннің алдындағы күнге дейін өлшенеді. Нақты өндірістік жарақат салдарынан жұмыста қайтадан болмаған жағдайда, әрбір кезең жоғарыда көрсетілгенге сәйкес өлшенеді, ал әрбір кезеңдегі жоғалтқан күндердің саны осы жарақаттың нәтижесінде жоғалтқан уақыттың жалпы санына қосылады. Жұмыста уақытша болмаған уақыт, егер ол емделу себебіне байланысты бір күннен аспаса, онда ол жоғалған уақытқа қосылмайды.
Бір және оданда көп күнге еңбекке қабілетін жоғалтумен жазатайым оқиғаның материалдық зардаптары (адам өліміне әкеліп соқтырған жазатайым оқиғаның материалдық зардаптарын қосқанда) 17.1, 17.2, 17.3-жолдар бойынша көрсетіледі. Егер зардап шегушінің уақытша еңбекке жарамсыздығы алдыңғы жылдың соңынан бастап созылса, онда мұндай жағдайда есепті жылдағы еңбекке жарамсыз (күнтізбелік және жұмыс) күндері мен (жазатайым оқиғаны сәйкестендіру үшін), кезеңдегі материалдық зардаптары тек бірінші жолға толтырылады.
5. Осы статистикалық нысанды ұсыну электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электрондық түрде толтыру Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында (https://cabinet.stat.gov.kz/) орналастырылған "Респонденттің кабинеті" арқылы он-лайн режимде жүзеге асырылады.