"Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 қарашадағы № 1128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 қарашада № 24998 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16437 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 2) тармақшасына (бұдан әрі – Салық кодексі) және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және мыналарды:

      1) алу, есепке алу, сақтау, беру тәртібін:

      темекі өнімдерін өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасының аумағына темекі өнімдерін импорттайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалардың (бұдан әрі – импорттаушы), борышкердің мүлкін (активтерін) өткізу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың темекі өнімдеріне акциздік маркаларды (бұдан әрі – акциздік маркалар бойынша көрсетілетін қызметті алушы);

      алкоголь өнімін (шарап материалдарын, сыра және сыра сусындарын қоспағанда) (бұдан әрі – алкоголь өнімі) өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімін импорттайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалардың, борышкердің мүлкін (активтерін) өткізу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың алкоголь өніміне есепке алу-бақылау маркаларын (бұдан әрі – ЕБМ) (бұдан әрі – ЕБМ бойынша көрсетілетін қызметті алушы);

      2) Қазақстан Республикасына алкоголь өнімінің импорттауын жүзеге асыратын тұлғаның Салық кодексінің 172-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін (бұдан әрі – міндеттеме), импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде ЕБМ нысаналы пайдалану туралы есебін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер органдарына (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органы) ұсыну тәртібін айқындайды.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өнімін таңбалау үшін ЕБМ алуға арналған өтінішті ұсынған кезде ЕБМ көрсетілетін қызметті алушысы:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемені;

      міндеттеменің орындалуын растайтын құжатты (төлем құжаты, банк кепілдігі, кепілгерлік шарты, мүлікті кепілге қою шарты).

      Бұл ретте, ЕБМ беру үшін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер берешегінің болмауы міндетті шарт болып табылады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қазақстан Республикасында өндірілетін алкоголь өнімін таңбалау үшін көрсетілетін қызметті алушыға ЕБМ беруді көрсетілген қызметті беруші ЕБМ жапсырылған штрих-кодпен және ЕБМ алуға арналған өтінішке ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын байланыстыруды жүзеге асырумен ЕБМ алуға арналған өтініштерді мемлекеттік кірістер органы растаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өнімін таңбалау үшін көрсетілетін қызметті алушыға ЕБМ беруді көрсетілген қызметті беруші ЕБМ жапсырылған штрих-кодпен және ЕБМ алуға арналған өтінішке ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын байланыстыруды жүзеге асырумен ЕБМ алуға арналған өтініштерді мемлекеттік кірістер органы растаған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүргізеді.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Көрсетілетін қызметті алушы ЕБМ немесе акциздік маркалардың есепке алуын "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес жүзеге асырады.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Алкоголь өнімдерін ЕБМ-мен, темекі өнімдерін акциздік маркалармен таңбалау "Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16444 болып тіркелген) бұза отырып жүргізілген жағдайларда да ЕБМ және акциздік маркалар мемлекеттік кірістер органына қайтарылуы тиіс. Бұл ретте ЕБМ немесе акциздік маркалар үшін төленген ақшалай қаражат қайтарылмайды.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым кімнің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған Көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылданған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1, 2 және 3-қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маракаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін есепке алу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және импорттаушылардың мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін есепке алу тәртібін айқындайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Импорттаушыға шоттан Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету сомасын қайтару үшін мемлекеттік кірістер орган екі данада аумақтық казынашылық органдарына:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем тапсырмаларының тізілімін;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14419 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем тапсырмасын ұсынады.

      Төлем тапсырмасы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Міндеттемені қамтамасыз ету сомасын қайтаруға төлем тапсырмаларын тіркеу журналында ақпараттық жүйе арқылы тіркеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 1 қарашадағы
№ 1128 бұйрығына қосымша
  Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке
алу, сақтау, беру және
импорттаушылардың Қазақстан
Республикасына алкоголь өнімін
импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы
пайдалану туралы
міндеттемесін, есебін ұсыну
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      ______________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      ______________________________

      (мемлекеттік кірістер органы
басшысының Т.А.Ә
(ол болған кезде)

      Тіркеу № ____ ____ж. __________
(мемлекеттік кірістер органы толтырады)

Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі

      _______________________________________________________________________
(импорттаушының атауы, БСН*, заңды мекенжайы, банк деректемелері)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабының 7-тармағына сәйкес, міндеттемені мынадай тәсілде қамтамасыз етуді жүзеге асыруға

      ________________________________________________________________________
(төлем құжаты, банк кепілдігі, кепілгерлік шарты, мүлікті кепілге қою шарты)

      _________________________ №____________________________________________

      (қамтамасыз ету тәсілінің күні) (қамтамасыз ету тәсілінің нөмірі)

      _________________________________теңге мөлшерінде

      есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалануға, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде алкоголь өніміне жапсыруы үшін есепке алу-бақылау маркаларын әкетуді жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының аумағына белгіленген тәртіпте есепке алу-бақылау маркаларымен таңбаланған алкоголь өнімін әкелуді және оны межелі жеріне жеткізуді жүзеге асыруға, бүлінген және (немесе) пайдаланылмаған есепке алу-бақылау маркаларын берген мемлекеттік кірістер органына қайтаруға, импортталған алкоголь өнімі бойынша жанама салықтарды төлеуге, мемлекеттік кірістер органына белгіленген мерзімде импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы есебін ұсынуға міндеттенеді.

      Жоғарыда көрсетілген әрекеттер орындалмаған жағдайда, осы Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету сомасы болып табылатын ақшаны, міндеттемелерді қамтамасыз ету сомасын мемлекеттік кірістер органы мемлекеттік бюджет кірісіне аударады.

      20 __ жылғы "____" ___________

      Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын оқыдым.

      Алушы 20____ жылғы "____" ______ сағат 00:00-де қол қойды және жіберілді

      ЭЦҚ-дан деректер

      ЭЦҚ-мен қол қойылған күні және уақыты

      Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:

      Т.А.Ә. (ол болған кезде) – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЕБМ – есепке алу-бақылау маркасы;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

  Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке
алу, сақтау, беру және
импорттаушылардың Қазақстан
Республикасына алкоголь өнімін
импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы
пайдалану туралы
міндеттемесін, есебін ұсыну
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

"Алкоголь өніміне (шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда) есепке алу-бақылау маркаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші "Есепке алу-бақылау маркаларды, акциздік маркаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүзеге асырады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
Қазақстан Республикасында өндірілетін алкоголь өнімін таңбалау үшін шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау маркаларына (бұдан әрі – ЕБМ) жапсырылған штрих-кодпен және есепке алу-бақылау маркаларын алуға өтінішке ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын жалғауды жүзеге асырумен есепке алу-бақылау маркаларын алуға өтініштерді мемлекеттік кірістер органы растаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өнімін таңбалау үшін көрсетілетін қызметті алушыға ЕБМ беруді көрсетілген қызметті беруші ЕБМ жапсырылған штрих-кодпен және ЕБМ алуға арналған өтінішке ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын байланыстыруды жүзеге асырумен ЕБМ алуға арналған өтініштерді мемлекеттік кірістер органы растаған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүргізеді.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ЕБМ жапсырылған штрих-кодпен және ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын байланыстыруды жүзеге асырумен ЕБМ беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

6

Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері, және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00–ден 14.30–ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00–ден 18.30–ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) ақпараттық жүйе – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) ақпараттық жүйе арқылы осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес алкоголь өніміне ЕБМ жасауға арналған өтінімдер (бұдан әрі – өтінімдер) – жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;
2) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі;
3) осы Қағидаларға 6, 7 немесе 8, 9-қосымшаларға сәйкес ЕБМ алуға арналған өтініш – ақпараттық жүйе арқылы алкоголь өніміне ЕБМ алу мақсатында;
4) импорттау кезінде:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемені;
міндеттеменің орындалуын растайтын құжатты (төлем құжаты, банк кепілдігі, кепілгерлік шарты, мүлікті кепілге қою шарты).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:
өтініштерге осы Қағидалардың 18 және 20-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған;
акциздердің сомасы толық төленбеген кезде негіздеме болып табылады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған – www.pbf.kz.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік қызметтерді ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жетімділік режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8800080777 арқылы ала алады.

  Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларына
  3-қосымша
  Нысан

"Темекі өнімдеріне акциздік маркалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші "Есепке алу-бақылау маркаларды, акциздік маркаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүзеге асырады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
акциздік маркалардың көрсетілетін қызметті алушыларына акциздік маркалар беруді көрсетілген қызметті беруші акциздік маркаларды алуға арналған өтініштерді мемлекеттік кірістер органы растаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) алдағы жылға арналған өтінімдерді келісу;
2) акциздік маркаларды және жүкқұжатты беру.

6

Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері, және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00–ден 14.30–ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00–ден 18.30–ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) ақпараттық жүйе – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:
1) ақпараттық жүйе арқылы осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес темекі өнімдеріне арналған акциздік маркаларды жасауға өтінімдер (бұдан әрі – өтінімдер) – жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;
2) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес акциздік маркаларды алуға арналған өтініш;
3) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:
өтініштерге осы Қағидалардың 44-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған;
акциздердің сомасы (өндірілетін темекі өнімдеріне акциздер төлеуді қоспағанда) толық төленбеген кезде негіздеме болып табылады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған – www.pbf.kz.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік қызметтерді ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жетімділік режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8800080777 арқылы ала алады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады